Пайдалы ?азбаларды? т?рлері. Шал?ын ?сімдіктері мен жануарлары 3-4 сынып


Күні: 17 .01.2017 Сыныбы: 3 «А»- 4 «А» Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты: 1. Пайдалы қазбалар туралы білімдерін жетілдіре отырып,олардың түрлері,қасиеттері,өмірде пайдалануы және өз жеріміздегі пайдалы қазбалар туралы білімдерін кеңейту.
2. Ой-өрістерін дамыту,өз ойын ашық білдіруге,пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.
3.Өз елінің байлығын мақтан тұтуға тәрбиелеу. 1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағлұматтар беру.
2.Өз ойларын еркін айта білуге қабілетін, білімін, ой-өрісін дамыту.
3.Табиғатқа қызығушылықтарын арттыру, жануарларды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: кластер, генеологиялық ағаш, Джигсо әдісі, сұрақ-жауап, «бес бармақ» әдісі «Коллаж», «Рас па?» стратегиясы, сұрақ-жауап, сематикалық карта, тест
Көрнекілігі: А3 қағазы, маркер, кесте, АКТ, суреттер, бағалау парақшалары Үлестірмелі парақшалар, суреттер, сематикалық карта, жұмбақтар, тест
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық «Дайын бол.» Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, мысық- мияулайды, ит- үреді, т. с. с
Үй тапсырмасын сұрау «Тау жыныстары» мазмұндау.
А) «Пайдалы қазбалар» кластер құру.
-Адамдар құрлыста қандай материалдарды пайдаланады?
-Оларды қайдан алады?
-Отынның қандай түрлерін білесің?
-Металды қалай алады? Оларды қайда пайдаланады?
-Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді? «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» мазмұндау
«Таза тақта» стратегиясы
- Бейімделу деген не?
- Қандай табиғат жағдайлары өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне үлкен әсер етеді?
- Өлке ұғымына түсінік бер?
- Сенің тұратын жерің қандай аймаққа жатқызылады?
- Сен онда қандай өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететінін байқай аласың?
- Азықты қалай тауып жейтінін айтып бер.
Қызығушылығын ояту «Ойлы болсаң озып көр!»(жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу)
1.Түсі қара, сұйық зат
Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды
Жақсаң жанады
Пайдаға жарайды. (Мұнай)
2.Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не? (Көмір)
3. Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын. (Газ) Жұмбақты шеш:
1.Дала кілемі не?
(Шөп, өсімдіктер)
2.Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді. (Ара)
3.Шидім, шидім,шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс. (Шыбын)
4.Құстай ұшады,
Құландай жортады,
Қойдан да қорқады.
(Қоян)
Жаңа сабақ Мәтінмен жұмыс. «Джигсо» әдісі бойынша мәтінді үш бөлікке бөліп оқиды, бір-біріне түсіндіреді.
Мәтіннен жанғыш пайдалы қазбалары жайлы оқып,түсіндіру
Мәтіннен кенді пайдалы қазбалары жайлы мағлүмат беру
Мәтіннен кенсіз пайдалы қазбаларға не жататынын тауып,айту «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары»
Мәтінді мәнерлеп оқу;
Оқушыларға түсіндіру;
Жұптық жұмыс. « Коллаж» әдісі ресурстар беру арқылы коллаж жасату.Соңында ортаға шығып қорғайды.
«Генеологиялық ағаш» әдісі.
Пайдалы қазбалар не үшін қажет? Себептері мен салдарын жаз. Ойланып,дәлелде «Рас па?» стратегиясы
Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?
Сарғалдақтың бес сары күлтесі бар екені рас па?
Сарғалдақтың дымқыл жерді ұнататыны рас па?
Гүлкекіренің көгалдағы барлық гүлдерден биік болып өсетіні рас па?
Адамдарпдың көгорай шалғынға мал жаятыны рас па?
Көк шалғынның шағын джунглиге ұқсас екені рас па?
Түкті ара, балара, жабайы ара және қумырсқалар гүлдердің тәтті нәрін жинайтыны рас па?
Дала тышқандары, көртышқандары , қояндар мен құстар паналайтыны рас па?
Шалғында бөденелердің көп кездесетіні рас па?
Шалғын үстінде бүркіттің шарықтап ұшып жүретіні рас па?
Тәжірибе:
№1Таскөмір кесегін қолыңа алып,сындырып көр.Сындыра алмайсың. Таскөмір қатты. Енді көмір кесегін балғамен ұр. Ол кішкене кесектерге бөлінеді. Тұжырым: Таскөмір морт сынғыш.
№2Таскөмірді суға саламыз. Не байқадың? Суға бірден батып кетеді.Тұжырым: (ерімейді,судан ауыр,) Семантиткалық карта толтыру (жеке жұмыс)
Қорытынды Кестемен жұмыс:
Сурет көрсетіледі. Сол бойынша әр бала нәтиже шығарып кестені толтырады.
Атауы: Таскөмір
Қасиеттері: жанғыш,судан ауыр,қара түсті,морт сынғыш.
Маңызы мен қолдану аясы: Үйде пеш жағуға,завод пен фабрикаларда,ауыл мектептері,монша т.б.
Атауы: Мұнай
Қасиеттері:
Маңызы мен қолдану аясы:
Атауы: Темір
Қасиеттері:
Маңызы мен қолдану аясы: Тест
1.Аумағы жағынан үлкендерін не деп атайды?
А. Көгал
Ә. Шалғын +
Б. Гүл
2.Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктерді тап:
А. Раушан, қызғалдақ
Ә. Балшатыр, қоғажай
Б. Уқорғасын +
3.Шалғында қандай құс көп кездеседі?
А. Бөдене +
Ә. Қарға
Б. Қарлығаш
4.Шалғындв өз тіршілігіне қажетті жағдайлардың бәрін табатын жануарларды ата?
А. Қасқыр , аю
Ә Саршұнақ, көртышқан +
Б. Жолбарыс, түлкі
5.Шалғында қандай бунақденелілер көп кездеседі?
А. Қоңыз, көкшегіртке, түкті ара + Ә. Қосаяқ, сартышқан
Б. Қарақұйрық , сұркелес
6.Шалғындағы ірі жыртқыш?
А. Сұңқар
Ә. Бүркіт +
Б. Қарға
7.Шалғын өсімдіктерін тап?
А. Ботагөз, қазжуа
Ә. Күреңот, жұпаргүл +
Б. Жүзім, өрік
8.Бөдене қанша жұмыртқа басып шығарады?
А. 12-15 Ә. 40-50 Б. 10-20 +
Кері байланыс Рефлексия «Бес бармақ» әдісі
1. Бүгінгі тақырып не туралы болды?
2.Бүгінгі тақырып несімен ұнады?
3.Сабақта қандай сезімде болдың?
4.Тақырыпқа не қосар едің?
5.Тақырыптан қандай үлгі алдың?
Бағалау Бағалау парақшалары арқылы өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасы: « Пайдалы қазбалардың түрлер», мазмұндау, эссе жазу. «Шалғын өсімдіктер мен жануарлар» мазмұндау.