Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті ?й жануарлары


«Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі»КММ
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы:



«Бүлдіршін» 2 - кіші тобы.
Өткізген: Аскар.С.А Шағын орталық тобының
тәрбиешісі.
2013жыл.

Күні: 06.12.2013ж.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың төлдерін бір – бірінен ажырата білуге, дыбыстарын айыра білуге үйрету. Үй жануарларының беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Үй жануарлары – домашные животные, сиыр- корова, жылқы – лошадь, түйе – вервлюд, қой – баран, ешкі – коза.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, үнтаспа.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі:
Қонақтармен сәлемдесу. «Шаттық шеңбер».
Армысың асыл күн!
Армысың асыл нұр!
Армысың асыл досым!
Міне,менің қолым!
Жылуыңа жылу қос!
Балалар сәлемдеседі.
Шаттық шеңберін орындайды.
Іздену – ұйымдастырушылық
- Балалар үй жануарларына нелер жатады?
- Оларды не себепті үй жануарлары деп атайды?
- Үй жағдайында ұстайтын, оларға адамдар қамқорлық жасайтын ол – үй жануарлары. Үй жануарларының пайдасы көп .Сиырдың сүтін ішеміз, май аламыз, етін жейміз Жылқы бұрынғы кезде жылқыны көлік ретінде пайдаланған. Жылқыны мініп жүреді. Жылқының сүтін қымыз дейміз. Қымыз денсаулыққа пайдалы. Ал мынау қой. Қойдың бойы кішкентай, оның да етін жейміз. Жануарлардың баласын –төлдер деп атаймыз. Сиырдың төлі- бұзау, Жылқының төлі- құлын, Қойдың төлі-қозы,
Түйенің төлі-бота.Кәне бәріміз қайталап айтайық. -Сиырдың төлі- бұзау. Жылқының төлі- құлын. Қойдың төлі- қозы. 
Түйенің төлі-бота.Үй жануарлардың тұратын жерін, үйін – қора деп атаймыз. Үй жануарына ит пен мысық та жатады. Ит пен мысықты да адамдар асырайды.
  Бұл жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады. Төлдері енесі өріске кеткенде, қарны ашқанда дыбыс білдіреді.
«Не қалай дыбыстайды?»
Үнтаспадан жануарлардың дыбыстарын келтіру.
- Үй жануарларын қалай шақырады?

- Балалар, енді осы үй жануарлары туралы тақпақтар білеміз бе?
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Томпиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
 
Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап та, көрсет»
Шарты: тақтада көсетілген жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы көрсету.
Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
- Балалар үй жануарларына нелер жатады екен?
Сиырдың дыбысы қалай екен? Ал қойдың ше?
-Үй жануарларына әрдайым қамқор болып жүріңдер!
- Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіне барлығың жақсы қатыстыңдар, сендерге көп рахмет! Ал енді қонақтармен қоштасайық.
Балалар үй жануарларын атайды.
Балалардың жауабы.

Балалар дыбыстарды ажыратып айтады.

- Қой – қозы: Пұшайт – пұшайт.
Сиыр-бұзау: Аухау – аухау.
Ешкі – лақ: Шөре – шөре.
Жылқы –құлын: Құрау – құрау.
Түйе – бота: Көс-көс.
Ажар: - Әукім-әукім әукешім!
Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Айзере: - Кіп-кішкен момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам «қозым»-деп,
«Қошақаным-өзің» деп!

Балалар ойынға белсене қатысады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
- Сау болыңыздар!
Рефлексивті - қорытындылау
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін біледі. Оларды бір – бірінен ажырата алады.
Қалыптасқан әдет: Барлық іс –әрекетке жақсы қатысып, жақсы орындайды.
Істей біледі: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері қалыптасады. Төлдерді шақыру туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады. Үй жануарларын айыру, олардың дауысын, жүрісін бейнелеуге шығармашылықпен қарайды