Коспект по внеклассной работе на тему Отанс?йгіштік
«А л т ы н с а қ а»
(шығармашылық ойын)
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттері арқылы ел
рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге
тәрбиелеу
Көрнекілік: рәміздер, асықтар, қоржындар, төрт түсті конверттер мен тапсырмалар.
Б А Р Ы С Ы
Жеткіз жұртқа бүгінін, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ анықтап айт,
Еліміздің мемлекеттік рәміздерін,- деген сөздермен бүгін біз мемлекеттік рәміздеріміз жайлы білетіндерімізді қазақтың «Алтын сақа» ойыны түрінде ортаға саламыз. Ойын төрт кезеңнен тұрады. Алдымен берілген төрт түстің кез келгені таңдалып алынады. Ойын барысында асық (сақа) иіріліп, ойыншылардың реті анықталады. Рәміздерге қатысты сұрақ қойылады. Жауап берілген асық (сақа) жауап берген оқушының қоржынына салынады. Кезжең соңында асық аз жинаған ойыншы ойыннан шығады. Қоржындағы асық ойыншыларға таратылып беріледі.
ТАБАЛДЫРЫҚ
1-сұрақ. «Герб» термині қай тілден шыққан? (Немістің «ербо» деген сөзінен шыққан)
2-сұрақ. Матадан жасалған белгіні не деп атайды? (Матадан жасалған белгіні ту деп атайды)
3-сұрақ. Гимн сөзі қай тілден енген? (Ежелгі грек тілінен енген)
4-сұрақ. Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылымды не деп атайды? (Геральдика деп атайды)
ӘУДЕМЖЕР
1-сұрақ. Мемекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалады? (Байқау әдісімен таңдалады)
2-сұрақ. Гимнді грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (Ұран салу деген мағына береді)
3-сұрақ.Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? (1992 жылы маусымында бекітілді)
4-сұрақ.Мемлекеттік елтаңбада пайдаланылған негізгі түс қандай? (Алтын түстес)
ҚОЗЫКӨШ
1-сұрақ. Мемлекеттік тудың авторы кім және ол туралы не білесің? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков Алматы қаласының бас суретшісі, Чехословакияда өткізілген халықаралық дизайнерлер байқауының бас жүлдегері, Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері)
2-сұрақ. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кім және ол қай елдің сәулетшісі? (Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші, Жобалардың бас сәулетшісі және Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері)
3-сұрақ. Мемлекеттік гимннің авторлары кім? (Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
4-сұрақ. Н.Ә.Назарбаев неше жаста және оның қандай әндері қазіргі таңда орындалып жүр? (70 жаста, «Қазағым менің», «Үшқоңыр», «Менің елім»)
БЕЛАСАР
1-сұрақ. Мемлекеттік туымыздың аспан түстес болуы нені білдіреді? (Адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктікті, ынтымақ пен бірлікті білдіреді)
2-сұрақ. Білімпаз Махмұт Қашғари өзінің әйгілі сөздігінде «Таңба» сөзіне қандай мағына берген? («Ел билеушілердің ерекше белгісі»)
3-сұрақ. Мемлекеттік елтаңбадағы қанатты тұлпарлар нені білдіреді? (Көпұлтты да қайсарлы Қазақстан халқының мықты әрі жан-жақты көркейген мемлекетке айналуының бейнесі)
4-сұрақ. Мемлекеттік гимн нені білдіреді? (Ұрпақтардың көпғасырлық арман - азаттық пен зайырлылықты бейнелейді)
АЛТЫН КӨМБЕ
Мемлекеттік рәміздердің тұсаукесер салтанаты қашан және қай жерде өтті? (1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы опера және балет театрында өтті)
(Ойын жеңімпазын құттықтау)
Еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге арналған «Алтын сақа» ойыны осымен аяқталды. Қазақтың ұлттық ерекшеліктерін қастерлеп, қазақша сөйлейік, ағайын. Қош сау болыңдар.