Саба? жопары Д?ниетану Жабайы ж?не ?й жануарлары 2 сынып


Дүниетану 2 сынып 11.04.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарларыСабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға үй жануарларының пайдасы мен олардан келетін ауру түрлері туралы мәлімет беру.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру. Тәрбиелігі: Өз ойларын жүйелі түрде жинақтап жеткізуге дағдыландыру.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Көрнекілігі: Жан - жануарлардың суреттері, слайд, плакаттар, семантикалық карта.Сабақтың түрі: Дамыта оқытуСабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сайыс әдісін пайдалануПән аралық байланыс: Ана тілі, биологияСабақтың барысы: I - Ұйымдастыру1. Сәлемдесу, жұрнал бойынша сыныпты түгелдеу 2. Сабаққа керекті заттарды реттеу 3. Сабаққа көңіл бөлу 3. Топқа бөлуI - топ: Бастау тобы II - топ: Негізгі топ III - топ: Ғылыми топПсихологиялық дайындық:
Күн шуағын жинаймыз,Достарымызға сыйлаймыз.Реттік саны Жануардың атауы Өмір сүруі Қозғалысы Қоректенуі ТүріМұхитта Жерде Аспанда Ұшады Жүзеді Жүреді Ет Балық Өсімдік Балық Құс Сүтқоректі1 Түйе 2 Бүркіт 3 Кит 4 Қасқыр 5 Аю 6 Қоян 7 Жылқы 8 Жолбарыс 9 ЖапалақII Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру кезеңі1 - кезең. Үй тапсырмасын семантикалық картаны толтыру арқылы тексеріледі.Үй тапсырмасына ана тілі сабағынан өтілген «Үйшік» атты орыс ертегісі арқылы пысықтау.1. Рөлге бөліп ойнау 2. Кейіпкерлерді атау3. Әр кейіпкердің қай жануарлар тобына жататындығын анықтауМысалы: Қосмекенді – бақа,Сүтқоректі – түлкі, қасқыр, аюКемірушілер – тышқанЖыртқыш аңдар – қасқыр, түлкі
2 - кезең. Сұрақ - жауап1. Сүтқоректі жануарлар туралы біз не білеміз?I - топЖабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «Сүтқоректі жануарлар» деп атайды.II - топЖер бетінде тек сүтқоректілердің ғана денесін түк (жүн) басқан. Қыстың суық айларында кейбіреулерінің жүні қалыңдайды. Сүтқоректілерді «жылықандылар» дейді. Себебі олардың денесі кез – келген ауа райында, термос сияқты, біркелкі температураны сақтап отырады.III - топЖер үсті сүтқоректілерінің төрт аяғы болады. Ал теңіз сүтқоректілерінің аяқтарының орнында – жүзбекқанаттары бор. Көк кит – ең үлкен сүтқоректі жануар.3 - кезең. Жабайы жануарлар деп неге атаймыз?II - ТопЖануарлардың бір тобы – жабайы аңдар. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.I - топЖабайы жануарлар – Жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю, т. бIII - топЖабайы жануарлардың кейбір түрлері қыстың күні қысқы ұйқыға кетеді. Мысалы: аю бар жинаған қорегін табанның майы арқылы сақтайды, сондықтан аю ұйықтап жатып табанын жалайды.4 - кезең. Жыртқыш жануарлар туралы біз не білеміз?I - топМысық, ит, ақкіс сияқты аңдарды құстарды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыш жануарлар деймізII - топЖыртқыштар жемін аңдып, бақылап, үлкен жылдамдықпен қуалап аулайды. Олар – арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, жапалақ т. бIII - топЖыртқыш жануарларды «дала санитары» деп те атайды. Себебі жыртқыш жануарлар жемін қуалаған кезде олардың ішіндегі ең әлсізі, ауруы артта қалып жыртқышқа жем болады. Сол арқылы аңдардың ауруы басқаларға жұғуынан сақтанып қалады.Сергіту сәті: Керекті сөздерді ойлайық1. Бау - бақша 2. Үй жануарлары3. Қосмекенділер 4. Жабайы жануарлар5. Құстар 6. Бунақ денелілер7. Жапырақтар  8. Сүтқоректілер  Жақсы балалар ( қой, ешкі, түйе, жылқы, сиыр) бұларды бір сөзбен не деп атаймыз?Үй жануарлары:
(қасқыр ,аю, түлгі т,б )
Жабайы жануарлар Дұрыс балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Үй жануарларымен Жабайы жануарлар.Олай болса біз үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды атаймыз. Оларға: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы жатады. Үй жануарларын барлығымыз білеміз, иә, олар барлығымыздың үйімізде бар.Үй жануарларының қоректенетін қорегі не?Шөп, су, жем. Оларға қамқор болуымыз керек.Үй жануарларының қандай пайдасы бар?Олардың пайдасы өте көп, үстіміздегі киім, ішіп - жеп отырған азығымыз, тағамымыз осының бәрі төрт түліктен алынады.Қой - төрт - түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер бәрі де қойдың жүнінен жасалады.Ешкінің түбіті, терісі, сүті, еті өте пайдалы, оның әсіресе терісі мықты болады.Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын (ыдыс жасалған, оны мес деп атағанСиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе, т. б. сиырдың еті де дәмді болады.Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде де пайдаланады. Оның еті өте дәмді қазы - қарта, жал - жая, қымыз адамға өте пайдалы, емдік қасиеті бар.Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Түйеге ертеде жүк артып, көшіп - қонған кезде өте керек көлік ретінде пайдаланған. Өзге жануарлардан ерекшелігі шөлге, аштыққа төзімді.Ойын (коммуникативтік, үйретуші»3 минутЕнді балалар «Төлін тап» ойынын ойнап көрейік. Тақта бетінде үй жануарлары мен олардың төлдері берілген. Олар бір - бірінен адасып қалған, соларды енелерімен қауыштыру керек.I - Топ(Суреттен балалар айтқаннан кейін төлдердің өз енелерінің қасына орналасуын сызба арқылы көрсетеміз: жылқы - құлын, сиыр - бұзау, қой - қозы, ешкі - лақ, тұйе - бота)II - Топ- Өте жақсы балалар, төлдерді енелерімен қауыштырып болдық, енді төрт түлікке байланысты мақал - мәтелдер айтайық1. Түйенің бурасы жақсы, Сөздің турасы жақсы. 
2. Алып анадан туады, Тұлпар биеден туады.3. Сиыр сипағанды білмейді,  Жаман сыйлағанды білмейді. 4. Қойшы көп болса Қой арам өледі.- Ал енді осы жануарлардың даусын ажырата білейікIII - ТопАл ендеше «Ізденіуші» топ бізге қандай жаңа мәліметтер береді екен?1. Қымыздың пайдасы туралы мәліметті осы тақырыпты ізденіп жүрген оқушы тыңдап корейк2. Мал сүтінен жасалатын құрттар тақырыбын ізденуші мәліметтерен тыңдайық.
3.Шұбаттың пайдасы туралы не білеміз. Сергіту сәті: 3 мин (релаксациялық)Көздеріңді жұмып, денелеріңді босаңсытыңдар, бос ұстаңдар.Өздеріңді құспын деп елестетіңдер – ұша жөнеліңдер!Алдарыңнан көкпеңбек теңіз кездесті, кеуделеріңе теңіздің толқындарыннан салқын самал соғады. Өте биікте ұшып жүрсіңдер. Алдарыңнан жап жасыл алып ағаш кездесті. Сендер сол ағашқа жайлап қоныңдар.- Ала балалар осыдан қандай әсер алғандарыңды айтып көріңдерші.4. Төрт түлік малдың пайдасымен бірге кейбір зиянды жақтарыда бар екен. Сол туралы «Балалардағы ішек – құрттар» туралы мәліметті
Сабақтың қорытындысы: Біз осы сабақтан не үйрендік?1. Қандай жаңа мәліметтер алдық?2. Мені не таңғалдырды?3. «Венн диограммасы» арқылы жабайы және үй жануарлардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.Үйге тапсырма: Өздерің тұрған жерде кездесетін үй және жабайы жануарлардың тіршілігіне сипаттама беріп, жазбаша түрде дәптерге жазу.Бағалау: Әр топ бір – бірін бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, қосымша мәліметтер жинақтау .
Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге кеңес береді. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. 
 Қымызда 499–528 ккал болса, Шұбатта 789–991 ккалболады. Шұбат құрамында май, әр түрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Зертханалық сараптаманың көмегімен ғалымдардың шұбаттың құрамында сиыр сүтіне қарағанда D дәрумені 15 есе көп екенін анықтаған. Шұбатты Маңғыстау облысы Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған. Бұрын қазақтар қою түйе сүтiн шәйға қосып iшкен, оның үстiне түйе сүтiн олар сиыр сүтi ретiнде пайдаланған. 
Құрт – сиыр сүтінен жасалған ұлттық тағам. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.