?аза?станны? ?сімдіктері мен жануарлары ?дістемелік дидактикалы? ??рал (4 сынып) Д?ниетану
Естай атындағы орта мектеп
Дүниетану
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары»
әдістемелік дидактикалық құрал
4 сынып
Құрастырған:Омарова Г.Т.
бастауыш сынып мұғалімі
Ақтоғай
2014 - 2015 оқу жылы
Алғы сөз
Ұсынылып отырған әдістемелік дидактикалық құрал 4-сынып үшін жалпы білім беретін мектептердің 1 -4 сыныптарына арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының негізінде жасалды.
Дидактикалық материалдың негізгі мақсаты – оқушылардың оқулық материалын үстірт оқи салмай, тереңірек түсініп оқу арқылы пәнге жауапкершіліктерін, қызыға оқу мүмкіндіктерін, табиғатқа мейіріммен қарауға бағыт-бағдар беру.
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауына 12 сағат берілген. Бұл тарауда «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары», «Дала өсімдіктері мен жануарлары», «Шөл өсімдіктері мен жануарлары», «Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары», «Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары» Сарамандық жұмыс. Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу, «Суқойма өсімдіктері мен жануарлары», Топсаяхат. «Өзі тұратын туған жердің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу», «Егіншілік пен мал шаруашылығы», «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі», «Қазақстан табиғатын қорғау», «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» бөлімін қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар сияқты тақырыптар қарастырылады.
Дидактикалық тапсырмалар «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы бойынша оқушылардың алған білімін жетілдіруге мүмкіндік бере отыра, оқушының ой-өрісін кеңейтеді, естігенін жадында бекітеді, көре білуге, үйренуге, байқағыштыққа, білімін тиянақтап отыруға, қиялдауға,қорытынды жасауға үйретеді.Сонымен бірге тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, оның әрбір жеке тақырыптарын толық меңгеруге талпынатындарына сенемін. Оқушылар дидактикалық тапсырмаларды орындай отыра, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана алады. Әдістемелік дидактикалық құралда басқатырғыш, сөзжұмбақ шешу, сөйлемді аяқтау, кестені толтыру, талдау, толықтыру, тест тапсырмалар, дұрыс жауабын тап, суретпен жұмыс т.б. тапсырмалар бар.
Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасау машықтары дамиды. Осындай жұмыс кезінде оқушылар арасында қарым - қатынас нығая түседі.
Күтілетін нәтиже: оқушылар оқулық материалын үстірт оқи салмай, тереңірек түсініп оқиды; пәнге жауапкершіліктері, қызыға оқу мүмкіндіктері артады; табиғатқа мейіріммен қарайды; оқушы туған жерінің табиғатын түсініп білетін, оған төніп тұрған қауіп-қатерді зерделей алатын, жан-жақты дамыған, заманауи «Тұлға» болып қалыптасады.
1
Әдістемелік дидактикалық құралдың мазмұны мен құрылымы
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары 12 сағат
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары 1 сағат
Дала өсімдіктері мен жануарлары 1 сағат
Шөл өсімдіктері мен жануарлары 1 сағат
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары 1 сағат
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Сарамандық жұмыс «Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу» 2 сағат
Суқойма өсімдіктері мен жануарлары 1 сағат
Топсаяхат 1 сағат
«Өзі тұратын туған жердің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу»
Егіншілік пен мал шаруашылығы 1 сағат
Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі 1 сағат
Қазақстан табиғатын қорғау 1 сағат
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» бөлімін қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1 сағат
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» бөлімін бітірген оқушылардың
білім деңгейіне қойылатын талаптар
Білімі
-өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендері, адам еңбегінің әсері, қорғау жолдары;
-Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемі;
-адамның табиғатқа ықпал етуі;
-туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы, даму жағдайлары.
Білігі
-тірі организмдерге ортақ сипаттамалармен жұмыс істеу, оларды топтастыра білу;
-өсімдіктер мен жануарларды күтіп, баптау;
-«Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарларды білу.
2
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Тапсырма № 1
Берілген басқатырғыштан 4 шалғын өсімдігін тап.
