Же?іл атлетика. Т?менгі с?реден шы?у техникасы. 60 метрге ж?гіру ?дісі.
«Әулиеағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығмен»
мемлекеттік мекемесі
Жеңіл атлетика.
Төменгі сөреден шығу техникасы.
60метрге жүгіру әдісі.
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Сұлтанбеков Е.М.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
Төменгі сөреден шығу техникасы
60 метрге жүгіру әдісі
Өтілетін мерзімі:
Сыныбы: 5б
Өтілетін орны: мектеп спорт алаңы
Сабақтың мақсаты:
1.Төменгі сөреден шығу техникасымен 60 метрге жүгіру техникасын үйрету арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту
2. Жылдамдық, ептілік, икемділік, шыдамдылық дене сапалық қасиеттерін жылдамдық, күш, ептілік дамыту
3. Дене тәрбиесі сабағында ұжымшылдық, адамгершілікке, эстетикалық еңбек тәрбиесіне баулу, дене жаттығулары арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту
Сабақты өткізу әдісі: Жаппай топтық кезекті, жеке, тізбектік бөліп алу
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық, жалауша,секундомер.
р/с Сабақтың мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
1.Кіріспе бөлімі
10-15 мин Оқушыларды сапқа тұрғызып, кезекшінің мәлімдемесін қабылдау. Жаңа сабақтың мақсаты мен қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Саптық жаттығуларды орындау: Оңға солға бұрылу арқылы оқушылардың дайындығын тексеру. Спорт алаңының немесе квадраттың бойымен жүріп жаттығу жасату.
1.қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру
2.қол иықта аяқтың өкшесімен жүру
3.қол белде аяқтың сыртқы қырымен жүру
4.қол артта аяқтың ішкі қырымен жүру
5. спорттық қадаммен жүру
Жеңіл атлетикалық жаттығулар жасату
1.оң бүйірмен қолды алға айландырып жүгіру
2.сол бүйірмен қолды артқа айландырып жүгіру
3.арқамен сол иықтан қарап жүгіру 1мин
1х10м
1х10м
1х10м
1х10м
1х10м
1айналым
1х15м
1х15м
1х15м Оқушылардың сапқа дұрыс тұруын қадағалау
Сабақты уақытында ұйымдастыру
Қолдың ұшына қарап созылу. Денені тік ұстап жүру. Жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау.
Спорттық қадамның техникасын көрсету.
Қолды барынша кең айландыру
Спорт алаңын жеңіл жүгіріспен 1 айналым жүгіру. Қозғалыста демалыс жаттығуын жасату. Үш қатарлы сапқа тұрғызып жалпы дамыту жаттығуын жасату.
1.бастапқы қалып негізгі тұрыс 1дегенде қолды жоғары көтеріп сол аяқты артқа қойып шалқаю, 2дегенде бастапқы қалып 3-4 тура солай оң аяқ.
Б.қ а.и.д қол белде басты 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру.
3.Б.қ.а.и.д қол иықта 1-4 алға, 1-4 артқа айналдыру
4. Б.қ.а.и.д қол белде белді 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру
5. Б.қ.а.и.д қол тізеде тізені 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру
6.Б.қ негізгі тұрыс қол белде 1-4 оң аяққа, 1-4 сол аяққа, 1-4 қос аяқпен секіру
Демалыс жаттығуын жасату.
1.аяқты артқа сілтеп жүгіру
2.тізені көтеріп жүгіру
400м
3-4рет
3-4рет
3-4рет
3-4рет
1-2рет
2х20м
2х20м Арақашықтықты сақтау. Жүгіру техникасына көңіл бөлу
Барынша шалқаю
Көзді жұмбау
Иықты кең айналдыру
Жаттығуды дұрыс жасауын қадағалау. Барынша биік секіру
Берілген жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау
ІІ. Негізгі бөлім 25-30мин Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты теория жүзінде түсіндіріп, практика жүзінде көрсету
1.төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп 1, бір жарым қадам санап алып қолды сөре сызығының үстіне қойып итеретін аяқты алдынғы ұшына қойып итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады.
«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп алға қарап тұрады.
«Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20метрге максимальді қарқын алғанша жиі -жиі басып жүгіреді.
2.60метрге жүгіру. 60м жүгіру 4фазадан тұрады:
*сөреге тұру
*сөреден шығу
*берілген қашықтықты жүгіру
*мәре сызығынан өту
«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру.
«Дайындал» деген бұйрықта көтерілу.
«Жүгір» деген бұйрықта аяқ қолды тез- тез қимылдатып 20метрге дейін аяқты жиі -жиі басып максимальді қарқын алғанша жүгіріп келіп мәре сызығын кесіп өту қажет.
60метрге жүгірту. 10мин
10мин
8мин Оқушылардың сөреге дұрыс тұруын қадағалау және итеретін аяқтың алға қойылғанын қадағалау.
Оқушылардың «жүгір» деген бұйрық бойынша жүгіруін қадағалау.
Сөреден дұрыс шығып, берілген қашықтықты тоқтамай жүгіріп өтуін қадағалау. Әр оқушының өз жолымен жүгіруін қадағалау
ІІІ.Қортынды бөлім
3-5мин Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығуын жасатып, сапқа тұрғызып , сабақта жіберген кемшіліктері мен жеткен жетістіктерін айтып бағалап, үйге тапсырма беріп, қоштасу Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін қадағалау.