Ашы? саба? та?ырыбы:?аза?стан жер бедері, геологиялы? ??рылысы ж?не пайдалы ?азбалары /8 сынып/
Тақырыбы:
Қазақстан жер бедері,
геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары
Пәні : Қазақстанның физикалық географиясы
Сыныбы: 8
Пән мұғалімі: Сарсенова Баян Оразбаевна
2014-2015 оқу жылы
8 «А», «Ә» сыныптарға арналған сабақ жоспары.
Күні:
Сабақ тақырыбы:Қазақстан жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары
Жер бедерінің негізгі сипаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жер бедерініі түрлері, олардың биіктік жөне беткі сипаты бойынша айырмасы, Қазақстан аумағындағы ірі жер бедері пішіндерініі орналасуы туралы білімдерін жүйелеу. «Ұсақ шоқыларі ұғымын қалыптастыру. Қазақстан жер бедерінің ерекше ліктерін анықтау. Қазақстан Республикасы Конституциясымен және «Жер бедерін корғау» туралы зандармен таныстыру.
Оқыту құралдары:Қазақстанның физикалық картасы «Қазақстан табиғаты» атты фотосуреттер.
Техникалық құрал: интерактивтi тақта
Негізгіұғымдар: Жер бедері түрлері: жазықтар, тауларі Үстірттер мен ұсақ шоқылар. Тау аралық аңғарлар.
Номенклатура: Солтүстік Қазақ жазьны, Каспий маңы ойпаты, Түран ойпаты, Үстірт, Торғай үстірті, Сарыарқа, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань таулары, Маңғыстау түбегі, Қарақия ойысы. Хантәңірі шыңы.
Оқыту іс-әрекеттері мен әдістері: Бұрынғы өткен курстардан жер бедері пішіндері туралы ұғымдарды пайдалана отырып әңгімелесу. Физикалық картаны пайдаланып жер бедерінің ерекшеліктерін баяндау. Физикалық картаны, фотосуреттерді пайдалана отырып жазықтардың беткі сипаттарын салыстыру.
Өз бетінше жүргізілетін іс-әрекеттер:Картаны пайдаланып Қазақстан жер бедерінің ерекшелігі кестесін толтыру. Сарамандық іс-әрекеттер: аталған номенклатураларды картадан тауып, географиялық орнын анықтау және кескін картаға түсіру.
Сабақтың мазмұны мен барысы.Мұғалім сабақтың кіріспесін әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қоюына болады:
Жер бедерінің қандай негізгі пішіндері бар?
Жазықтар мен таулар биіктігі бойынша қалай бөлінеді?
Физикалық география курстарында не себептен жер бедері құрылысына үлкен көңіл бөлінеді?
Қазақстан аумағында қандай жер бедерінің ірі пішіндері кездеседі?
Сабақтың келесі кезеңінде физикалық картаны пайдаланып Мұғалім Қазақстан аумағындағы жер бедерінің ірі пішіндерінің орналасу ерекшеліктерін, яғни республика аумағының үштен бір бөлігін ойпатты жазықтар, аумақтың жартысынан астамын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар, ал республика жерінің 10%-ын биік таулы аймақтар (оларды атап, картадан көрсетеді) алып жатқадығын баяндайды. «Ұсақ шоқылар» ұғымын қалыптастыру үшін жұмыс істейді. Бір кездердегі биік таулар милиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен суық, кар мен ағын су күші әсерінен мүжіліп, аласаруынан, яғни сыртқы күштердің өсерінен пайда болған жер бедері пішіндері.
Бұдан кейін мұғалім оқушыларға физикалық картаны пайдалана отырып, Қазақстанның жер бедерінің әртүрлілігі мен .ерекшеліктерін өз беттерінше анықтау үшін мынадай тапсырмалар береді:
Тікелей сұрақтар:
1. Қазақстан аумағының абсолюттік ең биік жөне ең төменгі жерлерін анықтап, аттарын атаңдар.
2. Жазықтар мен аласа таулар Қазакстан аумағының қай бөлігін қамтиды? Олардың аттарын атаңдар.
3. Биік таулы аймақтар Қазақстанның қай жақтарында орналасқан? Олардың аттарын атаңдар.
Оқушылар тапсырмаларды орындап, Қазақстан жерін берінің ерекшеліктері туралы мынадай қорытындылар шығарады:
Қазақстанның батыс, солтүстік және орталык бөлік-терін жазыктар мен аласа таулар алып жатыр. Оларға Солтүстік Қазақ жазығы, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, Үстірт, Торғай үстірті және Сарыарқа жатады.
Қазақстан аумағының шағын шығыс жөне оңтүстік-шығыс бөлігінде биік таулы аймақтар орналасқан. Оларға Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань таулары жатады.
Бүдан әрі оқущылар жер бедерінің табиғат кешендері мен климатқа тигізетін өсері және адамның тіршілік өрекеті үшін маңыздылығын айта келіп, жер қойнауын Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары арқылы қорғауға алынғандығын баяндайды.
Сабақ соңында оқушыларға Қазақстан жер бедерініа ірі пішіндерін кескін картаға түсіруге тапсырма беріледі.
Үйге тапсырма: Кескін картаға түсіруге берілген тапсырманы аяқтап келу.
Сабақты қортындылау:
Сабақты бағалау: