Орман–то?ай ?сімдіктері мен жануарлары


Сабақтың тақырыбы: Орман –тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық ойын, тіл байлығын арттырып, табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Балалар жаңа тақырыптағы негізгі ойды ұғынуға, түсінуге тырысады . Ұйымшылдыққа, бірлікте жұмыс жасауға үйренеді. Бір-бірінің
пікірімен санаса білуді үйренеді..
Кезең Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Мейірімді жүрекпен
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
Миға шабуыл -Қандай құс орман емшісі деп аталады? (тоқылдақ)
-Әнші құс (бұлбұл)
-Кеудесі қайқаңдап,жүреді балпаңдап.(қаз)
Үй тапсырмасын тексеру. 1-топ Егін шаруашылығы
2-топ Мал шаруашылығы
3-топ Шаруашылықтың пайдасы
Ой қозғау Орман –тоғай туралы не білеміз?
Қандай өсімдіктер өсіп,қандай жануарлар тіршілік етеді?
Жаңа сабақ Материалды түсіндіру кезеңі
Орман –жербетіндегі табиғи қорлардың,оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі.Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бірнеше түрлері бар табиғи кешен.
Тоғай-шөл шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман.
Оқулықпен жұмыс Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс Өсімдіктер мен жануарларды жазады.
Миға шабуыл Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсың?
Бекіту Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?
Тоғайда әсіресе не өседі?
Бағалау Жиынтық бағалау
Рефлекция Кері байланыс
Үйге тапсырма Мәтінді оқу осы тақырып бойынша әңгіме жазу.