Гимназия сыныптарында талантты мен дарынды ж?не орта арасында бірлескен топты? ж?мысты ?йымдастыру бірлескен топты? ж?мысты ?йымдастыру
№ 1 коучингтік сабақ жоспарының тақырыбы.
Тақырып: Гимназия сыныптарында талантты мен дарынды және орта арасында бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру
«Суретпен байланысты тілек» тренингін ұйымдастыру.
Шеңбер жасату, амандасу. Стикерлерге салынған әр түрлі суреттерді ұсыну.
Суретті не үшін таңдағанын білу. Суретпен байланысты айтқан тілектерін тыңдау.
Қазір сіздер ішкі-сыртқы шеңбер құрыңыздар. Тапсырма:
А) «Бар болайық, бауыр болайық»
Барлығы араласып жүреді.
Адымдаймыз, қадамдаймыз,
Жан-жағымызға қарамаймыз,
Бір-бірімізді танымаймыз.
Адымдаймыз, қадамдаймыз
..... ағайынды болу үшін
Жылдам, кәне, санаймыз.
Жүргізуші: «Үш ағайынды болайық», «Бес ағайынды»,
« Жеті ағайынды болайық», «Тоғыз ағайынды болайық»
Топтың аты, ұраны, ережесі:
-Шағын топтарға стикер таратылады.
-Стикерге өздерінің көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеу тапсырылады.
-Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру.
-Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.
-Курстан кейінгі сіздің бойыңыздағы өзгерістер туралы айтып беріңіздер (әр топтан топ басшылары )
-Сіздің ойыңызша біз қандай тақырыпқа әңгіме қозғаймыз? (доп арқылы)
-Талантты және дарынды балалар жөнінде не білеміз?
-Бұл балалар жөнінде не білгіміз келеді?
-Слайд «деңгейлік курс туралы»
- «Бұлақ көрсең көзін аш» халық даналығына
Тапсырма:
Анықтаманы оқып, түсінікке сәйкестендір.
(талант, дарындылық, қабілеттілік):
..........— бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». ......индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.
... - бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. ...— бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, ...— бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр
... — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. .... болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның .... айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның ....дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. .... деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды.
Үш түсті жеміс негізінде гимназия сыныптарында дарынды балалармен жұмыс мәселесін көрсету:
-гимназия сыныптарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың формасын анықтаңыздар (алма);
-Мектепте бұл бағытта не істелді, не істелу керек? (шие)
-Мектепте дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар бағытында қандай шешілмей келе жатқан мәселелер бар? (алмұрт)
Әр топқа тапсырма:
1-топ:
-Талантты және дарынды балаларды қалай анықтайды?
-Дарынды және талантты баланың мінез - құлқындағы ерекшеліктер. (сахналық көрініс)
2- топ: :
- «Дарынды» және «талантты» балалар қандай болуы керек?
-Дарынды мен талантты бала және орта. (Венн диаграммасы)
3- топ:
-Дарынды және талантты баланың бейнесі.
-Дарынды және талантты балалармен жұмыс түрлері. (постерге салу)
Сабақ соңында мұғалімдерден кері байланыс алу.
Сіз үшін құнды жерлері болды ма?
Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
«Жүректен жүрекке» шеңбер құрып тұрып, бір-біріне ақ тілектер айту.