Іздеген табар, о?ы?ан озар. Сыныптан тыс шара


Игилманова Магида Пазыловна
№46 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Орал қаласыТақырыбы: «Іздеген –табар, оқыған- озар»
Мақсаты:а) білімділігі: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.ә) тәрбиелігі: оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. б) дамытушылығы: оқушылардың зейінін, ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыту, оқушыны ізденуге, салыстыруға, бірлесе жұмыс жасауға баулу.Түрі: жарыс сабақ.Әдісі: топтық, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайд көрмелері.
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу.
Құрметті қонақтар, ұстаздар және жарысқа қатысушы оқушылар. «Іздеген –табар, оқыған- озар» атты сайысымызды көруге шақырамыз. Бүгінгі өтетін шарамыз топтық сайыс түрінде өтеді. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Осы топтардың бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін (қазылар алқасын таныстыру, ортаға шақырамыз).
1-топ. “Жүйріктер”Топтың аты: «Жүйріктер»
Топтың ұраны: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
2-топ. “Білімділер”
Топтың аты: «Білімділер»
Топтың ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
Топтың алтын ережесі.1. Ұйымшыл, тату болу.2. Бірігіп жұмыс жасау.3. Ойланып сөйлеу.4. Сұраққа толық, нақты жауап беру.5.Бірін-бірі тыңдау.6. Басқа іспен айналыспау.7. Шапшаң жауап беру.
Сайыс кезеңдері:
1-бөлім. “Бәйге ”2-бөлім. “Тапқыр болсаң, тауып көр”3-бөлім. “Кім жүйрік”4-бөлім. “Білгің келсе, шешіп көр”
1-бөлім. “Бәйге”
Жедел жауап.
1-топ.1. 4 метрде неше сантиметр бар? (400 см)2. 1 метрде неше миллиметр бар? (1000 мм)3. 2 сағатта неше минут бар? (120 мин)
4. 8 нешеге тең? (64)
5. 370+а қандай өрнек? (әріпті)
6. Сұйық заттар немен өлшенеді? (литр)
7. 1 килограммен 20 граммның қайсыс ауыр? (1 кг)
8. Айырмаға азайтқышты қосқанда не шығады? (азайғыш)
9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
10. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (S=a*b)
2-топ.
1. Ең үлкен үш таңбалы сан. (999)
2. Көбейтудің неше қасиеті бар? (3)
3. 6 ғасырда неше жыл бар? (600 жыл)
4. 6 мысықтың аяғы нешеу? (24)
5. 2-ге бөлінетін сандар қандай сандар? (жұп сандар)
6. Бөлу амалын немен тексереді? (көбейтумен)
7. м, дм, см, ненің өлшем бірліктері? (аудан өлшем бірліктері)
8. 81 ондық қандай сан? (810)
9. 64 қай санның квадраты? (8)
10. 27 қай санның кубы? (3)
Ауызша есептер шығару.
1-топ.1. Ұзындығы 9 см, ені 7 см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең? 2. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар, осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?3. Бөлінгіш 320, бөлгіш 8. Бөліндіні тап. 4. Ботаның салмағы 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неше килограмм?5. Қалдықпен бөлуді орында: 38:46. Қорапшаның ұзындығы 5см, ені 2см, биіктігі 4см. Қорапшаның көлемін есепте.
2-топ.1. Шаршының 1 қабырғасының ұзындығы 8см. Ауданы нешеге тең?2. Бір дәптер 12 тг тұрса, 6 дәптер неше теңге тұрады?3. 200 бен 300 сандарының қосындысын 5есе кеміт.4. Тіктөртбұрыштың ауданы 16см, ені 2 см. Ұзындығы неше см?5. Х:6=12 теңдеуіндегі Х-тің мәні неге тең?6. 421*2 сандарының көбейтіндісінің мәні.
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі. 2 топтыңі ұпай сандарын айтып өтсеңіздер. Әрі қарай жалғастырамыз.
2-бөлім. “Тапқыр болсаң, тауып көр”
453390734695?
0?
Егер оқушы амалдар реті бойынша жазған болса, онда ол қандай өрнектер шығарды?1-топ.
1) 23+22=45
2) 45:5=9
2-топ.
45339040640?
00?

