«Дария кеуде,тау м?сін, ?арттарым аман- саумысы??»


Дөңгелек үстел «Жанымды жегідей жеп қарттар үйі»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Оқушылар!
Алдымен сүй ардақта ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ата-ананың жасалады,- демекші ата- анасыз өмір жоқ.
Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың»деген сөз бар.Бұл ата – ана еңбегінің өлшеусіз екендігін көрсетеді.Өкінішке қарай,өзін мына жарық дүниеге әкеліп,ақ сүтін емізіп, түн ұйқысын төрт бөліп,сәбиін тербетіп,таң атқызған анасын, мойнына мінгізіп еркелетіп,баласының бақытты игілігі үшін бар күш-қуатын арнаған әкесін ұмытып қартайған шағында өмір тәлкегіне лақтырып кеткен қатігез жандардың істері жайлы экраннан көріп өттік.Осы тақырыпта ой-пікірімізді ортаға салмақ «Жанымды жегідей жеді қарттар үйі» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер! Ендеше,көңілімізді құлазытып,жүрегімізге ауыр зіл тастаған бейнеролик жайлы не айтар едіңіздер?.
Арайлым: Жаратқаннан жалбарынып жүріп тілеп алған баласы ержеткеннен соң асыл қазына
әке- шешесін қарттар үйіне өткізіп жатқаны қандай өкінішті.Өйткені әр пенде ата-анасы тіпті
қартайып,аяқ-қолынан әл кеткен кезде де оған «Ишщай» деуге де қақысы жоқ екен.Имандылық
қағидалары бойынша ата-ана ризашылығын алмаған балаға жәннаттың есігі жабық дейді.
Құралай: Бұл күнде «Қарттар үйі» деген сөз «Ардагерлер үй » деген атауымен өзгертілген.
Әрине «Ардагерлер үйі» жүрекке жылы естіледі.Алайда, аты өзгертілгенмен,сипаты өзгермегенін жаңағы сюжеттерден біліп отырмыз.Мұнда көбінесе нашақор баласынан қашып, қалған өмірін тыныш өткізгісі келгендер мен қабағынан кірбің арылмаған келіндеріменсыймаған қарттар келеді екен.Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек,елімізде 67 қарттар үйі тіркеліп, онда 12 мың адам тұрып жатыр.Әрі бұл көрсеткіш күннен-күнге өсуде.Ата-анаға не істесең,алдыңа сол келеді,дүние кезек.Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың.
Ата-ананы бүгіннен бастап сыйласаң қартайғанда біздің ұрпағымыз өзімізді құрметтеп өтетіні кәміл емес пе?
Рыс: Дұрыс айтасың, әке-шеше әр адамға қымбат қазына.Сол қазынаға біреудің қолы жетпей жүрсе,біреулер сол қазынаның қадіріне жете алмай жүр.Қартайғанда баламның қызығын көрсем деп әке-шешесі баласы үшін не істемейді? Ал сол бала кейін әйелінің айтқанынан шыға алмай түрлі себептермен әке- шешесін «Мен көршісі едім» деп әкеліп тастайтындар да кездеседі.Бұл ұятсыздар зейнетақы түсер уақытта келіп, өлместің күнін кешіп жүрген әке- шешесінің азғантай тиін-тебенін де алып жатады.Біз өмір сүріп отырған қоғамда қатігез жандар бары қандай өкінішті!?.
Маусымжан: Қазақта «Төріңнен қарт кетпесін» деген дана сөз бар.Жасы үлкенге құрмет ету,қарттың бүгілген беліне сүйеу болу –біздің ата-дәстүріміз.Өкінішке орай, бүгінгі таңда бұл ата-дәстүрімізді белінен баып,туған ата-анасының көздерін жәудіретіп қойған безбүйрек жандардың ісін көріп, жағамызды ұстап жатамыз. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген әке-шешенің не жазығы бар деймін?!
Манар: Әрине, ойларыңды түсіндік.Жанды тітіркендірер,жүректі ауыртар «Қарттар үйі» деген атау бұрын қазақта да,түркі халықтарында да болмаған.Өркениеті дамыған XI ғасыр өзімен бірге осындай жаман дертті ала келді.Бұған кім кінәлі? Қазіргі адамдардың құндылықтарын өзгерткен нарық заманы ма,әлде қоғам ба? Әлде мүмкін қызмет,жұмыс деп жүріп өз баласына дұрыс қарай алмаған,дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ананың өзі кінәлі ме?
