Т?рбие са?аты Та?ырыбы: ?она? келсе — ??т келеді
Қонақ келсе – құт келеді
Мақсаты: оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы түсініктерін жетілдіре отырып
сыйластық пен татулыққа, кішіпейілдікке баулу, ойлау қабілеттері мен сөйлеу тілін дамыту.
Көрнектілік: мақал-мәтелдер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бейнетаспа
«Қонақ келсе – құт», «Менің елім – Қазақстан», әдеби кітаптар, суреттер
Барысы
1/ Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу
2/ Тренинг-ойыны «Жүректен жүрекке»
3/ «Қонақ келсе – құт келеді» (мағлұмат беру, Жигсо технология )
І. Топқа бөлу (мақал-мәтелдер)
1/ Ас – адамның арқауы
2/ Тас, тасты жібітер – ас
3/ Етке тойсам, сорпаға иттігім жоқ
4/ Шай, шай ішсем, көңілім жай
5/ Аспаздың қарны асқанына тояды
6/ Өнер – ердің қанаты
7/ Өнер алды – қызыл тіл
8/ Өнерді үйрен, үйрен де жирен.
9/ Жігіт көркі - өнер
10/ Өнерліге есік ашық
11/ Адам бір-біріне қонақ
12/ Адамның сырты алдамшы
13/Адам көпке, мал шөпке тоқтайды
14/ Адам адамға пана
15/ Адамның үш қасиеті: қайтпас қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
16/ Той – тоқшылық нышаны
17/ Той тамағы тәтті
18/ Той қызығы – көкпар
19/ Көппен көрген – ұлы той
ІІ. Тренинг – ойыны «Жүректен жүрекке»
(бір-біріне ақ тілектерін айту)
ІІІ. «Қонақ келсе – құт келеді»
Қонақ келсе – құт
Ата – бабамыздың ежелден келе жатқан игi дәстүрлерiнiң бiрi – қонақжайлық.Қандай жағдайда да "құдайы қонақпың" деп келген адамды кеудесiнен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, "қолдағы барымен" дегендей шамасы келгенше сый-құрметiн көрсетiп аттандыру әркiмнiң парызы сияқты болатын.Қонақ болуы үшiн оның таныс болуы шарт емес. Әрбiр жолаушы кезкелген қазақ үйiнде қонақ асын "бөлiнбеген еншiм" деп талап етуге ерiктi болған.
Қонақ асыны "бөлiнбеген еншi" деудiң өзi қазақ арасына кең тарап, дәстүрге шығу тегiн халық аңызы Алаша ханның атымен байланыстырады.Қартайған шағында Алаша хан бар мал-мүлкiн теңдей төрт бөлiкке бөлiп, үш бөлiктi үш баласы – Ұлы, Орта және Кiшi жүзге берiп,төртiншi бөлiктi қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуiнiң ортақ меншiгiнiне қалдырыпты.
Қазақ"Қырықтың бiрi қадыр" дейдi.Бұл қонақты қума, оның шарапаты тиедi, бiрiнен тиедi, бiрiнен болмаса екiншiсiнен құт келедi деп есептегендiктен болса керек."Қонақты қуа берсең құт қашады" деу де содан.Қазақтың дәстүрi бойынша қонақ үй иесiнiң қамқорлыңында болуы керек.Қонақ болып отырған адам ол үйдiң жауы болса да өз үйiнде оған өзi түгiл басқаға да қиянат жасаптайды."Өз үйiнде таудай дауынды айтпа" дейдi қазақ халқы.
Қазақ халқы қонақ күтудi де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан халық мәтелi:"Асың барда ел таны-берiп жүрiп, атың барда жер таны-желiп жүрiп" деп, ер азаматқа үйiнде
отыра бермей, ел көр, жер көр, көппен аралас деп, кеңес бергендей сыңай бiлдiредi.
Егер қонақ түскен отағасы үйде жоқ болса, ол астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын көңiлмен келгенiн бiлдiруi үшiн қонақтар үйге келмей тұрып, найза, сойыл, шоқпарын дөдегеге iледi.Қару-жарағын сыртта қалдырып, қамшысың бүктеп ұстаған күйi үйге енедi.Себебi қамшысы жүрген жерде, жын-шайтан жүрмейдi.
"Қонақпен ерiп, құт келедi" деген сенiм бойынша, қонағын қарсы алған отағасы есiгiн өзi ашып, алдымен үйге конағын кiргiзедi.Ал шығарып саларда үй есiгiн қонаққа ашқызады.Себебi, үй иесi есiгiн өзi ашса, онда қонағын қуғанымен бiрдей болып саналады.
IV. Бейнетаспа «Қонақ келсе – құт»
«5 қалпақ» технологиясы
Тақырыбы «Қонақжайлық»
1/ Ақ қалпақ: ХХІ ғасырда қонақжайлық сақталады
2/ Сары қалпақ: позитив
3/ Қара қалпақ: ХХІ ғасырда қонақжайлық жойылады
4/ Көк қалпақ: қонақжайлық туралы қысқаша айту
5/ Жасыл қалпақ: шығармашылық
VI. Флешмоб «Қара жорға»
VIІ. Қорытынды сөз
659130-635Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Қонақ келсе – құт келеді
Қонақ келсе – құт келеді