???ы? б?зушылы? ж?не ол ?шін жауапкершілік туралы саба? жоспары


Адам, қоғам, құқық Күні: Сыныбы: 9 «А» -
Сабақтың тақырыбы: Құқық бұзушылық ол үшін жауапкершілік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.
Тәрбиелік – адамгершіліктің, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін аңықтай отырып құқықтық тәрбие беру.
Дамытушылық – оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, баулу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтық жұмыс, СТО элементтері
Күтілетін нәтиже: Топтық жұмыс негізінде ынтымақтастықта жұмыс жасап, өзгелерді оқыту арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Жаңаша тәсілдер мен АКТ арқылы пәнге қызығушылығы мен қабілеттері артады. Ашық сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойланады.
Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі: мақсат қою, топқа бөлу
ІІ. Сабақ барысы: СТО – дың 3 фазасы
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
ІІІ. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын сұрау 1.Гректің (политика) – мағынасы (мемлекеттік, қоғамдық іс)
2.Басқаруға келген адамның немесе адамдар тобының өз еркін іске асыру қабілеті? Билік
3. Халық заңның орындалуын кімдер арқылы бақылайды? Депутаттар тарапынан
4.Саяси өмір өтіп жататынжәне мемлекеттік билік жүзеге асырылатынинституттар жүйесі? Саяси жүйе
5. Мемлекеттік биліктің қайнар бастауы - халық
6. Французша институт сөзінің мағынасы - мекеме, құрылғы
Термин сөздермен
Саясат – грекше политика – мемлекеттік, қоғамдық іс – адамдардың бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешуге бағытталған қызметінің ерекше түрі.
Саяси жүйе – шеңберінде саяси өмір өтіп жататын және мемлекеттік билік жүзеге асырылатын институттар жүйесін айтамыз.
Институт – сөзі – мекеме, құрылғы
Билік – жеке адамдардың әлеуметтік топтардың әрекетіне, тәртібіне, олардың қоғамдық қызметінің сипаты мен бағытына әсер ете алатын адамдар арасындағы еріктік қатынастардың ерекше формасын айтамыз.
Сұрақтар:
Саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар?
Жергілікті саяси билік және басқару институттарын атаңдар.
Адамдардың билікке қатысты көзқарастары.
2. Мағынаны тану Ой қозғау. Слайд көрсету арқылы қысқаша түсінік беру. Топ бойынша постер қорғату. Слайд көре отырып, ой қорытады.
Құқықбұзушылық
Қылмыс үшін жазалау
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Оқушылар білімін бекіту: Шырмау шешу.
Ой толғаныс
Рефлексия 2 жұлдыз бір тілек Оқушылар өз жазғандарын оқиды.
Бағалау: Қорытынды: Тестке жауап беру.
Үйге тапсырма беру: 24 оқу, Құқық бұзушылықты болдырмау жолдары