Т?рбие са?аты: Желто?сан – т?уелсіздікті? бастауы.


Тақырыбы:«Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»1 - жүргізуші:- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар ! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:- Жақында Қазақстан халқы керемет дүбірлі мерекені атап өтпекші. Ол мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығы.
Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын! Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасырлар бойы армандап жеттік. Елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қостық. Барша Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де мағызы да айрықша. Туған жердің әр тасы, ір бұтасы ата-бабаларымыздың бізге тастап кеткен аманаты. Міне, біздер– тәуелсіздіктің болашағы.1-жүргізуші:
Бәрі болған Қазақ сынды көш елде
Ел белгі де,ерлік,бірлік,өнерде
Жақандағы ел жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге
Бас білгізіп жер тарпыған тұлпарға
Жасы тұрмақ шығады екен қарты алға
Қалай оның Елтаңбасы болмайды
Түлігіне дейін салса ен таңба
Батылдыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын ,өзі әнші халықта
Кім айта алар болмаған деп әнұран(әнұран орындалады)
Еліміздің рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
Мемлкеттік туымызда не бейнеленген, оның түсі қандай? (Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында қазақтың ою-өрнегі бейнеленген).
Мемлекеттік Елтаңбамызда не бейнеленген? (Елтаңбаның ортасында шаңырақ, екі жағында тұлпар, ортасында жұлдыз, астында «Қазақстан» деп жазылған.
Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов)
ҚР Тәуелсіздік алған күні? (1991 жыл 16-желтоқсан )
ҚР рәміздері күні? (4 маусым)
ҚР әнұранының авторы (Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
1 бала
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейін құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
2 бала
Тәуелсіздік – менің байтақ ОтанымБір өзіңсің Мұхтар, Абай, ШоқанымТәуелсіздік – сәбилердің шаттығыТәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
3 бала
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдіңЕшқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!
4 бала
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз
1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек.Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен елтаңбаны,әнұранды,туды көтеру керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге,жанын қиюға міндетті деген»
2-жүргізуші:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
5 бала
Мен қазақпын, қанымен, сүйегімен,                                                               
 Сән-салтанат салтымды сүйемін мен.                                                                  
 Бақ орнатам басына моланында,                                                                             
 Мұрагермін оғанда иемін мен.                                                                                    
6 бала
Жұпар шашқан гүлімніңЖаңа ашылған күні - бұл.Менің ана тілімніңБағы ашылған күні
Дүбірлетсін өңірдіДүбірлесін дүлділі.Қазақ деген елімніңҚұтты болсын бұл - күні!
7 бала
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
8 бала
Жасасын, жаса, азат күн
Жасасын бейбіт ел, су, жер!
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел
2-жүргізуші:- 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
9 бала
Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарың.
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның.
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның!
10 бала
Ата-баба аңсаған арманына,
Жеттік міне, бүгін елдің мақсатына.
Жүз отыздан астам ұлт өкілдері
Түсіністікпен өмір сүріп жатыр осында.
11 бала
Қазақ, орыс, татар, неміс – бар ұлтым
Кең байтақты қазыналы туған жер.
Аппақ көніл, ашық-жарқын ел-жұртым,
Құшағына қиыншылық алған жер.
12 бала
Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де,
Өзіңді – өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік – төрінде.
Асқар тау да – сенікі,
Бақша –бау да сенікі,
Қалтықсыз доспененҚатал жау да сенікі!
Өзіңдікі - туың да,
От пен ауа суың да,
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да! – деп ақын Иран-ғайып ағамыз жырлағандай тәуелсіздігіміз баянды болғай! 
Ән «Нұр аға» Каусар
1 – жүргізуші:«Осы тәуелсіз елеміздің намасын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».
13 бала
Жаңарған берекелі еліміз бар.
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем байлығы мол, ынтымақты
Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.
14 бала
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да
Бір нәрсе жетпейді деу өате болар.
Өзіңдей ұлан байтақ далам барда
15 бала
Халық деген қасиетті, киелі
Жақсы адамның жақ сылыңын біледі
Нұрсұлтан боп әңгіменің түйіні
Дүрсілдейді әр қазақтың жүрегі.
16,17,18,19,20,22,23
«Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтың, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізд сенеміз»
24 бала
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
25 бала
«Егеменді елімнің ертеңі» деп
Ел басы бағыт берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, ел үшін
Еңбет ет тыным таппай, жан аяма