?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына арнал?ан «?нермен бірге болу» атты ?рт?рлі ?лттар ?ндері мен билерінен концерт
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
«Өнермен бірге болу»
(Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әртүрлі ұлттар әндері мен билерінен концерт сценарийі)
Өткізгендер: М.Т. ХаликоваМ.Б. Куангалиева2016-2017 оқу жылы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Өнермен бірге болу» атты әртүрлі ұлттар әндері мен билерінен концерт сценарийі
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Жүргізушілер:
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күн аясында өткізіліп отырған «Өнермен бірге болу» атты әртүрлі ұлттар әндері мен билеріне арналған концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер!
І жүргізуші:
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
ІІ жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші:
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 25 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған мектебіміздің басшысы Нигметов Берік Задагерейұлы. Олай болса, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» Орындайтын: Абдрахман Бақытжан
ІІ жүргізуші:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген – дей келе, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын Диярова Анарды «Қазақ биімен» ортаға шақырамыз.
І жүргізуші:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ жүргізуші:
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы - дей отырып сахнаға «Алға Қазақстан» әнімен Абай Нұрғисаны шақырамыз
І жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Сахнада Үнді биімен 2 «б» сынып оқушысы Досова Айшабибі. Қарсы алыңыздар!
ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Сахнада испан биімен 3 «ә» сынып оқушылары Камал Әсемгүл мен Исламбек Айша
І жүргізуші: Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Ән: «Отпусти не забудь»
Орындайтын: 3 «а» сынып оқушылары Қайралы Гүлім, Жасыбек Томирис
Сахнада «Орыс биімен» Шаттық би ансамбльі
ІІ жүргізуші:
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз, деп ортаға «Өзбек» биімен 2 «в» сынып оқушысы Орынбасар Еңлікті шақырамыз.
І жүргізуші:
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, қазақ биін тамашалауға шақырамыз. Сахнада 2 «в» сынып оқушысы Есенбек Жұлдыз
ІІ жүргізуші:
Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
Сахнада «Лало папи» жастар биімен 3 «а» сынып оқушысы Серікқалиева АқтолқынІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
ІІ жүргізуші:
Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
Ән: «Қазақстан бақытты» Орындайтын: Бақытжан АбдрахманІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!