С А Ә Қ
Б Р С Е
Е Ғ А Л
Д Е Л У
Б А Д А
Л Қ Б Қ
У Т А Қ
Тапсырма № 2
Дұрыс жауабын тап.
1.Шалғын деген не?
А) Ормандағы алқап;
Ә) Шөптесін өсімдік өсетін жер;
Б) Құрғаққа төзімді өсімдіктер өсетін жер бөлігі.
2.Шалғында қандай жануарлар тіршілік етеді?
А) құрттар, қоңыздар, көбелектер, түлкілер;
Ә) бүркіттер, бозторғайлар, ақбөкендер, тышқандар;
Б) бозторғай, бөдене, саршұнақ, қоян, көбелектер.
3.Шалғындық ірі жыртқыш, Қазақстанның символы:
А) қаршыға;
Ә) бүркіт;
Б) сұңқар.
3
Тапсырма № 3
Бұл қай өсімдіктің гүлі? Сәйкестендір.
Беде Сарғалдақ Бақбақ
Сен білесің бе?
Әрбір ара илеуінде 20-60 мыңға дейін ара болады. Аналық ара күніне 1500 жұмыртқа шығарады және 2 жылға дейін өмір сүреді. Аталықтары 24 күнге дейін өмір сүреді. 1кг бал жасау үшін, ара 2 млн. гүлді айналып ұшып өту керек.
4
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Тапсырма № 1
Дала түрлерінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Дала түрлері
Шалғынды дала Қуаң дала Егістік дала
Тапсырма № 2
Берілген өсімдік атауларынан дала өсімдіктерінің астын сыз.
1.Көкнәр; 2.Шырша; 3.Сарыгүл; 4.Бетеге; 5.Жантақ; 6.Жиде; 7.Боз; 8.Жусан; 9.Қоға; 10.Сұлы.
Тапсырма № 3
Даланың жануарлар әлемін жаз.
Жәндіктер Құстар Аңдар
5
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Тапсырма № 1
Берілген өсімдік атауларынан шөл дала өсімдіктерінің астын сыз.
1.Таспашөп; 2.Жантақ; 3.Көкнәр; 4.Сексеуіл; 5.Арша; 6.Қамыс; 7.Қазжуа; 8.Қияқ;
9.Алақоржын; 10.Боз.
Тапсырма № 2
Шөл даланың жануарлар әлемін жаз.
Шөл құстары Шөл аңдары Бауырымен
жорғалаушылар
Тапсырма № 3
Сексеуіл өсімдігіне қатысты сөйлем тұсындағы реттік санды қой.
Сексеуіл
Шөлді жерде өседі.
Аюлардың қорегі.
Тамыры 20-30 метр тереңдікке кетеді.
Отын ретінде пайдаланылады.
Ғылыми атауы –үшқұлақ.
Әлемдегі отқа ең жақсы жанатын ағаш.
Сен білесің бе?
Негізінде шөлді жерде бұлтсыз ашық күндер саны 197 - 295 шамасында. Жазы ыстық. Қоңыржай белдеулік шөлде шілденің орташа темп-расы 22-32С; ең жоғарғы температурасы 50С; кейбір жерлерінде 30-38С. Солтүстік Америкадағы Ажал аңғарында ауа температурасы 57 С дейін көтеріледі. Шөлдегі топырақ беті кейде 90С-қа дейін қызады.
6
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Тапсырма №1
Кестені толтыр.
Шөл өсімдіктерінің жапырағы мен тамырлары Орман өсімдіктерінің жапырағы мен тамырлары Себептері
Тапсырма №2
Сөйлемдерді керекті сөзбен толықтыр.
1.Өзен жайылымдарын ................... алып жатады.
2.Қарағайлы орман .................. , .............................. облыстарында кездеседі.
3.Шипажайлар ........................ жерлерге салынады.
4.Орманда әртүрлі ................... , бұта, астыңғы жағында қалың шөптесін өсімдіктер өседі.
Керекті сөздер: ағаш; тоғай; Қостанай, Ақмола; орманды.
Тапсырма № 3
Бұл ненің ізі? Сәйкестендір.