1) 7*9=63
2) 3*7=21
3) 63-21=42
1196340772160011963405340350Теңдікте қандай сан түсіп қалған?1-топ.644+289- = 289754+26 - = 0
12344405562600129159028956002-топ.1000-371- = 0535+134 - = 134
20 31 42
51 53 64
1-топ.Сандардың орналасу заңдылықтарын анықтап артық санды тап.

14 21 28
32 35 42
2-топ.Сандардың орналасу заңдылықтарын анықтап артық санды тап.
3-бөлім. “Кім жүйрік”1-топ.
1.Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин тұрған. Үстел үстіндегі барлық көкөністер қанша? 2.Театрға әдемі киінген бес бала келе жатыр. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестіреді. Сонда театрға неше адам келе жатыр деп ойлайсыңдар?
3.Жол бойына үйіңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйіңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйіңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу болады?
4.Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болады. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
5. Бір санды 6-ға көбейтудің орнына 6-ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
2-топ.
1. Сатушы базарда «егер менің алмаларыма солардың жартысын және тағы 10 алма қосса, онда менде 100 алма болар еді»,-деп ойланып отыр. Сонда сатушының алмасы қанша?
2. Артық санды табыңыз: 30, 28, 24, 21, 18, 15.
3. Бозторғайлар 9 болса, сары шымшықтардың олардан 3-еуі артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті?
4. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде, екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта неше килограмм картоп болуы тиіс.
5. Зообақта 9 тордың ішіне 45 қоянды отырғызу керек. Торлардың ішіндегі қояндар саны әр түрлі болуы тиіс.
4-бөлім. “Білгің келсе, шешіп көр”
Қыздардың қулығы. Кәсіпкер әйел тігіншілікке баулу үшін 20 қызды шәкірттікке қабылдап, оларды өз үйіндегі 8 бөлмеге орналастырған. Қыздар жайғастырған бөлмелер тіктөртбұрыш пішінді болып орналасқан екен. Үйдің әр қабырғасында 3 бөлме (яғни, сұлбалық пішіні мынадай орналасқан).
155829016891028632151689103200401784351
1

2415540503555-146685503555-14668510941051101090109410524060151094105

1) Кәсіпкер әйел қыздарды жайғастырғанда, бір қабырғадағы 3 бөлмеде барлығы 7 қыздан жайғастырылған. Кәсіпкер әйел күн сайын кешкісін қыздарды түгендеп кететін болған. Үйдің әрбір қабырғасындағы 3 бөлмедегі қыздар саны 7-ден болса, әр бөлмеде неше қыздан орналасқанына мән бермеген. Сонда 20 қыз, 8 бөлмеге нешеден орналастырылған?
2406015-704851101090-80010-146685-704852434590503555-165735503555-14668510941051101090109410524060151094105
2) Күндердің бір күнінде кешкісін тігінші қыздарға 4 дос қыз қонаққа келген. Әңгімелесіп отырып қалған қыздар, түн ортасынан ауғанда түнделетіп жүруден қаймығып қонып қалған. 8 бөлмеге 24 қызды, үйдің әр қабырғасындағы 3 бөлменің әрқайсысында 7 қыздан болатындай әдіспен орналастырған. Сендер, осы 24 қызды қалай орналастырар едіңдер?
28632151885951558290188595310515188595
2415540503555-146685503555-14668510941051101090109410524060151094105
3) Басқа бір күні 4 тігінші қыз дос қыздарына жолығуға кеткен. Бұл қыздарда барған жағында қонып қалған. Сонда жатақханада 16 қыз қалған. 8 бөлмеге 16 қызды үйдің әр қабырғасындағы 3 бөлменің әрқайсында 7 қыздан болатындай әдіспен орналастырған. Ал сендер, осы 16 қызды қалай орналастырар едіңдер? Қыздар әр бөлмеге нешеден жайғасқан?
28632151974851558290197485310515197485
2415540503555-146685503555-14668510941051101090109410524060151094105
Әділ-қазылар топтың шешімін шығарғанша, оқушыларымыздың өнерін тамашалайық.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Жеңіске жеткен топты және жақсы қатысқан барлық оқушыларды құттықтаймын. Көк туымызды әрқашан биік ұстап, еліміздің ертеңіне үлес қосатындарыңа сенемін.
Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.
Математика тілін біл.
Ең маңызды ғылым бұл, - деп, бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.