?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. та?ырыбы :Мені? елім- ?аза?стан
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары.
Жамбыл Жабаев.
Павлодар қаласы №29 ЖОМ.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Шалова Раушангүл Қабдоллақызы.
Сабақтың тақырыбы:Жамбылдың балалық шағы.
Сабақтың мақсаты:
Біліктілік: Оқушыларға Жамбылдың балалық шағы туралы мәлімет бере отырып,Сөйлемнің бірыңғай мүшелері тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп, білім деңгейлерін арттыру.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, ауыз-екі сөйлеу дағдысын жетілдіру, өз ойларын толық жеткізу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнер адамдары туралы білімдерін тереңдете отырып, өнерге, өлеңге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Топтық, сұрақ-жауап, әңгімелеу, модульдік, коммуникативтік технология.
Көрнекілік: Интерактивтік тақта, Жамбылдың суреті, кесте қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, кезекшімен әңгімелесу.
-Бүгін желтоқсанның нешесі? Аптаның қай күні?
Тақырыпқа шығу. Тақтада Жамбылдың суреті шығады.
-Балалар, бұл кім?
-Бұл Жамбыл.
-Ол кім? Қандай ақын? Ол туралы не білесіңдер?
Оқушылар жауабы: Жамбыл 100 жасаған ақын, суырып-салма ақын, айтыскер, халық жаршысы,Шу өзенінің жағасында, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген, «Ленинградтық өренім» өлеңін шығарған.
-Біз қазақ әдебиеті сабағында өткенбіз.
Сабақтың тақырыбы «Жамбылдың балалық шағы».
Мақсатқа шығу:
-Осы тақырыпты меңгеру үшін не істейміз?
Оқушылар жауабы: Мәтінді оқимыз, жаңа сөздермен жұмыс жасаймыз, аударамыз, сұрақ -жауап құрастырамыз.
II. Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі.
Жамбыл адамгершілік пен ақындықтың, батырлық пен ерліктің жаршысы. Ол айтыстарға қатысқан. Жамбыл халықтың мұңын жырлаған . Оның шығарған өлеңдері өте көп.
«Шағым», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» т.б. өлеңдері бар.
Енді сендерге айтатын бір жай бар. Ол 1996 жылы ақынның 150 жаcқа толуына байланысты ЮНЕСКО шешімі бойынша оның тойы әлемдік деңгейде мерекеленді.(слайд шығады)
1 Енді, балалар, мәтін алдында жаңа сөздермен жұмыс жасап алайық
-Мақсатымыз жаңа сөздерді меңгеру. (5 мин)
-Кітаптарыңды ашыңдар. ( 45бет) Бір балаға оқулықтағы сөздікті оқытқызып шықтыру.
-Ал енді осы жаңа сөздердің арасында таныс емес сөздер бар ма?
Балалар кітаптағы таныс емес сөздерді оқиды.
-Сендердің және менің ойым бір жерден шықты, бірақ жаңа сөздеріңе қосатын бір сөзім бар.
Тақтада жаңа сөздер шығады
Шыбық – прутик
Қостау - поддерживать
жады – память
беделді – авторитетный
Ұлықсат – разрешение.
тәнті (риза болу) – восхищаться.
Бір оқушы оқып шығады.
2. Келесі жұмысымыз топпен жұмыс.
Мақсатымыз мәтінмен жұмыс.
Топ жетекшісі тағайындалады, топ аттары аталынады.
3 топ. Уақыт қадағаланып отырады.
Бақылау парағы таратылады.
Кезең. (5 мин)
Мәтінді оқыңдар.
Аударыңдар.
Топ ішінде бір – бірлеріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар.
Топ жетекшісі бағалайды.
2 кезең.
Келесі жұмысымыз әр топ дәптерлеріне үш сұрақ жазып, бір – біріне сұрақ қойып, жауап алады. (сұрақтары қайталанбау керек). (5 мин)
кезең. Мақсатымыз мәтін бойынша түсінгендеріңді, берілген кестені толтыру арқылы көрсету. ( интерактивтік тақтада жұмыс)
(5 мин)
Жамбылдың
балалық шағы
зерек бала Жамбылдың ұстазы
-Сонымен осы жұмысты болдық.
3 Келесі жұмыс. Дәптерлеріңе мәтін бойынша сөздіктегі сөздерді тіркескен сөзімен бірге жазыңдар.(5 минут уақыт) жеке жұмыс.
Мысалы: шыбық (молданың шыбығына, оның шыбығына), қостау (ағайыны қостайды, мұны қостайды, Сарыбай да қостайды)(5 мин)
4.Келесі жұмыс. Енді алған бағаларыңды грамматикалық тапсырмалар арқылы дәлелдеңдер. (5 мин)
Мақсаты: Тыныс белгісін ескеру, бірыңғай мүшелерді пысықтау.
Тапсырмалар тақтада шығады .
1 топ. Сызба бойынша сөйлем құраңдар.
1)
2)Бірыңғай мүшелерді теріп жазып, сұрақ қойыңдар.
2 топ. Сызба бойынша сөйлем құраңдар.
1)
2)Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
«Жамбыл өлең, жыр, дастан, ертегілерді тез жаттап алатын».
3топ. Сызба бойынша сөйлем құраңдар.
1)
2)Берілген сөйлемді бірыңғай мүшелермен толықтыр.
«Жамбыл ..., ..., ..., жатқа білді.»
Әр топтың жетекшілері тақтаға шығып, берілген тапсырмаларды орындайды.
Мұғалім тексереді.(2 мин)
Бағалау: Балалар, бір-бірлеріңнің дәптерлеріңді алып, тексеріп баға қойыңдар.
III. Сабақты бекіту. (5 мин)
-Енді, балалар, Жамбылдың балалық шағымен сендердің балалық шақтарыңда айырмашылық бар ма?
Ауызша жауап алу.
IV. Сабақты қорыту. (3 мин)
-Бүгін сабақта не білдіңдер?
-Кім туралы, не туралы айттық?
-Міне, балалар, осындай ақындарымызды білуіміз керек. Олардың өлеңдерін жаттауға тырысыңдар. Біз оларды танып, білуге міндеттіміз.
V. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері сөйлейді. (3 мин)
VI. Үйге тапсырма:
Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту.