Электр тогы. Тiзбек б?лiгi ?шiн Ом за?ы. Толы? тiзбек ?шiн Ом за?ы.


Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік Электр тогына түсініктеме беру. Тізбек бөлігі үшін және толық (тұйықталған) тізбек үшін Ом заңын сипаттау
б) дамытушылық Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық жәнетанымдық қабілеттерін дамыту
в) тәрбиелілік Адамгершілікке, отан сүюге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдістері: Жаңа материалды меңгерту, схемалармен жұмыс, кітаппен жұмыс, есептер шығару
Көрнекілігі: Схемалар, карточкалар
Сабақтың мазмұны және барысы:
IҰйымдастыру кезеңі
II Жаңа сабақты түсіндіру
Электр тогы деп электр зарядтарының кез-келген реттелген қозғалысы аталады.
Ток өткізетін орталарда (өткізгіш орта) еркін зарядтардың электр өрісі әрекетінен реттелген қозғалысынан пайда болатын электр тогы өткізгіш ток деп аталады.
Электр тогының пайда болу шарттары:
а) берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы;
б) берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы;
Бұл екі шартты орындауу үшін электр тізбегін құрады. Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады.
Токтың әрекетін бағалау үшін ток күшідеп аталатын физикалық шама енгізілген. I ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай ∆qзаряд өтетінін көрсететін физикалық шаманы айтады, яғни
I=∆q∆tТок күші ампермен өлшенедіI=AЕгер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогыдеп аталады. Тұрақты ток үшін
I=qtЗарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігін сипаттайтын шама ток көзінің электрқозғаушы күші деп аталады және ЭҚК болып белгіленеді. Ток көзінің электр қозғаушы күшін бірлік оң зарядты тасымалдау кезінде тосын күштердің атқаратын жқмысымен өлшейді:
ξ=AбqХалықаралық бірліктер жүйесінде (SI)ЭҚК-нің өлшем бірлігіне1В (вольт) алынады: 1В=1ДжКлТізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын Rшаманы кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Георг Ом ашты.
Тізбек бөлігіндегі ток күші – оcы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:
I=URSI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді:
1 Ом=1ВА1 Ом – ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойынан 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.
Өткізгіштің кедергісі оның l ұзындығына, S көлденең қимасының ауданына және жасалынған материалдың қасиеттеріне тәуелді:
R=ρlSмұндағы, ρ – өткізгіш материалының меншікті кедергісі. Меншікті кедергі өткізгіштің бірлік ұзындығы және көлденең қимасының бірлік ауданымен анықталатын физикалық шама.
left2540Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің электрқозғаушы күшінің шамасына кері пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал:
I=ξR+rТолық тізбек үшін Ом заңының екі шекті жағдайын қарастырайық.
Егер R≫r →I=ξRЕгер R=0→ Imax=ξr . Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады.
III Сабақты бекіту:
№19-1
Берілгені: Талдау:
r= 0,25 Ом Толық тізбек бөлігі ү/н Ом заңы:
l= 5 м I=ξR+r → ξ=IR+r (1);S=0,2 мм2= 0,2*10-6 м2 R=ρlS (2);
I= 0,5 А (2) → (1) : ξ = I(ρlS+r)ρ= 0,1 мкОм*м = 0.1*10-6Ом*м т/к: ξ = ? Шешуі: ξ= 0,5(0,1*10-6*50,2*10-6+0,25)= 1,375 В
Жауабы: 1,375 В
IV Қорытынды: бағалау
Үйге тапсырма: §9.1-§9.3, §9.5 №19(2,3)