Разработка урока по математике Тік т?ртб?рышты? периметрін табу
15240-367665
Копжанова Айнагуль Бекболатовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу.
Сабақтың мақсаты:1) Тік төртбұрыштың, шаршының перимерін табу бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау.
2) Оқушылардың таным белснділігін және математикалық тілін дамыту игерген дағдыларын жетілдіру.
3)Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу,ынтымаққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру, ой қозғау т.б.
Сабақтың .түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Көрнекіліктері: интерактивті тақта ,түрлі суреттер,геомериялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындағын тексеру,зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
ІІ. Жаңа сабақ
1.Тақырыппен таныстыру. «Тік төртбұрыштың ( шаршының) периметрін табу»
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.Бізден бүгін ертегі кейіпкерлері көмек сұрап келіпті.Ертегі кейіпкерлеріне көмектесеміз бе?
Ертеде бір орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған еді.
Бірде оның қасынан өтіп бара жатқан тышқан үйшікті көреді.Үйде кім бар деп сұрады? Ешкім үндемейді.
Тышқанға үйшікке кіруге көмектесуіміз керек.Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.
1 - тапсырма«Кел, ойнайық!»
« Сөз құрастыр» Кестеге жауаптарды өсу ретімен орналастыр.Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз.Сөзді оқы.
30-1 Р
18-9 И
8+8 Е
14+5 Т
74-70 П
13-6 Е
4+7 М
17-9 Р
4 7 8 9 11 16 19 29
-Балалар, қандай сөз шықты?
-Периметр.
-Периметр дегеніміз не?
-Тік төртбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?
-Шаршы деп қандай фигураны айтамыз?
-Тік төртбұрыштың неше қабырғасы бар?
-Шаршының неше қабырғасы бар?
Біраз уақыттан кейін үйшіктің жанына бақа келеді.
Сергіту сәті
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ?
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ?
Қарауылға көп қарап,
Көзім содан тостақ.
Бақа, бақа, балпақ,
Бұтың неге талтақ?
Көп отырдым ерініп,
Бұтым содан талтақ.
Ол да үйшікке кіргісі келеді.Енді бақаға үйге кіруге көмектесуіміз керек.Ол үшін мына тапсырманы орындайық.
2 тапсырма.Оқулықпен жұмыс.
Тік төртбұрыштың қабырғаларын өлше.
Не байқадың?Тік төртбұрыштың периметрін тап.
Ұзындығы-3 см Шешуі:3см+2см+3см+2см=10см
Ені-2 см Жаубы: Р=10см
Р-?
Шаршының қабырғаларын өлше. Не байқадың?
Шаршының периметрін тап.
Ұзындығы-2см
Ені-2см
Р-?
Шешуі: 2см+2см+2см+2см=10см
Жаубы: Р=10см
Тышқан мен бақа үйшікте бірге тұра бастайды.Бір күні үйшік қасына ытқып-ытқып сұр қоян келеді.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қоянда үйшікке кіргісі келеді.
3 –тапсырма.Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
а мен 30 санының қосындысы , мұндағы а=27; 8;
а мен 6 санының айырмасы, мұндағы а=76;89;
Алыстан үйшікті түлкі көреді.Ақырын басып, терезесін қағады.Түлкі үйге кіру үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.
4- тапсырма. Теңдеулерді шеш:
а+8=98 а-5=40 а-6=32
Достар енді төртеу болады.Содан кейін тілі салақтап қасқыр келеді.Қасқыр қандай аң? Қасқырда үйшікке кіргісі келеді.
5- тапсырма. Кесте дегі бос тор көздерді толтыр.
17
9 7
11 18
9 8
4 Барлығы кішкентай үйшікке сыйып кетеді.Тату-тәтті өмір сүреді. Бірде жүдеп, терлеп жүрген аю үйшікті көреді.Аюдың тапсырмасы күрделі.
-Балалар, қыстың қызығы көп асыға күтетін қандай мереке келе жатыр?
6- тапсырма. Есеп құрастыр және шығар:
Шар ойыншық -30тг? теңге
Қоңырау ойыншық-? тг6 теңге қымбат
Шешуі: ( 30+6)+30=96 тг
Жауабы: Барлығы 96 тг
Аю сыймай үйшік сынады.Енді біз оларға жаңа үй салуға көмектесеміз.
7- тапсырма Геометриялық фигуралардағы тапсырманы орындап, жаңа үй тұрғызу. Жаңа үйде жаңа жыл мерекесін тату -тәтті қарсы алу.
Бағалау
Үйге тапсырма : № 6