«Капиллярлы?, веналы? ж?не артериялы? ?ан кетуде к?рсетілетін ал?аш?ы ж?рдем»


Ашық сабақ жоспары
Пән: Биология
Сынып: 8 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы жәрдем»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұландардың жүрек – қан тамырлары туралы алған білімдерін басшылыққа ала отырып, капиллярлық, веналық және артериялық қан кету жолдарымен таныстыру. Сонымен қатар қан кетуде көрсетілетін алғашқы жәрдем беру шаралары туралы білім беру.
Дамытушылық: ұландарды өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету, теориялық білімдері мен практикалық іскерлік дағдыларын берік қалыптастыру.
Тәрбиелік: жеке басының ғана емес, өзгенің де денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуы, адамгершілік сапасын қалыптастыру
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша дайындалған слайдтар, карточкалық тапсырмалар, тонометр, секундомер, жгут, йод, дәке таңғышы
Сабақтың пәнаралық байланысы: күнделікті өмірмен, қазақ тілімен, музыка
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
психологиялық ахуал тудыру
Ұландарды қарсы алып, түгендеу
назарларын сабаққа аудару
сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ой шақыру 5 мин
мағынаны тану 13 мин
ой сергіту 1 мин
ІІІ Жаңа тақырып түсіндіру
Топпен жұмыс 13 мин
Көрнекі құралдармен жұмыс 5 мин
VI Бекіту және қорытындылау 3 мин
Сергіту сәті 1 мин
Бағалау 2 мин
Үйге тапсырма 1 мин
Ой шақыру.
1 тапсырма барлығы 5 сұрақ. Қай топ жалауды бірінші көтереді сол жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Сұрақтар:
Қан құйылып алынғаннан кейін қандай компоненттерге бөлінеді?
Үлкен қанайналым жолын атаңыз?
Темекі құрамындағы никотин қан тамырлар жүйесіне қалай әсер етеді?
Кіші қанайналым жолын атаңыз
Плазма мен эритроцит қандай мақсатта пайдаланылады?
Ұпай сандары саналады
Мағынаны тану.
Сіздердің қазақ тіліндегі орфографиялық білімдеріңіз сыналады. Сөздердің дұрыс жазылуын сынға аламыз және мағынасын ашамыз. Артта қалған топ бастайды.
Жгуд – жгут қан тоқтатуда пайдаланылатын құрал
Капиляр – капилляр ұсақ қан тамырлары
Танометр – тонометр қан қысымын өлшейтін құрал
Йот – йод жарақаттанған аймақты өңдеуге арналған ерітінді
Венулла – венула капилллярлардың веналық ұшы
Гипопотония – гипотония иық артериясында қысымның 70-80 мм. сын.бағ. дейін төмендеуі
Аглютинация – агглютинация эритроциттердің бірігіп қалуы
Рецепиент – реципиент қан қабылдаушы адам
Әмбе – бап донор – кез келген қан тобындағы адамға қан бере алатын І қан топ адамы
Резус фактор – резус – фактор ерекше нәруыздық зат
Имунитет – иммунитет ағзаның бөгде заттарға қарсы тұра білу қабілеті
Артериолла – артериола жүректен қашықта тармақталған диаметрі шамамен 100мкм шамасындағы артериялық қантамырлар
Сергіту сәті. Е.Қасанғалиевтың «Атамекен» әні қосылады. дұрыс тапқан ұланға қосымша 2 ұпай беріледі
айналымның ұпай сандары саналып, алда келе жатқан топ анықталады.
ІІІ Жаңа тақырып түсіндіру
3 айналым. Әр топ басшылары екінші топқа сұрақ қояды. Дұрыс жауап 5 ұпайдан.
Артерия тобы Капилляр тобына сұрақ қояды:
Капиллярлық қан кетуде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?
Капилляр тобы Вена тобына сұрақ қояды:
Веналық қан кетуде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?
Вена тобы Артерия тобына сұрақ қояды:
Артериялық қан кетуде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?
4 айналым. Көрнекі құралдар арқылы жүзеге асады. Мына берілген заттардың ішінен берілген сұраққа жауап беретін тауып беріңіз. Дұрыс жауап 2 ұпай.
Қан қысымын өлшеуге арналған құрал – тонометр
Жүректің соғу жиілігін есептеуші құрал – секундомер
Қан тоқтатуға арналған құрал – жгут
Жарақаттанған жерді өңдеуге арналған – йод және дәке таңғышы
VI Қорытынды:
5 айналым. Сенемін және сенбеймін ойыны. Дұрыс жауап 1 ұпай
1. Адамдарда қанның 1,2,3 тобы бар сенесіз бе? Сенбеймін
2. Қан адам дене салмағының 7,7% құрайды сенесіз бе? Ия сенемін
3. Резус – фактор адам мен макака – резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз сенесіз бе? Ия, сенемін
4. Қан ұйымайтын ауру гемофилия деп аталады сенесіз бе? Ия, сенемін
5. Дүние жүзінде ең сирек кездесетін қан тобы 4 екендігіне сенесіз бе? Ия, сенемін. Себебі әлемде адамдардың 5% ғана кездесетін, алтыны бар қан тобы болып бағаланады.
6. Тромбоциттер, қан пластикалары түссіз домалақ немесе сопақша пішінді ядролы жасуша сенесіз бе? Жоқ, сенбеймін. Себебі оларда ядро болмайды.
7. Артериялық қан кетуде қан атқылап ағады сенесіз бе? Ия, сенемін. Себебі артериялық қан тамырларда қан қысымы жоғары
8. Веналық қан кетуде қанның түсі ашық алқызыл сенесіз бе? Жоқ, сенбеймін. Себебі вена қаны комір қышқыл газына қаныққан
9. Капиллярлық қан кетуде қан тамшылап ағады сенесіз бе? Ия, сенемін. Себебі капиллярларда қысым төмен, қан баяу ағады
Сергіту сәті: жасырын ән табу. «Қазақ жігіттері» әні. Қосымша екі ұпай.
Бағалау 1 мин
Үйге тапсырма: П – 38, 133-бет