Биология п?нінен саба? ?осмекенділерді? к?пт?рлілігі


Ашық сабақ
Өткізді: биология пәнінің мұғалімі Ш.М.Кожакова
Ақкемер орта мектебі
Сыныбы: 7а пәні: биологиякүні:24.02.14
Сабақтың тақырыбы:
Қосмекенділердің көптүрлілігі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосмекнділер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
а) Білімділік: Елімізде кездесетін қосмекенділер жайында жан – жақты түсінік беру
ә) Дамытушылық: Қосымша суреттермен жұмыс жасап, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру б) Тәрбиелік: Еліміздің әрбір тіршілік иелеріне келешек ұрпағымыздың оң көзқараспен қарауына ықпал жасай отырып, сирек кездесетін қосмекенділерді танытып, оларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс,тест
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: география, экология
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру 1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, даярлау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.Омыртқалы жануарлар дене температурасы бойынша неше топқа бөлінеді?2.Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде қанша түрі бар?3.Торсылдақ дегеніміз не?4.Балықтың қан айналу жүйесі қандай?«Құпия сан» ойыны.Дайын жауап плакатқа жазылып ілінеді.1.Ихтиология.2.Каспий миногасы.3.А.О.Ковалевский.4.Қандауырша.5.Акула.6.Балық.7.Клоака.Жауабы: 4 2 1 3 6 5 7Сұрақтары:1.Омыртқасы жоқ желілі жануар;2.Дөңгелек ауыздылар класының өкілі;3.Балықтарды зерттейтін ғылым;4.Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерт-теген ғалым;5.Жүрегі екі бөлікті;6.Торсылдақ, желбезек қақпағы болмайды;7.Тік ішектің кеңейген бөлігі.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
1.Қосмекенділер дегеніміз не?2.Бақаның ішкі және сыртқы құрылысы.3.Қосмекенділердің отрядтары.4.Қосмекенділердің жер бетінде таралуы.5.Қосмекенділердің табиғаттағы маңызы.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жаңа сабаққа қатысты бейнесөз беремін. Бұл бейнесөзді шешкенде Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында ғана таралған, 1996 жылы Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген бақаның аты шығады. Жауабы: қызылаяқ Жаңа сабақты түсіндіремін. Құрлықта да, суда да тіршілік еткендіктен осылай аталған. Қосмекенділер түрлерінің бірі – көлбақасы. Көлбақаның систематикасымен таныстыру:
Тип: Хордалылар – Chordata Тип тармағы:
Омыртқалылар – Vertebrata Бөлім:
Жақауыздылар – Gnathostomata Класс үсті:
Төрт аяқтылар – Tetrapoda Класс тармағы:
Доға омыртқалылар – Apsidospondy
ІV. Бекіту
1. Сөзжұмбақ шешу
2. Сәйкестендіру тесті
3. Тест
V. Үйге тапсырма
1. Қосмекенділердің суретін салу
2. Олардың Қызыл кітапқа тіркелген түрлерін ажырата білу
3. Қосмекенділердің ішкі құрылысы туралы оқып келу.
VІ. Қорытынды Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан жануарлар.
VІІ. Бағалау Жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Ауыз қуысының құрылысы:
1 – Тістері 2 – Тілі 3 – Өре сүйегі және тістері 4 – Хоана 5 – Көз алмасы 6 – евстахиев түтігінің тесігі 7 – Көмекей 8 – Резонатор тесігі
Асқорыту жолы:
Қорегін аулауы: 1.Бақа бір көзінің шетімен қозғалып бара жатқан қорегін көреді
2. Бақа көріп тұрған көзінің орталығымен қорегіне қарайды да, қорегін анық көре алады.
3. Сонан соң ол бұрылып, екінші көзінің орталығымен қорегіне қарайды.
4. Екі көзбен көре отырып, қорегін жабысқақ тілімен «атып» аулайды
5. Бақа тек қозғалатын қоректі ғана ұзын жабысқақ тілімен аулайды.
6. Ұшып бара жатқан жәндікке қозғалмалы көзімен қарап, миы арқылы ұстау мүмкіндігін «есептеп», аяқтарының бұлшық еттеріне бұйрық береді.
Тыныс алуы:
Зәр шығаруы: Аталық көлбақаның зәр-жыныс жүйесі
1 – Бүйрек 2 – Несеп (зәр әрі тұқым) жолы 3 – Клоака тесігі 4 – Зәр – жыныс тесіктері 5 – Қуық 6 – Қуық тесігі 7 – Тұқым безі 8 – Тұқым каналшалары 9 – Тұқым көпіршігі 10 – майлы денешік 11 – бүйрек үсті безі Жүйке жүйелері: 1 – Алдыңғы ми 2 – Аралық ми 3 – Сопақша ми 4 – Мишық 5 – Ортаңғы ми
Көбеюі: дара жыныстылар. ♀+♂ = зигота
ІV. Бекіту 1. Сөзжұмбақ шешу
2. Сәйкестендіру тесті 3. Тест
V. Үйге тапсырма 1. Қосмекенділердің суретін салу
2. Олардың Қызыл кітапқа тіркелген түрлерін ажырата білу
3. Қосмекенділердің ішкі құрылысы туралы оқып келу.
VІ. Қорытынды Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан жануарлар.
VІІ. Бағалау