«Діні?ді сатпа, салты?ды са?та, сенімді а?та! Ел болаша?ы жастар!» 9 «а» сынып о?ушысы Хамитова Нуржамалды? ?здік монологі
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Қасым Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп – балабақшасының
«Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! Ел болашағы жастар!»
9 «а» сынып оқушысы
Хамитова Нуржамалдың үздік монологі
Тар қапастағы бойжеткеннің хаты
Тар қапастағы бойжеткеннің хаты
Мен оны автобуста жолықтырдым. Әдеттегіше кешкісін сабақтан үйіме қайтып келемін. Автобус іші адамдарға лық толы. Үйіме дейін ұзақтау. Ыңғайлы жер тауып алайын деп, көліктің арт жағына өттім. Мені көре сала ұзын бойлы, келбетті жігіт орнын ұсынды. Сәл ғана жымиып, алғыс айттым да, жайғастым. Біраздан соң әлгі жігіт «Қарындас Мәдина емессіз бе?» деді. «Жоқ» деп басымды шайқадым да, мән бермедім. Алайда, ол тартынбай, әрі қарай мені әңгімеге тарта бастады. Орнын бергесін сөзін тындамауды жөн көрмедім. Сөйтіп, үйіме қалай жеткенімді білмей қалдым. Міне осыдан соң менің өмірімде «ұлы сезім» деген құдірет пайда болып, оның жетегіне ере кеттім. Құлағым ештеңе естімей, көзім көрмей, тек бұл өмірде мен және ол барын сездім. Оның қылықтарынан, болмысынан еш оғаштық көрмедім. Себебі ол үнемі имандылық, тазалық, адалдық дегенді айтатын. Аса түсінігім болмаса да, оның сөздерінің бәрін дұрысқа қабылдадым. Оған ұнау үшін әр айтқанын құп алып, құрмет көрсетуден танбадым. Бір күні ол маған исламдағы әйелдің киім-киіс мәдениеті туралы айтты. Оның айтқанынан түсінгенім, менің бұл жүрісім, үстімдегі киімім дұрыс емес. Одан басқа ер адамның мені көруі «жат қылық». Егер мен шынымен де оған тиесілі болғым келсе, өзгеруім керек. Ештеңе ойланбадым, «сен солай шешсең мен қабыл аламын» дедім. Сөйтіп мен бір күнде барлық тұла бойымды тұмшаладым да, «нағыз иманына берік» қызға айналып шыға келдім.
Әкем, анам. Ойласам әлі жүрегім қан жылайды. Себебі, әкемізден жастайынан жесір қалып, үш ұл, екі қызын өсіру үшін күш-жігерін сарп еткен анамды ауру қылып тынғанмын. Мені ең алғаш сондай күйде көргенде, «берген тәрбием адыра қалсын, шеш үстіңді» деді. Бақыттан басы айналып жүріп оған қарайтын мен бе, «қуаныңыз, жұрттың қыздарына ұқсап бар ұятымды ашып жүргем жоқ» деп қатқыл жауап қайырдым. Дәл сол сәтте менің ойыма «ана жүрегін жараладым-ау, мен кіммін оған дауыс көтеретін» дегеннің бірі де келмеді. Өзімді бір күштің жетегінде тұрғандай сезінсем керек. Анам «олай болса сен мен үшін енді жоқсың» деді де, кетіп қалды. Ішімнен «менікі дұрыс» деген ойға бекініп алдым да, ашумен есікті тарс жауып шығып кеттім.
Жұбанышым бар. Алған бетім - соның жұмыс орны. Кіргенім сол еді, еңгезердей ер адам «Айсұлусың ба» деп алдымнан шықты. «Иә» деп үнсіз өтіп бара жатқам, қолымнан қысып ұстады да, «Арманды енді көрмейсің, ол маған сені аманаттап кетті» деді. Жүрегім зу ете түссе де, бойымды билеген үрейді байқатпадым. «Әзілдеп тұрған шығарсыз» дедім. «Айтқанды орында, бұдан былай менің меншігімсің» деп зілді дауыспен айқайлады да, мені өзіне тартып қалды. Одан әрі менің өмірімді басқан қара тұман одан сайын қоюланып кетті.
Бір сәтте «адастым» деген ой сап ете түсті. Ішімде бір шын тілену, өкініш, ыза пайда болды. Сол ызамен кім білген, мүмкін қолыма сол суық қару түспегенде, ешкім мені тірідей көрмес пе еді? Бүгін міне жазамды өтеп, тар қапаста жатырмын. Дәл қазір тек жарық сәулесін екінші қайта өмір сүруім үшін сыйлаған Жаратушыға бас идім. Сезімге абай болыңыздаршы...