К?ркем ?дебиет ашы? о?у іс — ?рекеті Та?ырыбы: ?й жануарлары


Т
МКҚК №5 «Балбөбек» балабақшасы
Тексерілді:____________
Әдіскер: Қалапбаева Б.И.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
(көркем әдебиет)
Тәрбиеші: Саламатова С.Р.
2014 – 2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Үй жануарлары»Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасымаңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға,айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасау.Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсетуКөрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд.
Тәрбиеші:Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.Көкке қолды созайық,
Күннен шуақ алайық
Гүлге қолды созайық
Алақанға салайық
Жүректен жылу алайық
Оны да соған қосайық
Жиналған жылы шуақты бір – бірімізге шашайық.- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?- Қыс мезгілінде неше ай бар?- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?- Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?- Өте жақсы. Жарайсыңдар!- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит - жеті қазынаның бірі.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің төлі - бота, сиырдың төлі - бұзау, қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі - лақ, жылқының төлі - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. 
(Осы кезде есік ашылып әже кереді).
Әже: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
- Бұл қай жер екен?- Балабақша.- Қандай балабақша?-«Балбөбек» балабақшасы.- Естілмейді қандай балабақша?-«Балбөбек» балабақшасы.
- Мен, осында ойнап жүрген немеремді іздеп жүрмін, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?
Балалар: - ЖоқТәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Әже төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастырылған оқуіс - әрекетінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.Әже: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?
Шөре, шөре, лағым,Секеңдеме деміңді ал,Тентек болма шырағым,Селкеңдемей құлағың, - деп нені айтамыз.
(Лақты)
Қара көзің мөлдіреп,Қызықтырмай қоймайды.Жібек жүзің үлбіреп, - деп нені айтамыз.
(Ботаны)
Әукім-әукім әукешім,Енең әне келеді,Ақ мамасын береді.Әукешім - деп нені айтамыз.
(Бұзау)
Басында екі таяғы бар.Төрт аяғы бар.Адам деуге болмайды,Сақалы тағы бар.
(Ешкі)
Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Әже уайымдамаңыз, немереңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.Сергіту сәті: Видеомен.
Әже: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.Тәрбиеші: Ендеше әжемізбен бірге үй жануарлары туралы видео ролик қарайық!
Тәрбиеші: Қане, балалар Әжемізбен бірге «Төлдерін тап»ойын ойнайық.(слайд көрсету).
(Немересінің даусы естіледі).Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір баланың даусы естілетін сияқты.Әже: Ой, балалар менің немеремнің даусына ұқсайды. Рахмет, балаларым өркендерің өссін! Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан өзім дайындағам дәм татыңдар балалар. Жақсы сау болыңдар!
Тәрбиеші: Рахмет, Әже сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Соу болыңыз!- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?- Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?- Малдың дыбысталғанын қалай атайды?Жылқы - кісінейдіСиыр - мөңірейдіҚой, ешкі - маңырайдыТүйе - боздайды.
Тәрбиеші: Қане, балалар, орнымыздан тұрып жылулық шеңберін құрайық жылы тілектерімізді айтайық!
Тәрбиеші: Осы тілектеріміз қабыл болсын! Балаларымыздың апайларына дайындаған сыйлықтары бар екен. Бұл сыйлық күннің суреті. Алдағы күндері сәтті, ашық, табысты болсын деген тілекпен сіздерге тарту етеміз.Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық.