Санды? есептер: Газ тектес заттарды? молекулалы? формуласын табу?а арнал?ан есептерді шы?ару


ОҚО, Мақтарал ауданы
№39 «Мырзашөл» ЖОМ КММ
Химия биология пәні мұғалімі
Барболова Салима Максимовна
Мұғалімнің аты-жөні №--------- орта  мектебі
Сыныбы 11 7 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер: Газ тектес заттардың молекулалық формуласын табуға арналған есептерді шығару
Сілтеме Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы , Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2011жыл.
Жалпы мақсаты Есеп шығару дағдысын іс жүзінде одан әрі жетілдіреді.Заттың (қ.ж.) тығыздығын, салыстырмалы тығыздықтарын және жану өнімі бойынша формуласын табуды үйренеді.
Күтілетін нәтиже Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.Математикалық біліктілік қалыптасады ,химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізе алады
Негізгі идеялар Есептер шығару
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар, кестелер, презентециялар Есептер жинағы, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер топтық жұмыс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар,
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
 Сергіту сәті. «Жорға» биі .
ІІкезең Сабақтың барысы:
Заттың сандық талдауы (элементтің массалық үлесі) және жану өнімі бойынша формуласын табу.
1 есеп. Құрамында 80% көміртек, 20% сутек бар, заттың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 15-ке тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.
Шешуі: І- әдіс
Мr (СхНу) = 15∙2 = 30
Көміртекке сәйкес массаны табамыз:
30-----------100%
Х-----------80% х = 24 (с)
Сутекке сәйкес келетін массаны табамыз:
т = 30 – 24 = 6
Осы заттағы көміртек пен сутектің мөлшерін табамыз:
ν (С) = 2412 = 2 атом;
ν (Н) = 61 = 6 атом;
Заттың молекулалық формуласы: С2Н6 этан
ІІ- әдіс
Мr (СхНу) =15 ∙ 2 = 30; ν = ω ∙MrAr ν (С) = 0.8 ∙30 12 = 2 атом;
ν (Н) = 0.2 ∙30 1 = 6 атом; Формуласы: С2Н6 этан
Оқушылар екі нұсқаға бөлініп өздік жұмыс орындайды.
І – нұсқа . 2- есеп . Құрамында 75% көміртек бар, ол заттың оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 0,5 –ке тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.
ІІ- нұсқа. 3- есеп. Белгісіз газдың құрамында 85,7% көміртек, 14,3 % сутек бар. Ол газдың қ.ж. тығыздығы 1,25 г/л. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.
ІҮ кезең Қорытынды .
Өздік жұмысқа арналған есептер.
Сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 21 болатын және құрамында 85,7 % көміртек бар органикалық заттың формуласын табыңдар.
Қаныққан көмірсутектің хлор туындысының молекулалық массасы 237. Бұл Қосылыстың құрамындағы СІ – 89,9% , С – 10,1%, оның молекулалық формуласын табыңдар.
Үйге тапсырма: Қайталау.
Бағалау Критерийлерді белгілеу, сол арқылы бағалау. ОүБ (топтарда бағалау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау)
Рефлексия Оқушы іс-әрекеті А)Оқушылар химия кабинетінде жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасының ережелерін естеріне түсіреді.
Ә)Жұмыс мазмұнымен танысады.
Б) Жұмысты орындайды.
В) Кестені толтырады.
Талқыланады.Оқушылар жеке дәптерге орындайды .