Әлде атасыз үй - батасыз,анасыз үй – панасыз қалса да,жалтыраған байлықтың артында жүрген ұрпақ кінәлі ме? Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әліппия: Менің ойымша, бұған бүгінгі қоғам кінәлі.Бұрын «Қарттар үйі», «Жетімдер үйі»деген атау қазақ қоғамы үшін жат еді. «Жаман әдет жұққыш келеді» демекші батысқа еліктеген біздің елде өткен ғасырдың 50 -60 жылдары еңбекке жарамсыз, қамқорсыз қалған жандарға арналып интернат салына басталды. Жыл өте келе,бұл үйлерге бала-шағасына керексіз боп қалған қариялар да алына бастады.Неге біздің қоғам бұл келеңсіздіктің алдын ерте алмады? Сол аты өшкір «Қарттар үйі» деген жерді мемлекетіміз жауып тастап, әр адамға ата-анасын бағуға міндетті деп талап қойып, Қ.Р. заңына енгізсе, бұл қоғамда қарттарымыз жапа шекпес еді деп ойлаймын.
Арайлым: Мұның ойымша,бұған ата-ананың өзі кінәлі.Халық «Не ексең,соны орасың» деп бекерден бекер айтпаса керек.Қазіргі адамдарға ұлттық тәрбие,имандылық,адамгершілік құндылықтары жетіспейді.Оны беретін ата-ана күні-түні жұмыста,қызмет бабымен бала тәрбиесін ұмытып жатады.Бар тапқан-таянғанын жинап баласына қымбат телефон мен көлік әперіп-ақ тәрбие беріп жатырмын деп ойлайды. Қазіргі таңда адамдар арасында баласын шетелге оқытып,дүркіретіп той жасау бәсекеге айналған.Айтқаны орындалып арманы жүзеге асып жатқан бүгінгі заман жастары бұл бақытқа қалай қолы жеткенін ұмытып,ойына келгенін жасайтыны анық.Бала тәрбиесінда қате жіберген ата- ана осылай бармағын тістеп қалғанын кімнен көреді.
Құралай: Мен бұл пікірмен келіспеймін.Кез келген ата-ана баласының бақытты өмір сүргенін қалайды.Өмір нәрін сыйлап,өзіндік тәрбиесімен сусындатқан ата-ананың алдындағы басты міндет –оны жасы келгенде құрмет пен қарап; ренішін келтірер іс істемеуді ешкім де ұмытпауы керек.Әр адам ата-анасын «қазынам» деп бағалап,аялап бақса қоғамда бұндай келеңсіздік болмас еді.
Жүргізуші: Әрқайсыларың өз ойларыңды жақсы айтып өттіңдер.Елімізде қарттар үйінің көбейіп,тастанды қариялардың саны артпау үшін не істеуге болады?
Маусымжан: Менің ойымша, қоғам дұрысталуы керек.Мектептермен жоғары оқу орындарында,тіпті мекемелерде осы тақырыптарда жиі лекциялар оқылып,тәрбиелік маңызы бар шараларды жиі ұйымдастыруға болады.Телеарналарда ұлттық тәрбиені шақыштайтын «Айтуға оңай» секілді бағдарламалар ашылып қоғамдық орталықтарда ата-ананы құрметтеуді сипаттайтын хадистер мен даналық сөздердің жазылып немесе жиі айтылуы бұл келеңсіздікке аз да болса тосқауыл болар еді.
Құралай: Әрине,қоғам түзелмей адам түзелмейді.Десек те әр ата-ана бала тәрбиесінде қателікке жол бермеуі тиіс.Бүгінгі бала-ертең сені бағар азамат екенін ұмытпағанымыз абзал.

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай
Ниеті ақ,пейілі кең даладай
Кімге болса қарттық жетер аяңдап
Мәпелеп қарт біткенді аялай дей келе ашық тәрбие сағатымызды
қорытындылау сөз кезегін сынып жетекшіміз Сән апайға береміз.
Бүгінгі жас,ертеңгі – қария.Мұны әрбір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп,атасыз үйлері – батасыз,анасыз – үйлері панасыз қалатынын ескерген жөн.
Қарттарымыз бағасыз байлық,төрімізде отыруының өзі бір бақыт.
Демеуова Сан Тіркешқызы
Ақжігіт орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.
Маңғыстау обылысы,
Бейнеу ауданы,
Ақжігіт селосы.