Шы?армашылы? саласынан жапсыру б?лімінен ашы? саба?


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің Айы:Қыркүйек
технологиялық картасы Күні:8
Екінші топ:«Еркетай» Тәрбиеші:Ақмолдина.З.Е.
Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Жалаушалар»
Мақсаты: Қайшымен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру: дұрыс ұстау дағдысын, тіктөртбұрышты қиғаш сызық бойынша кесуге, жолақшаны ортасынан қиюғаүйрету. Бейненің түсі бойынша алмастыру, ұқыпты желімдеу тәсілдерін бекіту.
Билингвалдық компонент: жалаушалар – флажки, жолақша – полоска.
Сөздік жұмыс: қию, кесу, тіктөртбұрыш, қиғаш сызық, ортасынан қию, желімдеу
Көрнекіліктер:үлгі сурет, суреттер
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалармен мереке туралы әңгімелесу.
Мерекеде бөлмелерді нелермен безендіреміз?
Енді балалар, қазір біз жалаушаларды жасап үйренеміз Балалар әңгімеге араласады.
Сұрақтарға жауап береді.
-шармен, жалаушалармен
Ұйымдастырушылық ізденіс -Сендер қалай ойлайсыңдар, балалар, жалауша жасау үшін қандай пішін қажет?
-Енді, балалар, қазір мен сендерге жалаушаларды қалай жасау қажеттігін көрсетемін, түсіндіремін. (қайшыны дұрыс ұстауға, дұрыс қиюға үйрету )
Тәрбиеші балаларға жалаушаларды жасау әдіс-тәсілдерін көрсетеді, үйретеді.
Сергіту сәтін орындау
Балалар жұмыстарын қадағалау.
Д/о «Заттардың пішінін анықта»
Ойын шартыы: Балалар тәрбиеші көрсеткен заттың пішінін атайды. Балалардың жауаптары.
Балалар жалаушаны жасау әдіс-тәсілдерін бақылайды, үйренеді. Өз бетінше жұмысқа кіріседі. Өз бетінше қайшыны дұрыс қолдануға тырысады. Түстерді таңдай біледі. Балалар ұқыпты, таза жапсыруға тырысады.
Сергіту сәтін орындайды
Ойынға қатысады.
Рефлексивті-коррекциялау Балалар жұмысынан көрме жасау. Сұрақтар қою:
- Жалауша жасау үшін алдымен нені алдық?
-Одан кейін не істедік т.с.с.
Көрме жасауға қатысады.
Сұрақтарға жауап береді:
-Қайшыны, қағазды, желімді т.с.с.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Тіктөртбұрышты қиғаш сызық бойынша, жолақшаны ортасынан қиябілу
Түсінеді:Қайшымен жұмыс жасау дағдылары болу керек
Қолданады:Бейнені түсі бойынша алмастыру, ұқыпты желімдеу.