Физика саба? жоспары: Денеге бір т?зуді? бойымен ?рекет ететін к?штерді ?осу (7-сынып(
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға салмақ, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, асқын салмақ туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.
Бүкіл әлемдік тартылыс дегеніміз не?
Қандай күш ауырлық күші деп аталады?
Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасының арасындағы қатынасы қандай?
Дененің массасын динамометр көмегімен анықтауға бола ма?
Күн жүйесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы көбірек?
Неліктен денедердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз?
Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталды.
Ауырлық күші қарастыратын денеге, ал салмақ дене орналасқан тірекке түсіріледі.
Егер дене горизонталь орналасқан, әрі жерге қатысты қозғалмайтын тірек үстінде жатса, онда дене салмағы әрекет ететін ауырлық күшіне дәлме-дәл келеді.
P=FA= mg
IV. Есептер шығару. 17-жаттығу. №3. №4.
V. Пысықтау.1. Дененің салмағы дегеніміз не?
2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?
3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?
4. Салмақсыздық себебі неде?
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §40. 17-ж. №1, №2.