Ашы? саба? биологиядан ?аза?станда?ы экологиялы? проблемалар (9 класс)


Қарағанды қаласы,
Жамбыл атындағы
мамандандырылған
мектеп – интернатының
биология пәнінің мұғалімі
Бекбауова Айнаш Толеухановна
9 cынып
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға табиғат пен қоғам арасындағы қарым- қатынастың физиологиялық өсіп жетілуіне экологиялық мәдениеттің ауадай қажет екендігі жөнінде көз жеткізу. Дамытушылық: Адамзат қауымы, табиғат, қоғам және қоршаған орта үйлесімдігінің тиімді екендігіне көз жеткізу. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, денсаулықты күтуге, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Баспасөз конференция сабақ.
Сабақтың жүргізілуі: Сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт,видеороликтер,таратпа материалдар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын дайындату.
Үй тапсырмасын тексеру.
Графиктік  диктант сұрақтары: 1.Алғаш болып «биосфера» терминін  1875 жылы австралиялық ғалым Э.Зюсс  қолданысқа енгізді ме ? (иә)2.Жер ғаламшарының тіршілік таралған қабығы стротосфера ма? (жоқ)3.Биосфера ғылымының  негізін  салушы орыс ғалымы В.И.Вернадский ме? (иә)4.Жер ғаламшарының геосферасына  атмосфера қабаты жата ма? (иә)5.Тіршілігі жоқ  геосфералық қабат  гидросфера болып табыла ма? (жоқ)6. Литосфера биосфераның  құрлық беті қыртыс  қабаты ма? (иә)7. В.И.Вернадский  бойынша  тірі организмдер олар «тірі заттар» болып табыла ма? (иә)8.Гидросфера жердің  ауа  қабаты дегенге  келісесің бе? (жоқ)9.Атмосфераның  жер  бетіне жақын  қабаты  тропосфера  ма? (иә)10.Озон қабаты тірі ағзаларды СО2  газынан қорғай ма? (жоқ)
11.Биосферадағы  тірі ағзалардың салмағы  белгілі бір  ауданда биомасса  болып табыла ма? (иә)
12. Құрлық биомассасы  басқа  геосфералар  биомассасынан  көбірек, осы  пікірмен келісесің бе? (иә)
Иә
Жоқ
 1     2     3   4      5     6     7    8     9   10   11  12
(Дұрыс сызба  сарапшыға беріліп, топ мүшелерінің  жауаптарын  тексереді.)
Мұғалімінің кіріспе сөзі: Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді.Табиғатта басы артық ешнәрсе жоқ. Табиғат сырын білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Сабағымыз баспасөз конференция түрінде өтеді. Сабағымыздың тақырыбы. Казақстанның экологиялық проблемалары. Сабағымыздың мақсаты: ҚР апатты аймақтарына тоқтала отыра, оны жан-жақты талдау,апатқа әкелуге не себептер болды, оның салдары ,шешу жолдарын іздейміз. Осы тақырыпта еркін сөйлеу. Сабағымызда ҚР 4 түрлі экологиялық мәселелерге тоқталамыз. Бұлар – Семей ядролық сынақ полигоны, Арал теңізінің экологиясы, Каспий теізі экологиясы және өзіміздің туған жеріміз Қарағанды қаласының экологиясы.
Видеоролик көрсету «Экология және Қазақстан»
Баспасөз конференция сабақ.
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» Ш.Айтматов
Жоспары:
1.Семей ядролық сынақ полигоны
2.Арал теңізінің проблемалары
3.Каспий теңізі
4.Қарағанды қаласының экологиясы
Оқушылардың тақырыптары бойынша қорғау жұмыстары.
