Воспитателтная работа Р?міздер -Т?уелсіздік белгісі


Рәміздер –Тәуелсіздік белгісі
Сабақтың тақырыбы: Рәміздер –Тәуелсіздік белгісі
Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: ҚР Мемлекеттік Рәміздері, шарлар, нақыл сөздер, слайд, т.б.
Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі
«Ой қозғау » сұрақтары:
Біз қай елде тұрамыз? Жауап: (картадан, глобустан көрсету. ҚР)
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Біздің Президентіміз кім?
Елордамыз қай қала?
Рәміздер не үшін қажет?
Кіріспе. Міне, балалар, біз Рәміздер еліне келдік. Бұл мемлекет туралы мағлұмат беріп кетейік.
Бүгін біздің еліміз-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады.
Рәміздер дегеніміз- түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Біз белгілер оның алғашқы мен соңын бейнелесе, жолаушылар көлігі нақты бағытты көрсетеді.
Қандай да бір мемлекет болмасын, оның алғашқы қадамы өз туы, елтаңбасы, әнұранынан басталуы керек. Бұл олардың ел тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.
Прзидент Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің жаңа рәміздерін қабылдауға ерекше мән беруі де соған байланысты.
Рәміздер туралы өлең жолдары...
ЕЛТАҢБА
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астынлда қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл – таңбасы елімнің,
БІЗДІҢ ТУ
Айнымайды апаннан
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда - жас қыран.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың астыннан.
ӘН ҰРАН ОРЫНДАЙДЫ.
Керекті сөздер: көк, шаңырақ, алтын дән, төртбұрыш, қыран, пырақ, ерлік, күн, менің елім, 1996, 2006, бүркіт. Т.б
«Ия, жоқ» ойыны
ҚР Мемлекеттік елтаңбасының ортасында шаңырақ бейнеленеген бе?
Елтаңбаның авторы Н.Ә. Назарбаев па?
Тудың ортасында шаңырақ бар ма?
Күн бейбітшіліктің белгісі ме?
Қорытынды:
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты.