О?ытуды? жа?а технологияларыны? білім беру сапасын к?терудегі р?лі


Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі (Баяндама)
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған  басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогиялық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін  қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.
«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
Оқытушының уақытын үнемдейді
Қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
v Барлық  баланы оқыту;
v Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
v Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
v Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын  жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады.  Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды  дамыту» техногиясын басшылыққа алдым.Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға ауапіздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірінтыңдау,сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар:әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы,оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау,барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау,оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады.Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән.Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан,оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.   Мұнда әр оқушының  ойы шыңдалып,өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады
Өзіне деген сенімі артады
Оқу процесіне белсенді қатысады
Жолдастарының пікірін сыйлайды.
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар  қоя біледі.
Сараптауға, бағалауға  дағдыланады
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау  жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Ø Қызығушылығын ояту;
Ø Мағынаны тану:
Ø Ой толғаныс
Бұл технологияда  бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында  тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген     сұрақтарды есінен шығармауы керек.
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап  оны «Куббизм» стратегиясы    арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді.Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді.Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс.Мұнда «Венн» диаграммасын  қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде    пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса,соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Жаңа технологияның принциптері- оқытудыізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрысшешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру.Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп,өз өміріне  жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаңескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Жаңа технологияларды енгізу кезінде
Мұғалім нені білуі керек Мұғалім не істей алуы керек Мұғалім қандай іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыруы қажет
Жаңа технологияның көмегімен шешілеін мәселелерді
Ж.тех-ны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді
Оқушылардың жұмыс әдісінОқушыларды жаңа тех-да жұмысістеуге үйрету әдісін
Ж.тех-я мәнін алынатын нәтижелердің теориялық негізін
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру
Әр сабақты жоспарлау
Топтық жұмыс үшін тапсырмалар дайындау
Таратпалы материалды дайындау
Ж.тех-я бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау
Ж.тех.пайдаланатын жекелеген әдістермен тәсілдерді қолдану
Әртүрлы типтегі сабақтар өткізу
Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтау
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмалар құрастыру Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады,яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары
Қазақстан мектебі журналы 2008 ж
Интернет материалдары