Баяндама.О?ушыларды? логикалы? ойлауын шы?армашылы? жатты?улар ар?ылы дамыту


4634865-100965Маңғыстау облысы. Ақтау қаласы.
№6 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Косщибекова Гүлжанат Аскаровна
Ұялы тел: 87028407372 тел: 41-80-09
Тақырыбы: Оқушылардың логикалық ойлауын шығармашылық
жаттығулар арқылы дамыту
Қазіргі уақыттың  негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары –оқушының білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі,
ал мұны –логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс»,- деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы қатынастар мен байланыстар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл қатынастар мен байланыстардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.Психолог – ғалымдар: А.Н.Леонтьев, Н.Н.Поспелов, Ю.А.Петров, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская. А.В.Запорожец еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту
Бастауыш сынып оқушының логикалық ойлауын дамытудың  негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені, логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге  мүмкіндік береді.Әйтседе бұл оқушыны қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің  өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау оқушыны логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан  кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының  ой  жүйелігінің  қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету – математика сабағының міндеті.
Жаңа буын математика оқулығының  басты ерекшеліктерінің бірі – оның әрбір сабаққа  лайықталған  материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан  тұрады.  Солардың бірі —оқушылардың шығарамашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, оқулықта жасыл түсті қоршауға алынған шығарамашылық жаттығулар. Бұрынғы оқулықтардың ешқайсысында жаттығулардың осындай тобы қарастырылмағандықтан, қазіргі мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығуларды орындаумен байланысты  оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда үлкен қиындықтар туындап отыр. Оқушылардың шығармашылық жаттығуларды орындау икемділігін бағдарлама талаптары деңгейінде қалыптастыруда айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар орын алуда.
Математиканы оқыту процесінде жаттығулардың алатын орны ерекше. Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен тұрмыстың  әр алуан салаларында, «жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылады. Ал, педагогикалық әдебиетте жаттығу ұғымы оқытудың әдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен  іштей байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың көпшілігі, жаттығу дегеніміз білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай –ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негігі әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды.
Математикалық білімді жаттығулар орындау негізінде игеру мәселесіне ғылым тарихында ұлы жаңалықтар ашқан атақты ғалымдар да жоғары баға берген.Мәселен, ұлы ағылшын ғалымы И.Ньютон  жаттығулардың теорияға қарағанда, көп нәрсеге үйрететіндігіне назар аударған.
Жаттығулар алуан түрлі болады және олар, ең алдымен, оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты ажыратылады.
Кең мағынада алғанда,  математикалық жаттығу деп кез келген математикалық мазмұндағы тапсырмаларды түсінеміз. Басқаша айтқанда, математикалық жаттығуларды құрылысы жағынан мысалдар, логикалық жаттығулар, есептер, есеп құрастырумен байланысты жаттығулар, т.с.с. деп бөлуге болады.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны  біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер.
«Міндетті  деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті  материалдар жатады.
Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының  математикалық  ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес   түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен  ұштасатын  және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалымен кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде  оқытып – үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тгізеді және негізгі материалды терең меңгеріп  алуға көмектеседі».
Жаңа буын оқулықтарында бастауыш математикалық білім мазмұнының мүмкін деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып отырған  жаттығулар ерекше назар аудартады. Олар бір сарынды іс-әрекеттер орындаудан бас тарта отырып, өзгермелі әр түрлі бағыттағы ізденістер тудыру арқылы оқушыны  шығармашылық әрекет жағдайына  енгізуге мүмкіндік  жасайды. Шығарамашылық  жаттығулар ұсынылғанда, оқушының алдында  мақсатқа  өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете  алмайтын  проблемалық  жағдаят пайда болып, ол оқушының  интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында  оқушы жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс -әрекеттер  орындауға талпынады.Осы тұрғыдан алғанда  математикалық жаттығуларды, біздің пікірімізше, шығармашылық жаттығулар деп атаған орынды сияқты.
Шығармашылық жаттығу – бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты математикалық заңдылықтар арқылы орындау.Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың  жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.Мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығулар үздіксіз орындалмай жатқандығы белгілі. Кейбір ұстаздар шығармашылық жаттығу міндетті деңгейге жатпайтындықтан оны орындамайды,  орындағанымен сабақ соңында асығыс шешуін  оқушыларға жалпылама айтқыза салады, яғни талдау жүргізілмейді. Балаларда ой операиялары толық жүргізілмегендіктен  логикалық ойлаудың даму деңгейі төмен болады. Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың  бір жолы — шығармашылық жаттығуды жүйелі орындату.