7
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлар
Сарамандық жұмыс. Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу
Тапсырма № 1
Таулы жер белгілеріне қатысты сөйлем тұсындағы реттік санды қой.
Таулы жер
1.Бұл аймақтарда түрлі табиғи белдеулерді анық байқауға болады.
2.Кей өсімдіктерінде жапырақ мүлде болмайды.
3.Қар жатқан жерлерге жақын маңда поляр қайыңы мен ергежейлі талдар өседі.
4.Құздардан таутеке мен арқарды көруге болады.
5.Бұл жерлерде ондатр, құндыз, кәмшат мекендейді.
6.Шүйгін шөп арасында бұғы мен марал жүреді.
7.Бұталардың арасынан кейде күймесгүлді кездестіруге болады.
Тапсырма № 2
Басқатырғыштан таулы жерде мекендейтін 4 жануарды тап.
Б Т А А С
Ү Р У р Қ
І К Т Е А
Т Б І К Р
І Л С Е О
8
Тапсырма № 3
Сарамандық жұмыс «Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу»
Қазақстанның физикалық картасынан орман-тоғай мен тауларды көрсет.
Қазақстанның кескін картасына орман-тоғай мен тауларды белгілеп, боя.
Павлодар облысының әкімшілік картасынан тоғайды көрсет.
9
Суқойма өсімдіктері мен жануарлары
Тапсырма № 1
«Суқойма өсімдіктері» кестесін толтыр.
Өсімдіктер Сыртқы келбеті Жапырағының пішіні Тамырының ерекшелігі
Қамыс Тұңғиық
Тапсырма № 2
Дұрыс жауабын тап.
1.Суда тіршілік ететін жәндіктерді көрсет.
А) шыбын, маса құмырсқа;
Ә) шегіртке, суыршын қандал, сүңгуір қоңыз;
Б) дұрыс жауап жоқ.
2.Қандай жәндіктер суды тазартады?
А) шегіртке;
Ә) табанбалық;
Б) ұсақ ұлу, тоспа ұлу, айқұлақ ұлу.
3.Суда жүзетін құстарды көрсет.
А) үйрек, қаз, аққу;
Ә) құр, тоқылдақ, жапалақ;
Б) бозторғай, аққу.
10
Тапсырма № 3
Бұл қандай өсімдік екенін тап. Берілген белгіге қатысты суретке реттік санын қой.
1.Олардың көпшілігінде тамыры мүлде болмайды - ................................... .
2.Оның сабағының басында собығы болады - ............................................ .
3.Олардың тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі – суда жүретін құстар үшін таптырмайтын
азық - ................................. .
Сен білесің бе?
-Ұлулардың тістері тамақты майдалау үшін тілінде орналасқан. Ұлуларда шамамен 25 000 тіс болады.
-Көртышқан бір түнде ұзындығы 76 метрлік үңгір қаза алады.
11
Топсаяхат.
«Өзі тұратын туған жердің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу»
Тапсырма № 1
Топсаяхатқа дейін.
Топсаяхаттың мақсаты: Өткізілетін орын:
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
Нені бақылау қажет: Өзін ұстау ережесі:
_______________________ _______________________
_______________________ ______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
12
Тапсырма № 2
Топсаяхат барысында мәліметтер жинап, кестені толтыр.
Аты
Сұрақтар Жануар
____________
Аты
Сұрақтар Өсімдік
_____________
Қайда тіршілік етеді? Тіршілік ортасы. Басқа тіршілік ортасында тіршілік ете ала ма? Басқа тіршілік ортасында тіршілік ете ала ма? Денесі немен жабылған? Өсімдіктің ерекшелігі неде? Немен қоректенеді? Қандай бөліктерден тұрады? Қалай көбейеді? Қалай көбейеді? Жақсы үй жануары бола ала ма? Жақсы үй өсімдігі бола ала ма? Суреті Суреті
Тапсырма № 3
Топсаяхат қорытындысы.
Кестені толтыр.
Топсаяхаттың ең қызықты кезеңі ________________________
_________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Не білдің? ________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
13
Егіншілік пен мал шаруашылығы.
Тапсырма №1
Қазақстанда егіншілік пен мал шаруашылығының қандай түрлері дамыған?
