?аза? тілінен Ш.Айманов р?лдері та?ырыбына саба? жоспары 7 сынып


22.02.17 жыл 7 сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ш. Аймановтың рөлдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кино өнерінің тарихы туралы мәлімет беру, Шәкен Аймановтың өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттау.
Дамытушылық: Сөздік қорларын байыту, тіл байлығын кеңейту. Тәрбиелік:. Отандық киноға деген көзқарастарын байқап, оған деген сүйіспеншілікке баулу. 
Сабақтың негізгі әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, іздену, талдау, пікірталас  сұрақ –жауап, карточка, сөздік жұмысы, мазмұндау. 
Сабақтың түрі: танымдық сабақ, сайыс сабақ 
Сабақтың типі: Бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру және бекіту.
Көрнекілігі: тірек-сызба, карточкалар,слайдтан актер, режиссердің портреттері, қазақ киносынан үзінді көрсетіледі. 
Ұйымдастыру кезеңі 
- Сәлеметсіздер ме ! Отырыңыздар. Бүгін сабақта біз бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша білімдеріңді тексеріп, бекітеміз де, қазақ кино өнерінің тарихы туралы айтып, Ш. Аймановтың өмірі туралы танысамыз.
Бүгін біздің сабақта 2 топ отыр. Қазір топ басшылары өз топтарын таныстырады.Әр топ бірнеше сұрақтарға жауап береді.
Достар тобына :Қазір қандай жыл мезгілі? Қыс мезгілінің айларын кім атайды? Сендердің Отандарың қандай ел? Қ.Р. неше облыс бар?
Тұлпар тобына: Қ.Р. неше аудан бар? Елордамыз қандай қала? Қ.Р. Мемлекеттік тілі қандай тіл? Біздің ел тәуелсіздік алғалы неше жыл болды?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 
Өткен сабақтарда сендер сөз табы Есімдік, оның мағыналық түрімен танысқансыңдар Ал, дайын болсақ: 
«Достар» тобы 1. Есімдік деген қандай сөз табы
«Тұлпар» 2. Жіктеу есімдіктерін мысалға келтіріңдер.
1.тапсырма Сөйлемдерді дұрыс құрып, өткен сөз таптарын тауып сызу.
1 топ
Ме, және, түзу, Астананың , кең, көшелері?
Қалам, және, Павлодар, менің, туған, сүйікті.
Барайық, жаңа, көруге,ертең, фильмді.
Концерті, керек, жетіде, залында, концерт, Рымбаеваның, сағат,Роза, болуы.
Болуым, он алтысында, келер,Астанада, керек, желтоқсанның, сәуірдің.
2 топ
Үйде, керек, уақытта, қай, болуы, Шолпанның?
Кітаптар, қандай, қызық, және, кітапханада, бар, жаңа?
Оны, керек, қашан, көруің, сенің?
Бурабай, Меруерттің, екен, облысында,ауданында, туыстары, Ақмола.
Тілін, керек, қазақ, жақсы, үйрену.
2.Тапсырма жіктеу есімдіктерді аударып жазу (карточка)
1топ
мой твой Ваш его праздник
мейрам
у меня у тебя у Вас у него встретимся
кездесейік
мне тебе Вам ему нравится
ұнайды
2 топ
его наш ваш их семья
отбасы
у него у нас у вас у них поиграем
ойнайық
ему нам вам им не нравится
ұнамайды
ІІІ. Жаңа тақырып.
3.тапсырма Мәтінді түсініп оқу. Сұрақтар құрастыру
Ш. Айманов алғашында бірқатар рөлдерді ойнады «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.
Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
4. Сөздікпен жұмыс 
күрделі өндіріс.- сложное производсво
біріккен Орталық киностудиясы – объединенная Центральная киностудия
Сұрапыл соғыс жылдары – суровые военные годы
карышты қадам жасап – сделав ударный шаг
елеулі – знаменательный, достойный внимания
туындатты - произвели
басшылығымен - под руководством
әзіл мен қалжың толы – полны стиры и юмора
5.Шакен Айманов туралы фильм.
ІҮ.Үйге тапсырма беру Мәтінді мазмұндау, сөздерді жаттау.Ү. Сабақты қорыту, бағалау.