Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті Та?ырыбы: Бауырса? ертегісі (ВК)
«Бекітемін» МКҚК «Күншуақ»балабақшасы» меңгерушісі:__________________Д.Ж.Ескожина
«________» _Қараша_______2016ж
№11 «Жұлдыз» II-кіші сәбилер тобына арналған ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «Бауырсақ»ертегісі
Тәрбиеші: Аябергенова Айбарша Тоқсанбайқызы
2016-2017 оқу жылы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялықткартасы Білім беру саласы: Вариативті компонент Бөлімі: «Көңілді театр » Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі Мақсаты: Балалардың өздерін сахналық қойлымға қатыстыру арқылы ертегінің мазмұнын ұзақ мерзімге есте сақтап, балалар қуыршақтарды өздері ширмада саналауға үйрету.Білім, білік дағдыларын дамыту; Талғамы, қызығушылығы, қоршаған ортаға деген білігі қарым қатынастар қалыптастыру. Міндеттері;Ертегідегі кейіпкерлердің ролін сомдау; Арнайы қуыршақтар ертегі мазмұны бойынша. Ертегі мазмұнына байланысты арнайы декорация, орман, су, үй.Балаларды достыққа, шындыққа, тапқырлыққа, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу; Балалардың өздері театрландырған көріністер көрсете біліп,сахнада ойнай алуға үйрету; Ертегілердің мазмұнын және онда болып жатқан оқиғалардың ретін есте сақтап қалуға үйрету; Дауыс ырғағын, артистік қабілетін дамыту; Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: театрға арналған сахна. Билингвальды компанент: Аю-медведь, қасқыр-волк,қоян-заяц, түлкі-леса.
Педагогтың әректі Балалардың әрекеті
Мотивациалық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Жарқырап күн ашылсын! Айналаға гүл шашылсын! Көк аспанда күн күлсін! Бірге жүрсін бүлдіршін!
Педагог балаларға түрлі ертегі кітаптарын көрсетіп ертегілерді атап өтіп, «Бауырсақ »театрын тамашалауға балаларды шақырады. Балалар шеңберге тұрып шаттық көңілді шеңбер жасады.
Педагогтың көрсеткен ертегілерін атап айтты.
Ертегіні сахналауға қуана келісті.
Іздену ұйымдастыру-шылық Бауырсақ театрын саналауға шақырды.
Балалар ертегідегі кейіпкерлердің ролін сомдайды.
Жұмбақ жасырыпты. Қалқиып ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян)
Өзі қу, әрі айлакер Жүрген жері айқай да шу (Түлкі)
Қыс бойы жатады Тәтті ұйқыға батады (Аю)
Төрт түлiктiң бір жауы,Түзде жүрер көк серi. (Қасқыр)
Билингвальды компанент: Аю-медведь, қасқыр-волк,қоян-заяц, түлкі-леса. Сергіту сәті: «Сиқырлы саулақтар » ойыны Балалар ертегіні қызығушылықпен сахналап берді.
Педагогтың қойылған жұмбақтарын шешуге талпынды.
-Қоян
-Түлкі
-Аю
-Қасқыр
Балалар сергіту қимылдарын жасады.
Рефлексивті коррекциялаушы-лық Педагог балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін қорытынды сұрақ қояды. –Жабайы жануарларды атайық. –Неге жабайы жануарлар деп атаймыз? -Қандай ертегі білеміз? Қоян, түлкі, қасқыр, аю.
-Орманда өмір сүреді.
- «Шұбар тауық», «Бауырсақ», «Қасқыр мен жеті лақ», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Аю мен маша»т.б
Күтілетін нәтиже: Білу: Жас ерекшеліктеріне сай ертегілерді біледі;
Игеру: Ертегіні саналау мәдениетін игерді.
Меңгеру: театр мәдениетіне сай ертегіні сахналауды меңгерді.