Жануарлар Өсімдіктер
Тапсырма № 2
Жұмбақтарды оқып, сөзжұмбақты шеш.
4 1
3 2
1.Бетегелі белге бітем, 4.Күнгейлі қара тасқа бітем,
Найза ұстаған ерге бітем. Шаруа қуған басқа бітем.
2.Апан-апан ескі шапан, 5.Екі айнасы бар,
Иір қобыз, жарық жұлдыз. Екі найзасы бар.
3. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
Тапсырма № 3
Адамға тигізетін пайдасын жаз.
Түйе Сиыр
14
Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі
Тапсырма № 1
Адам өзінің әрекеттерімен дала топырақтарын құнарландыру үшін қандай пайда,
қандай зиян келтіреді?
Зиян Пайда
Тапсырма № 2
Кестені толтыр.
Ормандардың маңызы
Адам Жануарлар
15
Қазақстан табиғатын қорғау.
Тапсырма № 1
Адамдар жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғайды?
Жануарлар Өсімдіктер
Тапсырма №2
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді жаз.
Қызыл кітап
Жануарлар Өсімдіктер
Тапсырма № 3
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің атынан адамдарға хат жаз.
________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
16
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» бөлімін қайталауға арналған
тапсырмалар мен сұрақтар
Тапсырма № 1
Дұрыс жауапты белгіле.
Тест сұрақтары
Дала деген не?
А) шөп жабылған ормансыз алқап;
Ә) ылғалсүйгіш өсімдіктер өсетін ашық жер;
Б) топырағы құрғақ, өсімдіктер өте аз және сирек өсетін ашық жер;
2. Шалғын деген не?
А)ормандағы алқап;
Ә) шөптесін өсімдік өсетін жер;
Б) құрғаққа төзімді өсімдіктер өсетін жер бөлігі;
3. Шөлде өсімдік тұқымы қалай таралады?
А) адамның көмегімен;
Ә) тамырдың көмегімен;
Б) желдің көмегімен;
4.Тоғай деген не?
А) өзен жағалауындағы орман;
Ә) мал жаятын жер;
Б) өз жауабың.
5. Орман құстарын көрсет.
А) бұлбұл, тоқылдақ, үкі, жапалақ;
Ә) тырна, бозторғай, аққу;
Б) дуадақ, қаз, үйрек;
6. Адам табиғатты қорғау үшін не істейді?
А) қар тоқтатады;
Ә) ағаш өсіреді, оны қорғайды;
Б) жер жыртады;
17
Қолданылған әдебиет:
Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Астана -2012
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Дүниетану» оқу бағдарламасы , Астана -2013
Қ.А. Аймағамбетова, Т.С. Идилова, Б.Л. Хаджиева , Дүниетану оқулығы 4-сынып Алматыкітап -2011
«Жануарлар әлемінің үлкен атласы», Алматыкітап -2001
С.Паркер, Б.Уильямс «Сұрақ және жауап» Энциклопедиясы, Алматыкітап -2007
«Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы», Аруна
Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т., «Сен білесің бе? » Энциклопедиясы, Аруна
http://bilimdiler.kz/bastaush/5268-dala-osimdikteri-men-zhanuarlary.html
http://us.kz/load/geografijadan_slajdtar/tauly_zher_simdikteri_men_zhanuarlary_prezentacija/5-1-0-161
18
Мазмұны
Алғы сөз ............................................................................................................................. 1
Әдістемелік дидактикалық құралдың мазмұны мен құрылымы .................................. 2
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары ............................................................................. 3
Дала өсімдіктері мен жануарлары ................................................................................... 5
Шөл өсімдіктері мен жануарлары ................................................................................... 6
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары .................................................................... 7
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Сарамандық жұмыс. Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу........................... 8
Суқойма өсімдіктері мен жануарлары ............................................................................ 10
Топсаяхат
«Өзі тұратын туған жердің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу» ........ 12
Егіншілік пен мал шаруашылығы .................................................................................... 14
Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі .............................................................................. 15
Қазақстан табиғатын қорғау ............................................................................................ 16
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» бөлімін қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар ............................................................................................ 17
Қолданылған әдебиет ..................................................................................................... 18