Сыныптан тыс ж?мыс. Та?ырыбы: Іздеген — табар, о?ы?ан — озар.


№36 орта мектебі. Тараз қаласы
Айдарбекова Сауле Кумисбековна
Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Іздеген-табар, оқыған-озар
Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
                 Оқушыларды ұйымшылдыққа,нақты пәнге қызығушылыққа,жауапкершілікке өзін-өзі  тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Безендірілген сынып бөлмесі,нақыл сөздер,карточкалық тапсырма,логикалық есеп,әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс
Барысы:
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім,білім бе?
         Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
         Барщаңызда «Іздеген-табар,оқыған-озар» атты математикалық сайысқа қош келдіңіздер!
Ендеше,әр командамызды ортаға шақырайық.
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысыЖарқырап жатыр жолыңда
Математика сырларыҚызықтырды біздердіОйынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді дей отырып,сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ- қазы алқасымен таныстырып өтейік.
Сайыс кезеңдері 7 кезеңнен тұрады.
      Таныстыру      Математикалық эстафета(есептер)
      Жұмбақтар
      Жауабын тап(есептер)
      Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
      Математикалық бейнелі сөз (ребус)
      Сиқырлы үшбұрыш
Ең бірінші сайысымызды топтарға сәттілік тілеп «Таныстыру» сайысынан бастаймыз.
Алғашқы боп өзін таныстыратын «Әл-Фараби» тобыТоп аты: Әл-Фараби
Ұраны:Қандай болса даңы беріспе,әрқашан да ұмтыла бер жеңіске!
Егеменді қазақтың біз ұланы,
Өз Туы бар,Елтаңба,Әнұраны
Үмітін ақтайтын аға ұрпақтың,
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда
Жеңіс тек біздер болар осы жолдаДостар-ау сендерде бір қолпаштаңдар,
Отырған дәл алдыда оң мен солда.
Келесі Әл-Хорезми тобына кезек береміз.
Топ аты: Әл-Хорезми
Ұраны: Нақты жауап,сапалы шешім таба біл.
Өнер қуған математик жастармызЕсебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Ерен туған білімді біз балалармыз.
Келешектің үмітіміз талаптыАтақ даңққа бөленеміз қарап тұр
Сегіз қырлы өнер асып туғандар
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.
Әділ-қазы алқасынан бірінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе,
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт деп екінші сайысымыз «Математикалық эстафета» депаталады. (Әр топ мүшелері шығарады)
 
                          Әл-Фараби тобы                                                    Әл-Хорезми тобы                               (57-7)+40                                                                      60-(39-9)
                               (20+60)-10                                                                    35-(28-8)
                               (60+9)-40                                                                      (16-6)+70
                                20+(45-5)                                                                     (30-10)+44
                                53-(35-5)                                                                       62-(10+5)
  Екінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра біл қарындаш пен қаламды
Айыра біл соқпағында өмірдің
Айыра біл тапсырмаңды алдағы деп кезекті «Жұмбақтар» сайысына береміз.
Әл-Фараби тобы      Аулада жүр 4 үйрек
Қорада жүр 1 үйрек
Ал,қанекей саналық
Барлығы неше үйрек?   (5)
      Табақтағы жемістіБылай ғана бөлісті
Екі анасы,қос баласыӘжесі мен немереАйтшы қанша жан басы (Әжесі,анасы,немересі)
      Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуіҚане,кім тез шешеді?
      Қолымда 55 алм5-ін бердім апама5-ін бердім атамаНешеуі қалды өзімде? (45)
Әл-Хорезми тобы         1.5 үйректің біреуін            Қамап қойдым қораға
            Қалды сонда неше үйрек
            Мына тұрған далада?  (4)
         2.6 алманың екеуін            Досың сұрап алады           Айтшы сонда нешеуі                Өз қолыңда қалады?
3.Жүз асықтың отызын   Досым сұрап алды   Айтшы сонда нешеуі   Өз қолымда қалды?
4.11 түйе,5жылқы
   2сиыр,1ешкі
   2 қоян,3 түлкі
   Неше болды барлығы? (24)
Үшінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Төртінші кезең «Жауабын тап» деп аталады.Мұнда балалар,таратпа материалдар арқылы    есептер беріледі.
Бесінші кезеңіміз «Тапқырлық сайыс» деп аталады.Яғни бұл ойында логикалық есептер берілген.Қане тыңдаймыз.
 
Әл-Фараби тобы      Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті.Әр ат неше километр шауып өтті? 40 км
      Үстелдің бір бұрышы бөліп алынды.Үстелде неше бұрыш болды? 5
      Алмұрт алмадан ауыр,ал алма өріктен ауыр.Алмұрт ауыр ма,әлде өрік ауыр ма? (Алмұрт)
      Еменде 3 бұтақ бар.Ал әр бұтақта 3 алмадан бар.Барлығы неше алма?(Еменде алма өспейді)
      Ауылда 4 түн,4 күн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? (4)
Әл-Хорезми тобы1.  Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр.Олар 14 жерден кесті.Неше бөлік пайда болды? (15)
2.Үш түйе ұшып келе жатыр.Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(Түйе ұшпайды)
3.Шөпте қояндар тығылып отыр,тек он құлағы ғана көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр?    (5)
4.8  жұмыртқа 4 минут піседі.15 жұмыртқа неше минутта піскен болар еді? (4 минут)
5.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? (Сейсенбі)
Алтыншы кезең  «Математикалық бейнелі сөз»(ребус)
Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелерТылсым сырлы ғврышқа,ұшсын десең денелерЖасау үшін бәрін де,математика ең маңызды ғылым-бұл
Сондықтан да,сондықтан да сол ғылымның тілін біл дей отырып,соңғы кезеңіміз «Сиқырлы үшбұрыш» деп аталады.
Алдарыңызға үшбұрыш беріледі.Сол үшбұрыштың қанша екенін табу керек.
 
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды
Ал,қазір әділ-қазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз,алғыс хатын тапсырады.