Интеллектуалды сайыс: Елім мені?
“Құрық селосының № 6 орта мектебі” мемлекеттік мекемесі
00 Интеллектуалды сайыс
Интеллектуалды сайыс
«Елім менің»
Сынып жетекшісі:Қалиева Айсұлу
Жақсылыққызы
4 “А” гимназия сыныбы
Құрық селосы
Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.Құрылымы: Ойынға 4 баладан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Қалған оқушылар әр топқа жанкүйер болады. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша 9пай жинайды . Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Барысы:
Мұғалім:
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Елім менің» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!Білімменен тәнті етеді тектілер,Мұратына білім қалды жеткізер.Бар ізгілік тек біліммен алынар,Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Елім менің» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.Достық пен бірлікті етіп тұлға,Жеңіске жеткен едің талай сында.Қара қылды қақ жарып әділ қазым,Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өздерін таныстырып кетеді.Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:1. Бәйге2. Сөз мерген3. Ғажайып үштік4. Сөз тапқыш5. Сөз тапқанға қолқа жоқ.Әр бөлімнен кейін музыкалық үзіліс.
Ойын: «Әуенді тап» Музыка ойналады, оқушылар әннің атын тауып орындау керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай қосымша беріледі.
Көрермен жиналған бұл тамашағаҚұр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа сыныптас, танысқа емесСоқ қолыңды білімді жас талантқаЕндеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.« Тапқырлар » тобы «Алғырлар » тобыЖүргізуші:Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?Ойынымыздың І- кезеңі «Бәйге» бөлімі:Бұл бөлімде әр топқа 20 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпай
« Тапқырлар » тобы
1.ҚР-ның гимнің авторы кім?
2. Аңыз дегеніміз не?
3. Ертегінің неше түрі бар? Ата.
4.Абайдың шын аты?
5. «Қуанғандығым сонша, алдымда тұрған дөңгелек қара сақалды , дембелше келген адамды сүйіп алуға әзір едім» - деп кім жазды? / С.Көбеев/
6. Қашықтықты қалай табамыз?
7.1 см2 –та неше мм2 бар?
8. 1 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
9. 1сағатта неше секунд бар?
10. Тік төртбұрышты параллелипедтің көлемін қалай табамыз?
11. Бастауыштың сұрағын ата
12. Жалғаудың неше түрі бар? Қандай?
13. Сөз тіркесі дегеніміз не?
14. Қандай буынның түрлерін білесіңдер?
15. Сөйлем дегеніміз не? Олардың түрлерін ата
16. Ауаның құрамын ата
17. Ең терең көлді айт
18. Айда күндізгі температура қанша?
19. ҚР- сы жер көлемі жөнінде нешінші орында?
20. «Қазақ елі» монументінің биіктігін ата
«Алғырлар » тобы
1. ҚР-ның елтаңбасының авторы кім?
2. Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады?
3. М.Әуезов: «қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтынөшпес белгі орнатты» деп кім туралы жазды?
4. Шешендік сөздер дегеніміз не?
5. Айтыстың түрлерін ата?
6. Жылдамдықты қалай табамыз?
7. 1 м2 –та неше см2 бар?
8. Ауданды қалай табамыз?
9.1метрде неше милиметр бар?
10. Уақытты қалай табамыз?
12. Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің түрлерін ата
13. Мәтін дегеніміз не?
14. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
15. Дауысты дыбыс түрлерін ата
16. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата
17. Ең үлкен көл?
18. Айда түнгі температура қанша?
19. Қазақстан мыс қоры жөнінде нешінші орында?
20. Хеопс перамидасының биіктігін ата?
Ойын: «Әуенді тап» музыкалық үзіліс.
ІІ кезең: Сөз мерген
Бұл кезеңде оқушыларға жұмбақ жасырылады. Дұрыс жауапты үш тілде яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі атауларын айтып және жазып көрсетулері керек.
1. Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
Жауабы: глобус – глобус- globe
2. Егіз қайың,
Бой бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес- бестен.
Жауабы: қол – рука - hand
3. Тілден ұшып
Құлаққа қонады.
Жауабы: сөз – слова - word
4. Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорыққан
Жауабы: жылан – змея - snake
5. Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек.
Жауабы: шошқа – свинья –pig
6. Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.
Жауабы: хат – письмо – better
7. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны ашыр?
Жауабы: мұғалім – учитель- teacher
8. Шіркіннің өзіне обал- ақ,
Жүреді аяқта домалап.
Жауабы: доп – мяч – ball
Ойын: «Әуенді тап» музыкалық үзіліс.
