9 — сынып?а арнал?ан К?рделенген сан есептерді шы?ару атты факультатив жоспары
Күрделенген сан есептерді шығару
Түсініктеме хат
Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің 9– сыныбына арналады.
Бұл курста оқушылардың өз беттерінше есеп шығара отырып, білімдерін одан әрі толықтырып, жаңа ақпараттар беру. Яғни, әр оқушы өзінің алған теориялық білімін есептер шығару барысында пайдалану керек.
Оқу құралы ретінде дәріс, дидактикалық материалдар, химия есептер жинағы, қосымша әдебиеттер қолданылады. Бағдарлама бойынша қарастырылатын материалды оқушының қызығушылығына, бейімдігіне, біліктілігіне сүйене отырып бұрын шығарып көрмеген есептер шағарады.
Химия курсы оның негізгі үш бөлімнен тұратының көрсетеді:
Жалпы химия (химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтарын оқытады);
Бейорганикалық химия
Органикалық химия
Бұл курстың материалдары химияның осы бөлімдерінен тұрады.
Оқушылардың өзіндік дайындалуы үшін типтік есептер шығарып, өзіндік жұмыстар орындауға беріледі
Курстың мақсаты
Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың химиядан алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау және жүйелеу. Осы мақсатта түрлі тақырыптарға есептер шығартып жаттығулар орындатудың маңызы зор.
Заттардың формуласын жазып, олардың атауын, химиялық реакция теңдеулері мен сызбанұсқаларын жазып, дағдыланбаса, алған білімдері дәйекті және тиянақты болмайды.осыған орай, әрбір тақырыпта алған білімдерін есептер мен жаттығулар арқылы бекіту шарт.
Осы тұрғыда жұмыс жасау оқушының білім, білік дағдыларының жетілуіне өмір жолын таңдауда жетістіктерге жетелейді. Өзіндік ізденіске, алдына мақсат қойып, өз бетінше жұмыс жасау жеке тұлғаны тәрбиелейді.
Курстың міндеттері
Оқушылардың есеп шығару барысында халықаралық бірліктер жүйесін сақтап дұрыс жазуға және есептер шығару алгоритмін дұрыс орындауға үйрету, есеп шғару дағдысына ынталандыру және алған білімдерін әртүрлі байқаулардағы және өзіндік жұмыстың есептерін шешу үшін қолданады.
Әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың қызығушылығы мен икемділігін жетілдіру;
Қосымша мәліметтер арқылы оқушылардың осы саладағы алған білімдерін тиянақтап, ой - өрісін кеңейтуге мүмкіндік туғызу;
Сан түрлі есептермен жұмыс жасай отырып, іскерлігі мен біліктілігін арттыру;
Оқушылардың білімдерін жетілдіру үшін мамандық таңдау жолында дұрыс шешім қабылдауына бағыт – бағдар беру;
Химиялық формулаларға байланысты есептерді шешу және жеке тапсырмаларын орындау негізінде оқушылардың ой - өрісін дамыту;
Осы курс материалдарын оқи отырып, болашақта химия және химиялық технология бойынша таңдалатын мамандықтарын игеруге септігін тигізу.
Пән аралық кіріктірулер
Химиямен байланысы.
«Валенттілік» және «Химиялық байланыс» ұғымдарына есеп шығару барысында сүйену.
Физикамен байланысы.
Кейбір физикалық формулаларды есеп шығару барысында пайдалану.
Математикамен байланысы.
Есептер шығару кезінде математикалық әдіс – тәсілдерді пайдаланып орындау.
Оқушылардың дайындығана қойылатын талаптар:
Кейбір мектеп бағдарламасында оқылған есептерді шығару алгоритмін білу керек;
Физикалық шамалардың таңбалануын, өлшем бірлігін білуі тиіс;
Өлшем бірліктерді СИ жүйесіне айналдыра білуі керек;
Өткен сыныптардағы өтілген материалдарды толық меңгеруі тиіс;
Формулаларды, негізгі заңдылықтарды пайдалана отырып, есептер шығара білуі тиіс;
Оқушылар химиялық рекция теңдеулерін дұрыс жаза білуі керек;
Химиялық элементтер және олардың қосылыстарының қасиеттерін білу керек;
Бұрынғы алған білімдерін тәжірибелік есептерді шешуде қолдана білуі керек;
Курстың құндылығы
Химиядан күрделі есептерді шешу оқушыларды тек теориялық біліммен қаруландырып қана қоймай, оқушылардың алған білімдерін практикада қолдануға көмек береді. Бұл курста оқушылар есеп шығару алгоритмі мен қоса өндірістік мазмұндағы есептерді шешіп үйренеді.
Күтілетін нәтиже
Химияның негізгі заңдарына қатысты есептерді шығара алады.
Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың формулаларын, реакция теңдеулерін сауатты жаза алады.
Өндірістік бағыттағы есептерді шеше алады. Теориялық мүмкіндікмен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептей алады.
Курстың құрылымы
Курс бағдарламасы 34 сағатқа арналған. Аптасына 1 сағаттан. 3 бөлімнен тұрады.
