Планирование Орман-то?ай ?сімдіктері мен жануарлары
Сабақтың тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: 1. Орман және тоғай өсімдіктері мен жануарларының табиғаттағы
маңыздылығын түсіндіру. Түрлерін ажырату. Адамдардың
тіршілігі нәтижесінде пайда болған экологиялық проблемалармен
таныстыру.
2. Өткен сабақты қорыта отырып әр бір оқушының тіл байлығын,
сөздік қорын, пікірін дамыту. Сайыс сабақ аясында
ұйымшылдықпен ұжымдас болуға шақыру.
3. Экологиялық ұғымын тереңдете отырып, туған өлке табиғатын
сүюге, аялауға тәрбиелеу. Топтық жұмыс арқылы бір-бірінің
пікірімен ойымен санасуға ой бөлісуге тәрбиелеу. Пікірін ашық
түрде дәлелдеуге, сыни тұрғысынан ойлап ой қорытуға баулу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс, талдау,постер, жинақтау, топтастыру, ой қозғау, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері.
Сабақтың көрнекіліктері: слайд, бағалау карточкалары, топтық суреттер, тапсырмалар, топтастыру, ойын, деректі фильм, тақырыптық суреттер.
Пәнаралық байланыс: география
Сабақта қолданылатын жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Бүгінгі сабақтың өзгешелілігі мен ерекешілігін түсіндіру.
3. Сабаққа назар аудару, топқа бөлу.
1-топ «Зоологтар» 2-топ «Экологтар» 3-топ «Ботаниктер»
ІІ. Өткенге шолу:
1-топ «Зоологтар» тапсырмасы: Дала өсімдіктері мен жануарлары
2-топ «Экологтар» тапсырмасы: Шөл өсімдіктері мен жануарлары
3-топ «Ботаниктер» тапсырмасы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлры
Топтық тапсырманы постер арқылы қорғайды. Біріншіден жалпы ақпараттық ізденіс, екіншіден тіршілік жағдайы, үшіншіден экологиялық проблемалры туралы айту.
Постер қорғау мақсатында оқушылар түсінгендерін қорғайды, талдайды, жинақтайды. Барлық жасаған жұмыстарын смайликтер арқылы бағаланады.
ІІІ. Өткен сабақты қорыту:
Топ капитаны өз постерлерін қорғап бағаланады. Суреттер бойынша түсіндіріп өтеді.
Қосымша сұрақтар мен тапсырмалар алады.
683895278765Қызығушылықты ояту кезеңі
Қызығушылықты ояту кезеңі
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
Сурет бойынша жұмыс:
2540404431500
2. Суретте не көріп тұрмыз? Дыбыс ненің дыбысы?
3.Жаңа тақырыппен таныстыру. Орман- тоғай өсімдіктері мен жануарлары
688340287020Мағынаны тану кезеңі:
Мағынаны тану кезеңі:
Ү. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс: Топтық жұмыс беру арқылы жаңа тақырыпты тізбектей оқу.
Әр топтан оқушы түсінгенін дәлелдеу.
Кіріспе: орман - тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.
2476510795000Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар. Орман-тоғай еліміздің 2%-ға жуық бөлігін алып жатыр. Олар: Солтүстік Қазақстан облысы, солтүстік-шығыс Қостанай, Көкшетау қаласының шектелген арал түріндегі шағын бөлігі. Өсімдіктер жамылғысы көктеректі-қайыңды орман жэне әртүрлі шөптесін астык түқымдастарға бай. Негізгі орманды дала түқымы - көктерек пен кайың. Қайыңның үш түрі: қотыр қайың, үлпек қайың, қызыл қайың өседі.Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.
3071495445770000Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.
ҮІ. Ой толғаныс:
1.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу. 2. Дәптермен жұмыс Дәптерлеріне тақырыптан түсінгендерін жазады. 3.Топтық жұмыс. Постер қорғау.
4.Тақтамен жұмыс: жазғандарын дәлелдейді.
Ауа
15240009906000Жасыл дәріхана
15240003810000Тамақ көзі
16002009144000160020091440001600200914400015240009144000152400091440001524000-44958000Орманның рөліДемалатын орын
Отын көзі
Ағаш көзі
Жануарлардың мекені
5. Салыстыру жұмысы жүргізіледі.
5232401792605
Дос Жау
1. 2. 3. ҮІІ. Шығармашылық жұмыс:
Орманнан үзінді көрініс:
Орман ішінде серуенге келген қыздар.
Динара: Туу Гүлсезім шаршап кеттік. Оданда отырайықшы.
Гүлсезім: Кел оданда су ішіейік
Динара: Гүлсезім мұның не? Ормнаға қоқыс тастауға болмайды ғой.
Гүлсезім: Бізді орманнан кім көреді дейсің.
Динара: Сондада сенікі дұрыс емес.
Орманшы: Сәлеметсідер ме балалар! Орманда не істеп жүрсіңдер?
Динара: Біз орманға серуенге келдік.
Орманшы: Балалар мынау не орманға қоқыс тастауға болмайды ғой. Ескерту қағазын береді.
Қыздар: Кешіресіз ағай біз енді қайталамаймыз! Орманға от жағуға, қоқыс тастауға ағаштарды сындыруға болмайды.
ҮІІІ. Миға шабуыл:
Пікір талас кезеңі: «Егер орманның тілі болса...»
Топтық орманды қорғау мақсатында пікір айту және эссе жазу.
ІХ. Қортынды:
-165735216979500
1-топ Орман-тоғай өсімдіктерін топтастыру.
2-топ Орман-тоғай жануарларды топтастыру
3-топ Орманға төнетін қауіп-қатерлерді топтастыру.
-19053890010002856865389318500
-8255605853500
38862006403975
Топтық жұмыстарды бағалап қортынды шығару.
Х. Үйге тапсырма:
Мазмұнына дайындалу.
ХІ. Бағалау:
2976245147637500-113665148653500
Маңғыстау гуманитарлық колледжі
Диплом алды мемлекеттік практика
Дүниетану пәнінен
«Ашық сабақ»
Практикант: Тулеубаева Мұнара
Тобы: БА-43
Мектеп: №28
Сынып: 4 «В»
Уақыты: 13.02.2016ж
Әдіскер: Ақмамбетова Д. Б
Мұғалім: Рейпенова Ж.А
Баға:
Әдіскердің қолы:
Ақтау 2016жыл