1 оқушы: Полигон Қазақстан жерінде Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Павлодар және Қарағанды облыстарының шекарасында орналасқан. Ертістің сол жағалауында. Полигон 1800 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Қазақтың шексіз Сарыарқасында тарихтың небір сырларын бүгіп жатқан орындар аз емес. Солардың бірі - әйгілі Шыңғыс өңірі. Ол Семейдің оңтүстік - батысына қарай екі жүз шақырымдай жерде орналасқан.1949 жылы бұрынғы Кеңес Одағының басшылары Шыңғыс тауының солтүстік - батысындағы Дегелең жотасының түбіне атом бомбасын сынау полигонын орналастыру туралы шешім қабылдады. Семей полигонында 456 жарылыс болды.Зияны● Көзге көрінбейтін радиациялық сәулелер таралады.● Өсімдік, жануарларға зиян.● Адамдар қанын бұзады, әртүрлі ауруларға ұшырайды.● Қатерлі ісік, іштен өлі туу, мүгедек болып туу, жүйке аурулар2 оқушы: Семей полигонында 1949 жылдан бастап 1991 жылға дейін атомдық қару сыналып келген. Ең бірінші жарылыс 1941 жылы 29 тамыз болды. Бұл жер Кеңес Үкіметінің сынақ полигонына айналды. Семей атомдық полигонында барлығы 456 жарылыс болған. Жарылыс кезінде көптеген радиоактивті заттар бөлінді. Олар радиация тудырды.Радиация салдарынан көптеген аурулар пайда болды. Адамдар небір жаман ауруларға шалдығып дүние салып жатса, жаңа дүниеге келген нәрестелер сырқат, кемтар болып туа бастады. Ауа ластанып қана қоймай жер қабаты, өсімдіктер де уланып, жануарлар қырылып қалды. Нәресте өлімі көбейді. Адамның өмір жасы қысқарды. Семей ядролық полигоны 1991 жылы «Невада - Семей» қозғалысы арқасында жабылды. Жетекшісі – Олжас Сүлейменов. Бірақ қазірдің өзінде ол жерде радиация мөлшері шамадан тыс. Сондықтан ол жерде адамдар өмір сүрмеуі тиіс.3 оқушы: Арал теңізі Қазақстанның Оңтүстігінде орналасқан. Арал теңізінің суы жылдан - жылға азайып келеді. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі көлдердің бірі.Арал теңізінің тартылу себептері: ауыл шаруашылығының дамуы, егістік алқаптардың көбеюі, Тұрғын халық санының өсуі, суару жүйесінің жетілмеуі.4 оқушы: Алдыңғы оқушы айтып кеткен себептер көптеген зиян келтірді. Климаттың өзгеруі. Мысалы: жаздың өте ыстық, қыстың тым суық болуы. Құрғақшылық, шөлейт жерлердің көбеюі, ауаға тұзды заттардың ұшуы, адамдардың денсаулығының нашарлауы, ауыз су тапшылығы. Бұл – Каспий теңізі экологиясы. Каспий теңізі – әлемдегі ең сұлу көл. Каспий теңізінің жалпы көлемі 379 мың шаршы шақырым. Теңіздің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға соқылған. Ені 435 шақырым. Тереңдігі 788 метр. Каспий теңізінде жануарлардың 769 түрі бар. 50 түрлі балық пен құстар тіршілік етеді. Көптеген тораптар бар. Каспий теңізіндегі өндіріс қалдықтарымен теңіз суы лайлануда. Жыл сайын 10 млн. Тоннаға дейін зиянды заттар төгіледі. Теңіз суында көптеген мұнай дақтары кездеседі. Әрине, аталған жағдайлар теңіздің жануарлар және өсімдік әлеміне үлкен қауіп туғызуда. Балықтар, итбалықтар зиянды заттармен уланып қырылып жатыр. Бұл өте өкінішті.Сабақты бекіту:
Биологиялық диктант
1.Семей ядролық полигонында ...... астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтар болды.
2.Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына ............... қол қойды.
3.Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге ..................... қаржылық көмек көрсетті.
4.Бүкіл әлем назарын аударған Қазақстанның ең шиеленіскен экологиялық проблемасы ...................
5.Балхаш көліне жоспарланған .................... құрылыс нысаны.
6.Қазақстанның экологиялық проблемаларының ішіндегі жаңа ластану проблемасы........................
7.Қышқылдық жауындар пайда болады .................
Сәйкестендір:
Биосфера ілімінің негізін салушы
Үнемі өзгеріп, әрі дамып отыратын ашық жүйе
Құрлық беті қыртысты қабық
Жер бетіндегі барлық су айдындары
Биосферадағы тірі ағзалар
Жердің ауа қабаты
Тірі ағзалардың басты қасиеті
Топырақ зерттеуші
Күннің ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерінен қорғайды
Суда тіршілік ететін ағзалар
Өсімдіктер, саңырауқұлақтар,
микроорганизмдер, жануарлар
В.В.Докучаев
В.И.Вернадский
Гидросфера
Озон қабаты
Биосфера
Литосфера
Атмосфера
Артына ұрпақ қалдырып, өсіп-өнуі
Гидробионттар
Мұғалімнің сөзі: Келтірілген тарихи және шынайы фактілер арқылы Қазақстанның топырағы, ауасы, суы қаншалықты зардап шеккенін көріп отырмыз. Ендігі жерде Қазақтың ұлан-ғайыр аумағы өзінің «жаралы денесін сауықтыра» отырып, болашақта ұрпағының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етіп, өркениетті елдер қатарына қосылатынына өз үлесімізді қосайық.
Үй тапсырмасын беру: § 66 «Қазақстанның экологиялық проблемалары» тақырыбын оқу.Экология тақырыбына шағын эссе жазу «Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда»
Оқушылар білімін бағалау.