Урок по историй Ислам, ?ылым ж?не м?дениет. (9 класс)


Бекітемін
Мерзімі Сыныбы 9
Тақырып Ислам, Ғылым және мәдениет.
Мақсат Ғылымның, мәдениеттің, өркениеттің дамуындағы ислам дінінің өзіндік ықпалы туралыақпарат алмасу.
Міндет Ислам діні тек қана ислам қағидаларды орындау ғана емес сонымен қатар білімді болуға ізденуге жалпы тәрбиелі болуға шақыру екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже -Ата-бабамыздан келе жатырған ислам дініміздің хақ дін екеніне және оның әр түрлі секталардан аулақ екеніне көз жеткізу.
-Еліміздегі және әлемдегі дәстүрлі діндерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Негізгі идея Ислам, Ғылым және мәдениет.
Сабақ түрі Блум таксономиясы арқылы оқыту.
Көрнекілік. Нақыл сөздер жазылған плакат.
Ж Технология Сын тұрғысынан ойлау.
Ұйымдастыру Топқа бөлу.
Бағалау номинациясымен таныстыру.
“Шебер ұйымдастырушы” топ басшысы.
“Озық ойлы” топ басшысы.
1 Эмоциялы оқушы
2 Когнитивті (Білеміз және жасай аламыз)
3 Өзіндік тұжырымы бар оқушы
4 Вербальды әдістерді пайдаланушы(Сөйлесу, талдау, дәлелдеу)
5 Кумулятивтік әңгімешіл оқушы(пікірлермен келісіп отырушы)
6 Сыни тұрғыдан ойланушы
7 Метатанушы (Оқытуды үйретудің қозғаушы күші)
8 Пайымдаушы оқушы-дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау.
9 Интерпретациялы оқушы (қызығушылық тудырушы, ерекше дағдылар, көзқарасы бар)
10 Көшбасшы оқушы
11 Топтағы жұмысты құрылымдаушы оқушы.
12 Күрделілікке деген сүйіспеншілігі бар оқушы.
13 Діни сауатты оқушы
14 Өзіндік көзқарасында қалған оқушы.
Үй тапсырмасы Оқушы көзқарасы Тарихи тұлғалар көзқарасы.
Ислам діні туралы «Ислам дін ғана емес, ол-біздің мәдениетіміз»
Н.Ә. Назарбаев.
«Ғылым үйрену-әрбір мұсылман ер кісіге де, мұсылман әйелге де парыз» Мұхаммед пайғамбар.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес  Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес  «Мені» мен «менікінің» айрылғанын  «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. А. Құнанбаев
1.Оқушы көзқарасы.
Жаңа сабақ
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақау.
І.Мұғалім баяндамасы
Исламнан хабары жоқ адамнан дін жайлы сұрайтын болсақ, тіпті намаз оқитын адамның өзі дінге деген түсінігін намаз, зекет, жаназа, ораза шеңберінен асыра сипаттап бере алмайды. Олардың пайымдауынша Аллаһ Тағала мұсылмандардан тек намаз оқуын, садақа беруін ғана сұрайтын секілді. Аллаһ ризалығы үшін білім алуды олар әлбетте алдыңғы қатардағы міндеттерге қоймайды. Өкінішке орай, қазіргі уақытта бұл жағдай кейбір жастарымызда байқалады. Дін жолына түскеннен кейін, негізгі оқуларын естерінен шығарып, намазға, діни дәрістер алуға ғана ерекше мән беріп жатқанын көресің.
Аллаһ Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.у) ең алғаш әмір бергенде оған намаз оқы, зекет бер немесе ораза ұста демеген. Алла тағала Пайғамбарға (с.ғ.с.)  «Оқы»деп әмір берген: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен» («Ғалақ» сүресі, 1-5-аяттар).
Ескере кететін жайт,  Құран Кәрімнің  670 жерінде ілім жайында баян етіледі. Адамға білім алудың қаншалықты сауап екендігін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадистерде баян еткен:
- «Кімде-кім Аллаһ ризалығы үшін білім алуға шықса, қайтып келгенше Аллаһ жолында болады»
- « бір сағат алған білімнің сауабы мың ракаған оқыған нәпіл намаздан артық»
- «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Аллаһ оған Жәннәтқа апарар жолды жеңілдетеді», деп айтқан.
IІ кезең. Сізге керек мың бір дерек.
(Оқушылар тың мәліметтермен танысып, дәптерлеріне жазып алады.)
Мұсылмандар кітап басу, жер өңдеу технологиясымен жерді қолдан суғару, жел диірмені, компас, шыны өндіру, мата шығару, бау-бақшалар өсіру, цифрді ойлап табу, қалалар салу, ақша мен чек шығару, сауда жүйесін құру және тағыда басқа қоғамдық салалардың дамуына ерекше үлес қосты.
Мұсылман ғалымдары жаңа ғылым салаларын ашты. Олардың еңбектері философия, әлеуметтану, медицина, география, тарих, математика, химия, оптика, физика, фармацевтика және т.б ғылым салаларында қазіргі күнге дейін қолданылып келген оқулықтар мен анықтамаларға айналды.
Әл-Бирунидың «Сфера жайындағы» кітабының аударылуы өз кезегінде астрономия саласындағы жаңалық болды.
Экватордың ұзындығы халифа маун кезінді 40 мың км деп алғаш рет өлшенді. Алғашқы әлем картасы сызылды..
Қан айналымын ашқан Ибн Нәфис болғанына қарамастан бұл атақ ұзақ жылдар бойы ағылшын В. Гарвейге беріліп келген.
Ар-Рази-алғаш рет фармацевтикаға сынап дәрілік майын кіргізген ғалым.
ІІІ кезең. Жұмбақ сурет сыры.
Осы тапсырма арқылы өмірмен байланыс жүзеге асады
«Діннен адастырар теріс ағымдар» бейнебаян көрсету
Ойша барыстың суретін салу. Оқушылар салған суреттерін бір-біріне көрсетеді. Бұл жерде әркімде әр түрлі суреттер пайда болады.
Әрі қарай мұғалім Барыстың суретін тақтаға іліп қояды, немесе мултимедияданда көрсетуге болады. Енді оқушылар тақтада ілініп тұрған суретке қарап салыңдар деген тапсырма береді. Енді сурет салу оқушыларға оңайға түседі, бәрінің суреттеріне жаңа рең кіреді. Әрі қарай мұғалім бұл әрекеттерді істетудегі мұғалім ойы не деген сұрақ қояды? Оқушылар топ болып ақылдасып әр оқушы ойлана бастайды, әр түрлі ойлар, пікірлер айтылады. Соңына оқушылар мынандай қорытындыға келді: Егерде қоғамда белгілі бір дін өкілдері сені өз орталарына шақырса, онда сенің ол діннің таза екеніне көз жеткізуің керек, Яғни суретті қарап отырып салғанда сен белгілі бағытпен салдың емес пе, сол сияқты кез келген діннің қағидалары жариялылық күйінде бар адамға белгілі болуы керек, Сонда ғана адасушылыққа жол бермеуге болады деген қорытындыға келеді.
IV Кезең.
Төмендегі суретті пайдалана отырып бүгінгі сабақты өз бетіңше қорытындыла.


Мұғалім қорытындысы.
Бағалау.
Номинация бойынша топ басшысы бағалайды.
Үйге тапсырма Оқып түсінік айту.