Дене т?рбиесі п?нінен саба? жоспары 60 метрге ж?гіру 
САБАҚ ЖОСПАРЫ №4
Сыныбы:     4 «б»                   Уақыты:  13.09.2016
Сабақ тақырыбы:  60 метрге жүгіру 
Өткізетін орны:    спорт алаңы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:  
Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту; 
Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, жан-жақты дене тәрбиесі даярлығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу;
Оқушылар бойына адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру.
Құрал-жабдықтары:  Ысқырғыш, секундомер, т.б.
Мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқау
І. Дайындық бөлімі
Жүру жаттығулары:
-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
- қол белде, өкшемен жүру;
-қол алда, жартылай отырып жүру;
-қол желкеде, толық отырып жүру.
Жүгіру  жаттығулары:
Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
Сол қол алда, артпен жүгіру;
Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру; 
Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары:
Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;
Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;
Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз; 
Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу,   қыз балалар 25 рет отырып-тұру. 20 мин.
Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.
Қолды бүкпей, толық айналдыру
Аяқты бүкпей орындау
Қолды бүкпей, толық қисаю
ІІ. Негізгі бөлім
60 метрге жүгіру:
Оқушыларды екіге бөліп, екі оқушыдан сөре сызығына отырғызу және сөреден шығу жаттығуларын үйрету; 
30-60 метрге шапшаңдықты үдете жүгіру ;
60 метрге дейін ең жоғарғы шапшаңдықпен 2-3 рет қайталап жүгіру. 
20 мин.
Жаттығу барысында оқушылардың дұрыс тыныс алуын, шапшаңдығын қадағалау 
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу;
Үйге тапсырма беру;
Жүйелі түрде бағалау;
Оқушылармен қоштасу. 5 мин. Қателіктерін айтып, ескерту