Капиллярлы?, веналы? ж?не артериялы? ?ан кетуде к?рсетілетін ал?аш?ы к?мек. М?рыннан ?ан кеткенде к?рсетілетін ал?аш?ы к?мек.


Тексерілді:____________Оқу ісінің орынбасарыКүні:Сыныбы:8Пәні: БиологияСабақтың такырыбы: Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: әр түрлі жарақат түрлері, олардың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек беру шаралары туралы білім беру2) Дамытушылық: әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамыту3) Тәрбиелік: жеке басының ғана емес, өзгенің де денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуы, адамгершілік сапасын қалыптастыруСабақтың типі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Түсіндірмелі, пікір - таласСабақтың көрнектілігісүйектердің түрлері, сызбанұсқа, дәке, қатты қағаз, жұқа тақташаларI.Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу,окушыларды түгелдеу,сабак мақсатымен танысу.II. Үй тапсырмасын тексеруГуморальдық реттелу.
Шамадан тыс бұлшық ет əрекетінің жүрек пен қантамырларына əсері.
Жүректі жаттықтырудың маңызы
III.Жаңа сабақ
Мұрын қанағанда не істеу керек?
Әдетте мұрынна қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек:
1. Көмек көрсетілетін бала отыруы керек.
2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады.
3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс.
4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін бала сәл алға еңкеюі керек.
5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет.
6. Егер қан кету тоқтамаса, баланы міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады.
IVБекіту:
Бекіту. Тестік жұмыс.1. Алғашқы көмек қай кезде жасалады?а) ауруханадаб) дәрігер келгендев) дәрігер келгенше немесе ауруханаға жеткізгенше2. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданғанда не пайдаланылады?а) жгут, киімдерб) мақтав) дәрі3. Сынықтың түріа) жабықб) ашықв) ашық және жабық4. Қолдан тыныс алу әдісі қай кезде қолданылады?а) қан кеткендеб) естен танғандав) сынғанда5. Қолдан тыныс алу әдісін қалай орындайды?а) 3 рет терең тыныс жіберіледіб) кеуде тұсынан басадыв) 3 терең тыныс жіберіліп, 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе тұсынан басады.V.Бағалау (оқушылардың білімдерін бағалау)VI.Үйге тапсрыма беру.§38. 166 бет