Р?міздер – Т?уелсіздік белгісі


Сабақтың тақырыбы: Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі
Сабақтың мақсаты:
Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу;
Ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу;
Тәуелсіздікті аңсаған ата – баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт – дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге, рәміздерді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың портреті, еліміздің рәміздерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Топқа бөлу
І топ - «Елтаңба»
ІІ топ - «Ту»
ІІІ топ - «Әнұран»
Мұғалім:
Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін – деп бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі».
Ойын: «Шаңырақ»
Мақсаты: Шаңырақ құрып, уық арқылы оқушылар Отанға деген өз тілектерін білдіреді.
Отанымыздың шаңырағы биік болсын;
Қазақстан көгінде бейбітшілік жалауы желбіресін;
І-топ. «Елтаңба елі»
1991жылы 2-қазанда – Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады
1991 жылы 1 – желтоқсанда – қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз Республика деп жарияланды.
ІІ-топ. «Ту елі»
1992 жылы 2-наурызда – Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.
1993 жылы 15-қарашада – Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
1994 жылы – Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
ІІІ-топ. «Әнұран елі»
1995 жылы 30-тамызда – Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.
1998 жылы 6-мамырда – Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы – Астана деп аталатын болды.
1999 жылы – Білім заңы қабылданды.
Мақал сөздің мәйегі:
(Отан туралы мақал-мәтел айту).
«Менің Отаным» эссе жазу.
Әр топ сауатты етіп шығарма жазу.
Қорытынды:
Оқушылар!Бүгін біздер Отанымыз Қазақстан, оның Әнұраны, Туы, Елтаңбасы туралы әңгімеледік.
Қазақстан - бүгін еліне достық туын тіккен жер. Ендеше Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызды мақтан тұтайық. Үлкен азамат болыңдар!
Хор: «Менің Қазақстаным».