Сыныптағы  оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім  оқушыларға  міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс. Оқушылардың  өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында  білім  алады, ал содан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі. Математиканы оқытуда сабақтың нәтижелілігі мен оқушылардың  ойлау белсенділігін  арттыруда түрлі әдіс  тәсілдерді іздестіруге көп көңіл бөлінеді.
Қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру – сол тиімді әдістердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі. Мұғалім  қызықты  жаттығулар  арқылы аз уақыт аралығында көлемі жағынан көп жұмыс тындырып, оқушылардың   жаңа материалды меңгеруге дайындығын және қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу керектігін  анықтай алады.Сабақтың басында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы тиіс. Сабақтың ортасында немесе соңында, балалар жазбаша немесе практикалық жұмыстан шаршаған кезде, қызықты есептеулер оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады.Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелілігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек. Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр  ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте – бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.
Мысалы:
«Бір адамнан оның неше баласы бар екенін сұрайды. Жауабы ойланарлықтай болады: «Менің 6 ұлым бар, ал әрбір ұлымда туған қарындасы бар». Осы жанұяда неше бала бар?».  Жауабы: жеті бала (6 ұл, бір қыз)
Қарапайым логикалық, яғни әртүрлі мазмұндағы стандартты емес есептерді ауызша шығара білудің білімділік және тәрбиелік мақсаты зор. Бұндай есептер оқушылардың математика пәніне қызығушылығына және ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізері сөзсіз.Мысалы:
1. Бірдей жеті бөлке нанды 12 адамға қалайша тең бөліп беру керек? ( Бір бөлке нанды 12-ге бөлуге болмайды). Жауабы: үш нанды төрт тең бөлікке бөліп, қалған төртеуін үш тең бөлікке бөліп кесу керек. Сонда әрбір адамға наннан келетіндей 12 тең үлеске бөлінеді.
2.    1• 2 • 3 • ... • 18 • 19 - 1• 3 • ... • 17 • 19  айырмасы қандай цифрмен аяқталады?
Жауабы: азайғыш нөлмен, азайтқыш 5-пен аяқталады, онда айырма 5-пен аяқталады.
Зеректілікке берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзіндік жолы бар екендігін түсіндіру керек. Бұл қиынға түссе де, ойлау қабілетін дамытуға көп әсерін тигізеді.Мысалы:
1.Үш сөреде кітап тұр. Төменгі сөредегі кітап қалған екі сөреге қарағанда екі есе аз, ал ортаңғыда қалған екеуіне қарағанда үш есе аз, ал үстіңгі сөреде 30 кітап тұр. Үш сөредегі кітап қанша?
Шешуі: Төменгі сөредегі кітаптарды бір бірлік десек, онда ортаңғы және жоғарғы екі сөреде екі бірлік , ал үш сөредегі барлық кітаптар үш бірлік. Бұдан төменгі сөреде барлық кітаптың   бөлігі, ортаңғы сөреде барлық кітаптың   бөлігі. Төменгі және ортаңғы екі сөреде барлық кітаптың  бөлігі, бұдан жоғарғы сөредегі 30 кітап барлық кітаптың   бөлігі; барлық үш сөредегі кітап   (кітап).
2. Ағайынды үш адам бірге тұрмақшы болып үй сатып алды.Үй сатушы үйін тек жылқыға бермекші болды. Сондықтан үйдің құны үшін ең үлкені үш тай , ортаншысы екі тай берді. Жылқысы болмағандықтан кенжелері өз үлесі үшін ағаларына 10 қой берді. Сонда ағалары неше қойдан бөліп алулары керек?
Шешуі: Үйдің құнының бір үлесі 10 қой болса, құны 10*3= 30 қой. Немесе 3+2=5 тай. Сонда 1 тайдың құны 30 : 5= 6 қой. Үлкені 3*6 = 18 қойдың құнын төлеген. Ендеше,
18 - 10 = 8 қой алуы керек. Ортаншысы 2*6 = 12 қойдың құнын төлеген, ендеше,12 – 10=2 қой алуы керек.
Жауабы: 8; 2.
Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдары:
Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері.
Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде  математикалық  диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Оқушылардың логикалық ойлауын  дамыту үшін:
есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Қорытынды:
•   Ойымды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды. Оқу процесіндегі  осындай іс-әрекеттердің  арқасында  қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады, – деп ой түйіндеймін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
Логикалық ойлау қабілетін дамыту //Қазақстан мектебі. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. – Алматы, 2008, №11.
Математика және физика. ғылыми - әдістемелік журнал  №4-2007, 2008 жылМатематика.5,6 сынып. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С.,2010, 2011 жыл