ІІІ кезең: Ғажайып үштік
Бұл кезеңде 30-дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап бері керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады . Солай ойын жалғаса береді. Бұл кезең үш бөлімнен тұрады. Бұл кезеңде ел тарихында ерекше орны бар тұлғалар туралы , олар қазір арамызда болмаса да, елімізге еңбегі сіңген азаматтар немесе арамызда жүрген оқырманға жақсы таныс кейіпкерлер болуы мүмкін.
Тұлғаны таны . Берілген портреттегі тұлғаларды тану.
Сол жақтағы 30-Қажымұқан Мұңайтпасов
Ортадағы 40-Құрманғазы Сағырбайұлы
Оң жақтағы 40-Қайрат Рысұүлбеков
Қөркем сөз. Берілген ақындардың бір өлеңін жатқа айту.
Сол жақтағы 30- Ыбырай Алтынсарин
Ортадағы 40- Абай Құнанбаев
Оң жақтағы 50-Мұқағали Мақатаев
3.Бейнелі суреттер.Суретте бейнеленген әңгіменің атын атау
Сол жақтағы 30- «Нағыз адам» әңгімесі
Ортадағы 40- Б.Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» әңгімесі
Оң жақтағы 50- М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі
Ойын: «Әуенді тап» музыкалық үзіліс.
ІV кезең - Сөз тапқыш
Әр оқушыға екі әріптен беріледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға мойындарында ілулі әріптерден сөз құрастыру керек.
І- топ: Қ Н Ы Т
Ш Л А А
Білім басқа бітеді,
--------тасқа бітеді. /қына/
Қыс мезгілінде балалар қарда немен ойнайды? / шана/
Білім тозбайды, ------ ---азбайды. /ақыл/
Бала, баланың ісі --------- . /шала/
Алматы, Ақтау, Жезқазған - бұлар --------- / қала/
ІІ-топ: Ж А А Р
Б О Ы Л
1.Қаси – қаси ---------болады. / жара/
2. Нанды жерге тастама --------- болады. /обал/
3. Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
--------- --- жағасындағы құрақ. / бала/
4. Таудың көркі тасы менен бұлағы,
Аттың көркі ------ мен құлағы. / жалы /
5. Өмір озады, ---------- тозады. /ажар /
Ойын: «Әуенді тап» музыкалық үзіліс.
V кезең. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Тақтаға сөздер беріледі. Сол сөздер арқылы тұрақты сөз тіркесін құрап, мағынасын ашу.
4016375-116205 мұрын
00 мұрын
4016375271780 құлақ
00 құлақ
2857973272015 қас
00 қас
4016375698500 көз
00 көз
309372048304Жауабы: Қас пен көздің арасы
0Жауабы: Қас пен көздің арасы
-13017577470Жауабы: Қой аузынан шөп алмас
0Жауабы: Қой аузынан шөп алмас
3977005122555 басы
00 басы
3977005516255 шашы
00 шашы
3977005942975 үсті
00 үсті
2818130516255 төбе
00 төбе
136144036830 ауыз
00 ауыз
1361440430530 көз
00 көз
1361440857250 қол
00 қол
19983318755 жұмған
00 жұмған
3022600178435Жауабы: Төбе шашы тік тұрды
0Жауабы: Төбе шашы тік тұрды
-201295207645Жауабы: Жұмған ауыз ашпау
0Жауабы: Жұмған ауыз ашпау
1084580107315 соз
00 соз
1084580501015 бұр
00 бұр
1084580927735 жар
00 жар
413639041275 аттамау
00 аттамау
4136390434975 секірмеу
00 секірмеу
4136390861695 үзбеу
00 үзбеу
2977515434975 жіп
00 жіп
-7661389934 мойын
00 мойын
301180518415Жауабы: Біреудің ала жібін аттамау
0Жауабы: Біреудің ала жібін аттамау
-21209047625Жауабы:Мойны жар бермеді
0Жауабы:Мойны жар бермеді
30784801543050Жауабы: жерден жеті қоян тапқандай
0Жауабы: жерден жеті қоян тапқандай
-1454151572260Жауабы: Тайға таңба басқандай
0Жауабы: Тайға таңба басқандай
4032885260350 шөп
00 шөп
4032885654050 құдық
00 құдық
40328851080770 қоян
00 қоян
2874010654050 жер
00 жер
1417320174625 тоқым
00 тоқым
1417320568325 таңба
00 таңба
1417320995045 жүген
00 жүген
255270565150 тай
00 тай
Қорытынды:Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып жеңімпаз анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы сыйлықты табыстайды
.-Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт-дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады