Д?ниетану 4 сынып Шал?ын ?сімдіктері мен жануарлары


Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.
Сабақтың мақсаты: Шалғын және ондағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу, шығармашылық қаблеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: жұптық, топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал: «Аукцион» алған заттары арқылы бір-біріне тілек айту.
Өткені қайталау: «Лото» ойыны арқылы тексеру.
1.Ауа температурасын өлшейтін құрал. Жауабы: Термометор
2. Көкжиек дегеніміз не? Көз жететін кеңістік.
3.Көкжиек сызығы дегеніміз не? Кеңістіктің астасқан жерін айтамыз.
4.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. Компас (құбылнама)
5.Қазақстанның жер көлемі? 2,7 км2
6. Әлемнің 7 кереметіндегі «Аспалы бақ» неше қабаттан тұрады? 4 қабаттан
7. Көкжиек тұстары: Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік
8. Өсімдіктер 3-ке бөлінеді: Ағашты, Бұталы, Шөптес
9. План дегеніміз не? Заттың үстінен қарағандағы көрінісінің сызбасы.
10. Карта дегеніміз не? Жер бетінің кішірейтіліп берілген кескіні.
11.Террикон дегеніміз не? Шахталардан шығарылған жарамсыз үйінділер.
12. Пайдала қазбалар нешеге бөлінеді? 3-ке, кенді, кенге жатпайтын, жанғыш.
Жаңа сабақты ертегімен ашу:
Ертегі:
Ерте, ерте, ертеде ме, бәлкім осы күндері ме. Кең даланың төрінде, дүниетану жерінде, шалғын деген бір қария өмір сүріпті. Қарияның – қоңыраугүл, гүлкекірек, қалампыр, сарғалдақ, әсем деген қыздары мен қоянбек, тықшанбек, бөденеғали, шегірткеғали және көртышқанбек деген ұлдары болыпты. Олар кең далада емін еркін тату-тәтті өмір сүріпті. Қарияның қыздар көктем шыққанда құлпырып, ұлдар қорек жинау шаруашылығына кіріседі екен.
Сұрақ қою: Бұл ертегі не туралы деп ойлайсыңдар? Оны қайдан білдіңдер?
(Шалғынның суретін ілемін)
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Ауа райының кестесін толтыру: Дәптерге, тақтаға жазады.
Оқулықпен жұмыс. 50 беттегі «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» мәтіні.
Мәтінді барлығы іштей оқып шығады. Мәтіннен шалғын өсімдіктері мен жануарларын, жәндіктерін топтастырады.
Жұппен жұмыс: Оқығандарын бір-біріне түсіндіру.
Топқа бөлу: Фишкалар арқылы топқа бөліну.
1 топ: «Винж»
2-топ: «Тасбақа»
3-топ: «Нруто»
№1. Тапсырма беру: Постермен жұмыс.
1 топ: «Винж» тобының тапсырмасы: Шалғын өсімдіктері.
2 топ: «Тасбақа» тобының тапсырмасы: Шалғын жануарлары мен жәндіктері.
3-топ: «Нруто» тобының тапсырмасы: Адамдар шалғынды не үшін пайдаланады?

Постерді қорғау:
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ».
№2. Тапсырма беру: «Бетпе- бет» әдісі.
Әр топ бір-бір сұрақ дайындайды және өз топтарының шінен бір тілшіні тағайындайды. Тілші «Тіліші» ретінде басқа топқа сұрағын қояды.
Мыс: Бірінші тілші өзін таныстырады. Екінші қай телеарнадан екенін айтады да сұрағын қояды.
1топтың сұрағы: Бөденелер шалғында неге көп болады деп ойлайсыздар?
Себебі, ол жерде азық көп.
Ол өз жауларынан тығылады.
Бөдене өсімдік тұқымымен және жәндіктермен қоректенеді.
2 топтың сұрағы: Шырмауық не себепті шырмалып өседі деп ойлайсыздар?
Аты айтып тұрғандай шырмалып өсетіндіктен.
Себебі, ұзын болып өсетіндіктен шығар.
Жоғары өрмелеп өсуінен болар.
3 топтың сұрағы: Шалғанның өсімдіктері неліктен жасыл болып тұра береді деп ойлайсыздар?
Себебі, ол жерде ылғал көп болады.
Топырағы құнарлы болғандықтан .
№3. Тапсырма. Проблемалық сұрақ:
Қазіргі кезде шалғын жерлер азайып кетті және шалғынның көптеген өсімдіктері мен жануарлары жойылып барады . Сіздер оны қалай қалыпқа келтірер едіңдер?
Бірінші: Малға шөп шабуды және мал жаюды уақытша тоқтату.
Екінші: Экологтарға жерінің құнарлылығын неге азайып кеткенін тексерту.
Үшіншіден: Насекомдар өсімдіктердің көбеюін көп үлес қосады, ол жерде жәндік тер (аралар, қоңыздарды) көбейту керек деп ойлаймыз.
Емдік шөптер:
1.Бақбақ өсімдігі көптеген ауруларды емдеуге пайдаланады. Ол дененің ыстығын басып, ісікті қайтарады. Өтті айдауға көмектеседі.
2. Қалампыр - тіс ауруына, безгекке қарсы қолданады, гүлінен эфир майы алынады. 
3. Сарғалдақ – улы және емдік болып бөлінеді.
4. Бөдене медицина саласында - демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, бронхит, қан аздық, сәуле ауруларын емдеуде қолданылады.
Қаржылық сауаттылық : Емдік өсімдіктерді өз мезгілінде жинап алып пайдалануға бола ма?
Рефлексия: «Алты қалпақ»
Ақ қалпақ: Бүгінгі тақырып не туралы болды? Бүгінгі тақырып шалғындағы өсмдіктер мен жануарлар туралы болды.
Қара қалпақ: Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?
Сары қалпақ: Бүгінгі тақырып несімен ұнады?
Қызыл қалпақ: Сабақта қандай сезімде болдың? Мен өзімді сол шалғында жүрген сияқты сезімде болдым.
Жасыл қалпақ: Тақырыпқа не қосар едің? Мен бүгінгі тақырыпқа адам өміріне қауіпті өсімдіктердің болатыны туралы қосар едім.
Көк қалпақ: Тақырыптан қандай үлгі алдың? Мен бүгін шалғанның, өсімдіктердің, жануарлардың жойылып кетпеуіне жол бермеу керектігін түсіндім.
Үй тапсырмасы:
Жұппен беру.
1 жұп: Адам ағзасына бөдененің пайдасы.
2 жұп: Оның етін, жұмыртқасын қандай ауруларға пайдаланады.
3 жұп:Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер.
4 жұп:Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар.
5 жұп:Дәрілік өсімдіктер.
6 жұп:Адам өміріне қауіпті улы өсімдіктер туралы жазу.
Бағалау: Оқушылар өзін-өзі және өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Мұғалімнің қортынды бағасы.
Кері байланыс: «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып
«Білім ағашына» ілу.