Математика п?нінен ашы? саба? Рационал сандарды салыстыру


Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру
Мақсаты:
І.Білімділік: Оқушылардың рационал сандарды салыстыруда, координаталық түзуде суреттеуде алған білімдерін жүйелеу, кеңейту және тереңдету; тарихи мәліметтерімен таныстыру;
ІІ.Тәрбиелік: Оқушыларды белсендiлiкке, дербестiкке, жан-жақтылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу;
ІІІ.Дамытушылық: Өзіндік жұмыстарын талдауға, салыстыруға мүмкіндік туғызу; байқағыштығын, тапқырлығын, өз-өзін бағалай алуын дамыту.
Түрі: Бекіту сабағы
Типі: Саяхат сабақ (қайталау, пысықтау)
Әдісі: Өзіндік жұмыс және білімді тексеру
Сабақ көрнекілігі: таратпа материалдар, интерактивті тақта
Барысы:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, әр қатардан көмекшілер бекіту, оларды міндеттерімен таныстыру
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі сабақ ерекше болады. Қазына іздеу үшін қызықты саяхат жасаймыз. Жолға шығу үшін біз білімімізбен жақсы қаруланғанбыз ба? Соны тексерейік.
Ережелерге шолу.
Рационал сандарды салыстыру ережесін еске түсіру.
Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады, көп нүкте орнын толтыру.
1) Кез келген оң сан 0 – ден . . .(үлкен)
2) Кез келген теріс сан 0 – ден . . (кіші) .
3) Кез келген теріс сан , оң саннан . . .(кіші)
4) Координаталық түзуде . . .( үлкен) сан оң жақта, ал одан . . .( кіші)сан оның сол жағында кескінделеді.
Ауызша есептер.
Бір таңбалы ең кіші бүтін сан;
Екі таңбалы ең кіші бүтін сан;
Екі таңбалы ең үлкен бүтін сан;
Екі таңбалы ең үлекен бүтін сан.
Сонымен оқушылар бізде карта бар. Көңіл-күйіміз көтеріңкі. Жолға! Біздің алдымызда гүлдер алқабы. Олардың арасында улы және дәрілік гүлдер бар. Оларды білу үшін гүлдерде жазылған сандарды салыстыру керек, егер жауаптары гүлдің жапырағында жазылған жауаппен дәл келсе, ол гүл дәрілік гүл, ал келмесе улы деген сөз
1) |-2,1| ... |-2,2|; 2) 5)
3) |-45| ... |35|; 4) 6) |-55| ... |-5,5|.
Гүлдер алқабынан кейін үшке бөлінген жолға тап болдық. Қандай жолмен жүреміз? Ол үшін мына есепті шығарайық.
№375. Сандарды салыстырып,жұлдызшаның орнына >немесе< белгісін қойыңдар.
(-3)*(-1); 4) QUOTE -134 * (-1,5);
-14 *-25; 5) -38 * -14;
(-0,99)*(-100); 6) (-0,85) * (-0,86)
№376. Сандарды салыстырып,нәтижесін >немесе< белгісі арқылы жазыңдар
1) -25 мен -23; 3) -35 пен -37; 5) -712 мен -512
2) -2514 пен -3; 4) -59 пен -79 6) -38 пен -310Алдымызда көл. Көлден балық аулаймыз.
Балықтардың артындағы тапсырмалар:№373
Шеңбер сызып,оның диаметрін жүргізіңдер;
Шеңбер бойынан бір нүктені таңдап алып,оны диаметрі ұштарымен қосыңдар;
Алынған үшбұрыштың периметірін табыңдар?
Балықтарды аулап, ухо қайнатып жеп, тауға келдік. Бұл таудан аман есен өтуіміз үшін мына есепті шығаруымыз керек.
№386 Салыстырыңдар
|1,5|+|8|*|1,5+8|; 3)
|7|+
Ауа райы бұзылды. Жел тұрып, жаңбыр жауды. Үңгірде неше күн боламыз? Бұған жауапты мына есептің шешімінен білеміз.
Есеп.  Үңгірде 150 л таза су бар. Егер бір адам күніне барлық судың 0,2%-ін ішетін болса, үңгірдегі су 30 адамға неше күнге жетер еді?
Шешуі:  150л - 100% Х= 150*0,2100 =30л
Х - 0,2% 30/30=1
Жауабы: 1күн
Жел тоқтап, ауа райы дұрысталды. Үңгірден шығып, көгалға келдік. Біз бұл жерде дем аламыз.
Ұлы математик өмірінен.
Математика мен физикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры, себеп-салдарлары бар. Мысалы, әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға деген қызығушылығы артып, артынан дүние жүзіне белгілі математик-ғалым болған екен.
Дем алып болсақ, әрі қарай жылжиық. Сонымен біз қазына тығылған жерге келдік. Қазынаны алайық десек, үшбасты айдахар тұр. Айдахардың әрқайсысының аузында ілулі тұрған қағазда сөздің бірінші және соңғы әрпі жазылған. Сол сөздерді табуымыз керек.
Қатынас
Масштаб
Пропорция
Барлық сөзді шештік. Қызықты сәтке келдік. (Мұғалім қазынаны алып шығады, оның ішінен алтын монеталарды алып оқушыларға таратады. Монеталардың артында үй жұмыстары жазылған).