Егеменді елім — ?аза?стан ашы? саба? (Балаба?ша)


Тақырыбы: Егеменді елім – Қазақстан!
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгң иелерін тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалар сөздігін молайту, байланыстыра сөйледі қалыптастыра отырып тәуелсіздігімізге арналған тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.
Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл күйлерін көтеру.
Методикалық әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сұрақ –жауап.
Сөздік жұмыс: Республика, Рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс, тұлпар, бәйтерек
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, слайд
Билингвалды комконент: Отан – Родина, Ту – флаг, Елтаңба – герб
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Армысың, асыл күн
Армысың, алыс жер
Армысың, көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыңа жылу қос
Міне менің қолым бос –деп бір-біріне қолын береді.

Ғажайып сәт
Қазақ ұлттық киім киген ұлбала мен қыз бала сүйінші сұрап кіріп келеді.
- Сүйінші, сүйінші тәуелсіздік алғанымызға жиырма бес жыл болды! - деп кіріп келеді.
Тәрбиеші сүйіншісін береді Балалар қайталап қолдарынан ұстайды

Балалар шапалақтайды
Ұйымдастырушылық ізденістік
-Қане , балалар, Қазақстан Республикасының әнұранын айтайық.
Әнұран сөзін жазған: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әнін жазған:Шәмші Қалдаяқов
-Балалар, біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
Отан деген біздің еліміз, туған жеріміз, ауыл-қаламыз, туыс, бауыр мекен еткен жеріміз
-Енді, балалар Отан туралы кім тақпақ айтады екен?

-Балалар, тәуелсіздікті еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. Сендер «тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Қазақстан қандай мемлекет?
- Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
-Біздің елбасымыз, президентіміз кім екен?
-Елбасымыздың негізгі жұмыс орны қай қалада?
- Астана қандай қала?
-Кәне, Астана туралы кім тақпақ айтады?
- Балалар, ҚР Туының түсі қандай?
Тудың сипаттамасын түсіндіру. Тудағы дала қыраны еркіндіктің белгісі, күн – байлық пен берекені білдіреді.
Қане, кім Ту туралы тақпақ айтады екен?
-Елтаңбамыз туралы не айтамыз? Елтаңбамызды шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат – ер қанаты, шаңырақ ортақ үй деген түсінікті береді

- Отан туралы қандай мақал білесіңдер?
Сергіту сәті
Төскейден жел еседі
Төбемнен бұлт көшеді
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі!
Билингвалды компонент:
Менің Отаным – моя Родина
Тәуелсіздік – Независимость
Ту- флаг
Елтаңба – герб
Елорда - столица
Қане балалар шығармашылықпен айналысайық.(1 топқа ту суретін салғызады,2 ші топқа ту жабыстыртады қағазбен жұмыс.)
Оң қолын жүрекке қойып, әнұранды хормен айтады
-Қазақстан Республикасы

Бейбарыс:
Отан – сенің ата-анаң
Отан – досың, бауырың
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың
Айару:
Отан деген – Атамекен
Отан деген – туған жер
Отан – Ана
Отан –Үлкен Қазақстан туған ел.

-Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет
-Президент – Елбасы
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Астана қаласы
- Әсем, үлкен, бас қала
Әбілхайыр:
Ардақталды Астанам
Мәртебелі бас қалам
Көркейе бер күн сайын
Алғақарай бас қадам
- Көк түсті

Айша:
Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында көгереміз, көктейміз
Нұрай:
Шаңырақтың шаттығы
Асқақтатып тұр мұңы
Елтаңбасы елімнің
Елдің ... тірегі
Мерейхан:
Қазақ жері – кең байтақ
Мөлдіреген көк аспан
Алыс кетсем сағынам
Отаным сен – Қазақстан
- Отан оттан да ыстық
Икрасиво и богата
Наша Родина, ребята.
Долго ехать от столицы
До любой ее границы.
Қимылмен орындайды
Қайталап, жаттап алады


Көк және сары қаламдарды қолданады
Түрлі түсті қағаздарды қолданады.
Рефлексивті түзету
Сұрақ- жауап
Балаларға сұрақ қою, жауап алу арқылы ашық оқу қызметін аяқтайды.
Балаларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.
Әрқайсысына астанамыздағы ғимарат монументтердің фотоларын естелікке береді
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Өз жетістіктеріне қуанады

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында түсінік алады. Рәміздерді, әнұранды.
Игереді: Тақырып бойынша сөздерді
Меңгереді: Тақырыпқа сай сөздіктерді