І бөлім.
Жалпы химия -8 сағ.
Химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтары. Атом құрылысы. Химиялық байланыс. Периодтық заң. Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Зат мөлшері. Молярлық масса. Молярлық көлем. Авогадро саны. Ерітінділер. Ерігіштік. ЭДТ. Тотығу –тотықсыздану реакциялары. Ерітінділер және балқымалар электролизі. Химиялық реакцияның жүру заңдылықтары тақырыптарына есептер шығару
ІІ бөлім.
Бейорганикалық химия - 13сағ.
Оттек және сутек тақырыптарына арналған есептер. Оттек және сутек тақырыптарына арналған есептер. Күкірт және оның қосылыстары бойынша есептер. Галогендер және олардың қосылыстары. Азот және олардың қосылыстары. Фосфор және олардың қосылыстары. Көміртек және олардың қосылыстары. Металдардың жалпы қасиеттері. Сілтілік және сілтілік жер металдары. Алюминий және олардың қосылыстары. Темір және олардың қосылыстары, аралас есептерді шешу.
ІІІ бөлім.
Органикалық химия - 13сағ.
Қаныққан, этиленді, ацетиленді, ароматты көмірсутектер. Спирттер және фенолдар. Карбонильді қосылыстар. Карбон қышқылдары. Жай және күрделі эфирлер. Майлар. Азотты органикалық қосылыстар. Аминдер. Аминқышқылдары. Күрделі есептер шығару
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Р/с № Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
І Жалпы химия 8 1 1 Химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтары 1 2 2 Атом құрылысы. Химиялық байланыс. Периодтық заң 1 3 3 Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1 4 4 Зат мөлшері. Молярлық масса. Молярлық көлем. Авогадро саны. 1 5 5 Ерітінділер. Ерігіштік. ЭДТ 1 6 6 Тотығу –тотықсыздану реакциялары. 1 7 7 Ерітінділер және балқымалар электролизі 1 8 8 Химиялық реакцияның жүру заңдылықтары 1 ІІ Бейорганикалық химия 13 9 1 Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздарды алу 1 10 2 Оттек және сутек тақырыптарына арналған есептер 1 11 3 Күкірт және оның қосылыстары бойынша есептер 1 12 4 Галогендер және олардың қосылыстары 1 13 5 Азот және олардың қосылыстары 1 14 6 Фосфор және олардың қосылыстары 1 15 7 Көміртек және олардың қосылыстары 1 16 8 Кремний және олардың қосылыстары 1 17 9 Металдардың жалпы қасиеттері 1 18 10 Сілтілік және сілтілік жер металдары 1 19 11 Алюминий және олардың қосылыстары 1 20 12 Темір және олардың қосылыстары 1 21 13 Аралас есептер 1 ІІІ Органикалық химия 13 22 1 Қаныққан көмірсутектер 1 23 2 Этиленді көмірсутектер 1 24 3 Ацетиленді көмірсутектер 1 25 4 Ароматты көмірсутектер 1 26 5 Спирттер және фенолдар 1 27 6 Карбонильді қосылыстар 1 28 7 Карбон қышқылдары 1 29 8 Жай және күрделі эфирлер 1 30 9 Майлар 1 31 10 Азотты органикалық қосылыстар 1 32 11 Аминдер 1 33 12 Аминқышқылдары 1 34 13 Күрделі есептер шығару 1
Пайдаланылған әдебиеттер
(мұғалім үшін)
Н.Н. Магдесиева, Н.Е.Куменько «Учись решать задачи по химии» Москва «Просвещение» 1986г.
Я.Л. Голбдфарб, Ю.В. Ходаков «Сборник задач и упражнений по химии » Москва «Просвещение» 1978г.
Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман Рещебник «Химия» Москва «Олимп» изд-во АСТ 2002г.
А.И.Врублевский, Е.В.Барковский «Задачи по органической химии с примерами» Минск ООО «Юнипресс» 2003г.
Ыбыраев М. «Органикалық химияның жаттығулары мен есептері» Алматы «Рауан» 1993 г.
Б.М.Устманова, К.Н.Сақариянова «Химия» сандық есептер шығару әдістемелері. Алматы «Атамұра» 2004 ж.
Г.Г.Хомченко, И.Г.Хомченко «Задачи по химии» Москва «Высшая школа» 1987г.
Пайдаланылған әдебиеттер
(оқушы үшін)
Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов «Жалпы химия» Алматы «Ана тілі» 1992 ж.
Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман Рещебник «Химия» Москва «Олимп» изд-во АСТ 2002г.
Б.М.Устманова, К.Н.Сақариянова «Химия» сандық есептер шығару әдістемелері. Алматы «Атамұра» 2004 ж.
Ыбыраев М. «Органикалық химияның жаттығулары мен есептері» Алматы «Рауан» 1993 г.
Ә.Темірболатова, Н.Сағымбекова, С.Әлімбекова «Химия» тапсырмалар жинағы
Б.Н.Степаненко «Курс органической химии» Москва «Высшая школа» 1976г.