Безбеймін мен баладан да, байлы?тан да, жардан да Мансап жетпес бар адам?а ?лестіріп ал?анда ?міт ?збей іздейді олар, та?дап сол бір уа?ытты, Оны алыстан іздемелік, ж?ректен тап ба?ытты!- деп а?ын а?амыз айт?андай бір бірімізге ба?ыт сыйлар ж?рек жылуымыз


Қайырымдылық- адамгершілік белгісі
Міндетті оқу айлығы аясында өткізілген «Қамқорлық» акциясы қорытындысының кеші«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі»Мерекелік кеш жүрісіЖүргізуші: Мен өзімнің сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде басталғалы тұрмын.«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса, Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймынБекер айттым екен деп айта қайта алмаймынӨйткені біреулерге бақыт қонса,Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.Өмірді жұмақ деп те таңданбаймынСазды әуенге елітіп алданбаймынБір әумесер есірсе есі кетіп,Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.Бұл өмір тәтті де емес тамсанатынЖеткізіп айта алмаған қаншама ақынОйсыздарға ой салған оқпан болыпАсып – тасқан жерінде ән салатынКүлкі емес күмбір қағып мөлдірегенАнаңның жүрегі емес елжірегенЕркелетіп бойына үйретіп ап,Кеудеңе кептеп қояр желді үдегенКейде жұрттың бәрінен артық етіп,Түсірмейді қолынан асық етіп.Бұл өмірге, апыр ау дауа барма?Кейде нұқып тастайды жасық етіп.Қызығы да өмірдің осы болар,Сан қилы мінезімен тосып алар.Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,Бауырындай құшақтап қосып алар.Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу құралдарымен қайырымдылық көмек көрсетілді. Мектепте әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 оқушыға мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Баланың бір уақыт тамағы үшін 179 теңге құрайды.
Өркенім өссін десең,Кекшіл болма -Кесапаты тиер еліңе.Елім өссін десең,Өршіл болма -Өскеніңді өшіресің.Жанашыры жоқ жарлығаЖәрдемші бол асыға,Қиын қыстау күндердеӨзі келер қасыңа.Бүгін сағы сынды деп,Жақыныңды басынбаҚазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.Алғы сөз 1.«№4 орта ММ-нің»директоры ..................... сөз кезегін беремін.( Алғыс хат тапсыру рәсімі)2. Директордың тәрбие ісінің орынбасары..........................Жүргізуші: Жансаң көзі қарақтыҚиналғанды аңғарарӨзіңнен сөз тараптыЖақсылыққа жалғанарДәнекер боп жүргеніңАзаматтық ерлігіңЖөн жосықты білгеніңЕңсесі биік елдігімБайлық қуат алапатҚағып түсер қарғысыңДемеушілік шарапатАлар елдің алғысын демекші бүгінгі кешіміздің қонақтары, яғни өз қаражаттарымен көмек қолын созған ата - аналарға сөз береміз.Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміздің беташарын биші қыздарымыздың биімен ашалық.Майысып бұраңдаған денелеріАлаулап жайнаған көздеріБуын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,Алдарыңызда мектебіміздің гүлдеріБи. .Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,Жақсыларды табуың қиын екен...Ән. «Көнеміз ғой» Орындайтындар: Қазмағанбетов ЖансерікӘн. «Дүние керуен»Жүргізуші: Мектеп психологы А.Шановаға сөз.Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,Күн арқалап кетеді таңды мына,Менің жаным ашиды барлығына,Таң нұрына, адамның тағдырына.Ән «Айналдым сенен Атамекен»Ән. «Әгугай»Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,Қазақ – нағыз қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра!Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.Күй. «Айжан қыз»Түрік биі «Сұлтан». Жүргізуші: Атаң болса, анаңмен -Алтыннан соққан қорғаның,Ағаң болса ақылды -Ешкімнен кем болмадың.Інің болса жанашыр -Семсер қылыш білегің.Ақылды қыз, ақылды ұл -Өкпе – бауыр, жүрегің.Халық әні «Қоғалай» Орындайтын: Көркемсөз. «Қандай жанмын?» Жүргізуші: Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таластыБірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.Бірі айтады: бақыт деген - барлық байлық емес пе?Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.Бірі айтады: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау»Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.Бірі айтады: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!»Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қойПікірлердің таласына осылай мен жолықтымБақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан даМансап жетпес бар адамға үлестіріп алғандаҮміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.Хор «Атамекен»Соңы