Саба? Рационал сандарды салыстыру


Пәні: математикаСыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыруға есептер шығару
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: оқушылардың рационал сандарды салыстыруда, координаталық түзуде кескіндеуде алған білімдерін жүйелеу, кеңейту және тереңдету, тарихи мәліметтермен таныстыру;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды жүйелі ойлауға, топпен жұмыс істеуде ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ой қорыта білуге, дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, құпия жәшік
Техникалық құралдар: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру. Сынып 3 топқа бөлінеді
2.Үй тапсырмасын тексеру
№ 371 есеп. Сөйлемдерді теңсіздікпен жазыңдар
1) 5,7- он сан (5,7 > 0), 5,7>-152) -99-теріс сан (-99 < 0), -99<13) х саны 5-тен үлкен, бірақ 7-ден кіші (5 < х <7)
4) у саны 6-дан үлкен емес (у <6)
№ 372 есеп. Координаталық түзуде мына сандар қандай бүтін сандардың аралығында орналасқан? Қос теңсіздік түрінде жазыңдар
158; ( 1<158<˂2) 2) 2,3; ( 2 < 2,3 <3) 3) -7,8; (-8 < -7,8 < -7)
-0,2; (-1< -0,2 < 0) 5) -10,1; (-11< -10,1< -10) 6) 0,9; (0 <0,9 < 1)
7)-1515; (-16 < -1515<˂-15) 8) -18,2; (-19 < -18,2 < -18)
Тапсырма «Үздік есепші» үйден әрбір оқушы екі есеп дайындап келіп, 2-ші топқа береді.
3.Үй тапсырмасын қорытындылау (слайд)
Қандай тұжырым жасауға болады?
1. Кез келген 5 >0 және 3,2 > -83,4
2. Кез келген -100 <0 және -250 <1
3. Екі теріс санның қайсысының ... кіші болса, сол сан ... болады
4. Координаталық түзуде ... сан оң жақта, одан ... сан оның сол жағында кескінделеді
Тапсырма.Суреттегі координаталық түзуді пайдаланып, көп нүктенің орнына < , > және = таңбаларын қойыңдар

х у о к

а ) у ... о, ә) х ... о, б) к ... о, в) у ... к, г) к ... х, д) у... х
4.Сынып жұмысы
№1 тапсырма Тарихи мәлімет (3 топ оң және теріс сан туралы шағын мәліметпен таныстырады)
1-топ. Б.з. д.II ғ. Египеттіктерде, вавилондықтарда ,ежелгі гректерде теріс сандарды білмеген.Теріс сан деген түсінік теңдеуді шешу кезінде пайда болған. Математика есептерін шығаруда Қытайда пайдаланған, онда қызыл түспен оң сандар, қара түспен теріс сандар берілген.
2-топ. Б.з.д.III ғ.Ежелгі грек математигі Диофант оң сандар мен теріс сандарды көбейтуді қолданып жүрген. Бірақ ол теріс санды дербес сан деп ойламаған, оны бар болғаны «азайтқыш» деп, ал оң санды « қосылғыш» деп есептеген.
3-топ. Француз математигі Рене Декарт 1637ж «Геометрия» атты кітабында сан осінде оң сандар нөлдің оң жағында, ал теріс сандар сол жағында орналасады деп тұжырым жасаған.
№ 2 тапсырма Оқулықпен жұмыс
№ 374 есеп ( слайд)
Координаталық түзу бойында а,в ,с, d сандары кесінделген. Тура теңсіздіктерді теріп жазыңдар
О
ав о1сd
Жауабы 1) а < в , 3) а <d, 4) d>c , 6) в <d
№ 375 есеп Сандарды салыстырып, жұлдызшаның орнына > немесе < белгісін қойыңдар:
(-3) <(-1) 3) (-0,99) >(-100) 5) -38<-14-14>-25 4) -134<(-1,5) 6) (-0,85) >(-0,86)
№ 3 тапсырма Сергіту сәті «Математикалық пошта»
а) Жеке оқушыға тапсырма 1- оқушыға: үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі екіге бөлінген. Үстелде неше алма жатыр? (Жауабы: 4 алма)
2- оқушыға: Үш ағайынды кісілердің жастарының қосындысы 44-ке тең 3 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең? (57)
ә) «Математикалық пошта» ішінде үш кішкене қызыл, көк, сары жәшіктер бар. Біреуінде кәмпит, екіншісінде ойыншық, үшіншісі бос. Егер ойыншық не сары, не қызыл жәшікте жатса, ал кәмпит сары жәшіктеде, көк жәшіктеде жатпаса, онда ойыншық қайда жатуы мүмкін? (Жауабы: ойыншық ақ жәшікте жатыр)
№ 376 есеп. Сандарды салыстырып, нәтижесін > , < белгісі арқылы жазыңдар
1) -25 ˃>-23 3) - 35 ˂<-37 5) -712 < - 5122) -2514 ˃>-3 4) -59 >- 79 6) -38 ˃>-310№ 377 есеп (ауызша)
1) -7348 > -7349 4) -29,31 < -19, 31 3) - 27 <- 17
2) - 4615 < -4605 5) -58,40 >-58,41 6) - 34 > - 35№ 379 есеп (ауызша)
1) 1,3 < х < 2,4 ( х=2) 2) -1,6 < х < 0 (х = -1)
3) -8,5 < х <-7,25 (х =-8) 4) -0,7 < х < 0,5 (х =0)

№ 380 есеп (шығармашылық есеп)
Сырт пішіндері бірдей 15 сақинаның біреуі жалған. Жалған сақина өзгелерінен жеңіл. Гір тастары жоқ табақшалы таразымен ең көп дегенде үш рет өлшеп, жалған сақинаны қалай табуға болады?
5. Сынып жұмысын қорытындылау
Тізбектес үш бүтін сан шығатындай ,көп нүктенің орнындағы сандарды табыңдар
а) ... , -99 , ... ; ә) ... , ... , -17 ; б) -45 , ... , ... ; в) ... , о , ... ;
г) ... , ... , о ; д) 66 , ... , ... ; е) ... , ... , 99 ; ж) ... , 23 , ... .
2. Баламалы тест.
Жауаптары «иә» немесе « жоқ» деп берілуі керек .
1) Кез келген теріс емес сан теріс саннан кіші ( жоқ)
2) Нөл - кез келген теріс емес саннан үлкен ( жоқ)
3) - 4,555> - 4,5 ( жоқ)
4) Егер санның модулі сол саннан үлкен болса , онда ол теріс сан ( ия)
5) Координаталық түзудің бойында -4,5 пен -2 арасында екі бүтін сан бар (ия)
6. Үйге тапсырма № 378, 384, 385 есептер
7. Бағалау