казак тілі мен ?декбиетінен тестілер
1)Айтылуы,естілуі,жазылуы бірдей мағыналары әр түрлі сөздер:
А)антоним В)омоним С)синоним Д)фразеологизм Е)көп мағыналы
2)Сыртқы тұлғасы жағынан омонимге ұқсас келетін сөз:
А)антоним В)фразеологизм С)көп мағыналы Д)синоним Е)сөз тіркесі
3)Омоним болудың негізгі белгісі:
А)сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды;
В)сөздердің арасында мағыналық байланыс болады;
С)әр түрлі дыбысталады;
Д)сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді;
Е)бірдей дыбысталады;
4)Омоним сөзді тап:
А)михнат,рахат В)адыра,аужар С)әбес,жөн Д)әбігер,тыныш
Е)жабы,мәстек
5)Сөйлем ішінен омонимді тап:
А)Басыңды жоғары көтеріп аяғыңды жылдам бас.
В)Апатты аймаққа көмекші,жәрдемші топ келді.
С)Үріп ауызға салғандай.
Д)Ит арқасы қиянда.
Е)Айғаныс пен Ілияс көнетін емес.
6)Айтылуы,естілуі,жазылуы әр алуан,мағыналары бір-біріне жақын,жуық мәнді сөздер:
А)омоним В)синоним С)антоним Д)фразеологизм Е)көп мағына
7)Үстеуден болған синонимдерді табыңыз:
А)ел,халық,жұрт,көпшілік,жамағат
В)сұлу,әдемі,келбетті,ажарлы,көрікті
С)кездесу,дидарласу,ұшырасу,жолығу
Д)алыс,қашық,шалғай,қиян
Е)Адыра,әужар,әбес,жөн
8)Синонимді табыңыз:
А)бадал,бәтір В)дегдар,дәлбе С)жабы,мәстек Д)есірек,жаһат
Е)адыра,әужар
9)Сұлу,әдемі,көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі:
А)ит арқасы қиянда В)ит өлген жер С)қыздың жиған жүгіндей
Д)көзді ашып жұмғанша
10)Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер:
А)омоним В)синоним С)антоним Д)фразеологизм Е)көп мағыналы
11)Антонимді табыңыз:
А)апсағай,тәпелтек В)жазғырту,соғу С)бытыра,бүр Д)жазғытұры,көктемгі
Е)жағымсыз,ұнамсыз
12)Сөйлем ішінен антонимді табыңыз:
А)Таң атқаннан,күн батқанға дейін бір нүктеге қараумен болды.
В)Қанатты қыран кең дала биігінде жеке-дара ұшады.
С)Синтаксис бір-бірімен байланысты екі саладан тұрады.
Д)Олар ауылға әлдеқашан кетіп қалған.
Е)Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді.
13)Мақалдың ішінен антонимді табыңыз:
А)бала тілі-бал.
В)ит арқасы қиянда.
С)Көз-қорқақ,қол-батыр.
Д)айдағаным-бес ешкі,ысқырығы жер жарады.
Е)Анасына қарап-қызын ал.
14)Тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылым:
А)морфология В)Фразеология С)Синтаксис Д)Лексика Е)Фонетика
15)Фразеология сөзі қандай тілден енген?
А)грек В)парсы С)араб Д)орыс Е)неміс
16)Фразеология грек тілінен аударғанда:
А)мәтін В)сөйлем С)сөйлемше Д)ғылым Е)тіркес
17)Фразеологизмге жатады:
А)мақал-мәтел В)жаңылтпаш С)өлең Д)ертегі Е)жұмбақ
18)Фразеологизмді табыңыз:
А)Тонның ішкі бауындай
В)Еңбек етсең емерсің
С)Жақсының-аты өлмейді,
Ғалымның- хаты өлмейді.
Д)Бала тілі-бал.
Е)Дос-жылатып айтады,
Дұшпан-күлдіріп айтады.
Жауаптары:
1)В;2)В;3)А;4)В;5)А;6)В;7)Д;8)С;9)С;10)С;11)А;12)А;13)С;14)В15)А:16)С;17)А:18)А