Ша?ын орталы??а арнал?ан Бауырса? ертегісі ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті


«Шығармашылық» білім беру саласы
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Бөлімдері: Бейнелеу өнері
Мақсаты: Бауырсақтың дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды
үйрету, шығармашылық қабілетін, ой қиялын дамыту.
Қостілдік компонент: бауырсақ-бауырсак, дөңгелек - круг,нан-хлеб,доп-мяч.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекет Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық -Сәлематсыңыздар ма,балалар!
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетіне дайындалайық.
Тілек шеңбері:
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын
Деніміз сау болсын,
Еліміз тыныштық болсын!
-Бүгінгі сурет сабағымызда біздер бауырсақтың суретін саламыз.
-Бүгін біз «Нан» мерекесін өткіземіз.
(Балалармен дастарханың үстіндегі неші түрлі нанның түрлерін айту).
-Дастарханға нан қайдан келеді? (сурет арқылы балаларға түсіндіру)
-Нан туралы тыйым сөздерді балаларға айту.
-Нан туралы мейірімді сөздер айту.
-Балалар нан туралы тақпақ айтайық.
-Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерліп
Торғайларға тастаңдар.
-Балалар бүгін біздің сабағымзға қонаққа бауырсақ келді.
- Сәлематсыңыздар ма,балалар!
-Ол туралы біз не білеміз?
-Бауырсақ деген не екенін бәріміз білеміз.
-Жеп көрдік пе?
-Бауырсақты бізге кім пісіреді?
-Балалар бауырсақ домалақ екен,түсі сары, ұннан жасалатын екен.
(балаларға ұнды әкеліп ұстатып көрсету)
-Балалар ұн қандай болады екен?
-Осы ұннан біздер нан,бауырсақ т.б ашытып тісіреміз.
-Ал енді осы бауырсақтың суретін саламыз.
-Біріншіден ауа арқылы бауырсақтың суретін салуға үйренеміз.(Балалармен дөңгелек пішінің салуға үйрету)
-Балалар шаттық шеңберіне түріп, бір-біріне ыстық лебіздер айтады
-нанның түрлерін айта бастайды.
-тақпақты түгелдей айтады.
-Сәлематсыңба, бауырсақ!
-Ия ,жеп көрдік
-анамыз пісіреді.
-Ұн жұмсақ,түсі ақ,құрғақ болады.
Ұйымдастыру-іздестіру -Бауырсақ доп сияқты домалақ екен.
Сергіту сәті:
Добым,добым,домала
Қайда кеттің домалап
1,2,3-шатырға үш
1,2,3-жерге түс.
-Ал енді салған бауырсағымызды бояйық.(Қарандаштарды әзірлеп, балаларға бауырсақтың түсін беріп,бояту)
Сергіту сәті:
Бояп,бояп суретті
Саусақтарымыз талды ғой
Біраз ғана дем алып
Қайта боясақ болды ғой.
-Жәрайсыңдар балалар бәріміз суретті жақсы боядық.
-Ал енді азғана ойындар ойнайық.
Д.о. «Дөңгелек пішінді тап»
«Қайсысы бауырсаққа ұқсайды?»
«Күн мен түн» ойынын ойнату. Сергіту сәтіне жақсы қатысады.
-Ойындарға қызуғушылықпен қатысады.
Рефлексивті-түзетушілік -Балалар бүгінгі сурет сабағымызда біздер нені бейнеледік?
-Бауырсақ қандай болады?
-Бауырсақ неден жасалады?
Жақсы балалар,жәрайсыңыздар біріңіз сабаққа жақсы қатыстыңыз. -бауырсақты
Балалар үмтылып жауап береді.
Күтілетін нәтиже: Бауырсақ неден жасалғанын түсіндіру.
Нені біледі: Қарындашпен дөңгелек салуды,оны бояуды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Пішінісі дөңгелек заттармен танысып оларды дұрыс бояп үйренуі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Нанды өндіру жолдарын түсіндіру.