План по информатике Paint графиктік редакторыны? ??ралдары.


Сабақтпъщ тақырыбы: Раіnt графиктік редакторының құралдары. Тік сызықтарды салу.Шаршылар, тіктөртбұрыштар, эллипс, шеңбер салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге ұйрету. Тұзу сызықтар, тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу дағдыларын қалынтастыру; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқынтылыққа, тиянақтылыққа ұйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың тұрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті қуралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтық өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Жаңа тақырыпты тұсіндіру.
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Раіnt графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
Раіnt графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
Раіnt графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз
Сурет салу әдістері қалай орындалады?
Түстер палитрасының қызметі қандай?
Меню жолының қызметі қандай?
Жаңа тақьірыпты тұсіндіру:
ТҮЗУ СЫЗЫҚ СЫЗУ
Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді. Түзу сызық сызу үшін:
Линия (сызық) батырмасын шертеміз.
Құрал-саймандар жиынының астындағы жақтаудан сызыктың қажетті қалыңдығынтаңдаймыз.
Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.
Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға нұскағыштытасымалдап апарамыз.
Маустың батырмасын жібереміз.
ТӨРТБҰРЫШТАР МЕН ШАРШЫЛАР (КВАДРАТТАР) САЛУ
Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол
үшін:
І.Прямоуголъник - батырмасын шертеміз.
2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін тандаймыз: 1-тек жақтау (рамка), 2-жақтау және толтыру, 3-тек толтыру. Жақтау палитраның бірінші төртбұрышында сол жақ батырмамен таңдаған кескін түсімен сызылады. "Жақтау және толтыру" түрін таңдағанда, онда жақтау кескін түсімен сызылады да, ал іші оң батырмамен өздерің тандаған фон түсімен толтырылады. Ал "тек толтырылған" түрін таңдағанда, бірден кескін түсімен боялған тік төртбұрыш салынады.
Маус нұсқағышын тік төртбұрыш салғынарың келетін жерге орналастырындар.
Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты тік төртбұрыштың жақтауын созып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
Маус батырмасын жіберіңдер.
БҰРЫШТАРЫ ДӨҢГЕЛЕНГЕН ТІК ТӨРТБҰРЫШТАР САЛУ
Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері
боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:
1.Скругленный прямоугольник батырмасын шертіндер.
2.Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдандар
3.Маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.
4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
5.Маус батырмасын жіберіңдер.
ЭЛЛИПС ПЕН ШЕҢБЕР САЛУ
Эллипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға
болады. Ол үшін:
Эллипс батырмасын шертіңдер.
Эллипстің қажетті түрін таңандар: 1 — тек шекара, 2 —шекара және толтыру, 3 - тектолтыру.
Маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар
Мауыстың сол батырмасын басып, жібермей отырып, қажетті пішін мен өлшемгежеткенше соза тасымалдаңдар
Маус батырмасын жіберіңдер
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 4.2.4, 5, 6, 8, 9, 11, 12, 13 тапсырмаларды компьютерде орындаңдар
Сабақты бекіту сұрақтары:
Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?. Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.2 тақырыпты оқу (117-120 беттер),
жұмыс дәптеріндегі 4.2.1, 2, 3 тапсырмаларды орындау