Шал?ын ?сімдіктері мен жануарлары


Мұғалжар ауданы
Ембі қаласы , №3 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Г.И .Асқарова
Сабақтың тақырыбы : Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты :
Білімділік :Шалғын, көгал жерлерімен таныстыра отырып, шалғынның ерекшелігін, өсімдігін, улы өсімдігін , шалғында тіршілік ететін жануарлармен таныстыру
Дамытушылық: Шалғын, басқа жерлермен салыстырғанда өзіне тән қасиетке ие екенін, шалғынның адам өміріне пайдалылығы туралы, ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік: Шалғынның өсімдігі, жануары, жәндіктерін қорғамаса жойылып кететінін айта отырып табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілік: Шалғынның бейне таспа түрі,шалғынның суреті,шалғындағы жан- жануарлар , өсімдіктер , жәндіктер суреті, кеспе қағаздар, интербелсенді тақта, бағалау парағы
Сабақтың түрі : аралас
Сабақ типі : жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ формасы : топтық
Сабақ әдісі : сыни ойлау, сұрақ- жауап, проблемалық, джиксо,пирамида стратегиясы, өзін- өзі бағалау әдісі
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі.
-Сабаққа әзірлік, оқушыларды тексеру. Балалар ортаға шығып шеңбер жасап, «Чунга- чанга» әніне қосылып билеп, сергіту сәтін жасайды.Енді орнымызға отырмас бұрын мына жерден өздеріңе ұнаған суреттерді таңдап алыңдар.
-Таңдап болсақ әр бала өзінің таңдаған суреттеріңе орай топқа бөлініп отырады. «Күреңот», «Сарғалдақ» , «Уқорғасын», «Жұпаргүл», «Саршұнақ», «Көртышқан», «Қоян», «Түлкі». Ал енді кім шөпті таңдаса « Өсімдіктер», ал енді кім жануарлардың суретін таңдаса, «Жануарлар », деген топқа бөлініп отырады. Осылайша екі топ құрылды.
2.Үй тапсырмасы.
- Өзіміздің өңірде өсетін өсімдіктер мен жан- жануарлар туралы мәлімет жинауға берілді. Қане әр топ өзінің жұмыстарын көрсетіп , әңгімелеуге шығады.
-Сонымен үй тапсырмасы не жайында болды ? Біздің өңірде қандай шөптер, гүлдер өседі?
- Қандай жан-жануарлар тіршілік етеді ?
- Кез- келген жерде өсімдіктер өсе бере ме?
- Барлық жердің өсімдіктері мен жануарлары бірдей ме ?- Осы тұста мен «Әр елдің жері басқа, иттері қара қасқа», деген мақалды айтсам дұрыс па ?
- Ойымызды жинақтап, ой түйсек.Үй тапсырмасынан қандай тұжырым шығаруға болады ?- Ия, дұрыс балалар әр жердің ауасы, жері, табиғаты бірдей емес.

3.Жаңа сабақ
-Жақсы енді мына бейне таспаға қарайық ,қандай жер, өсімдігі қандай, назар аударып қараңдар.
-Бейне таспадан не көрдік , қане өз ойымызды ортаға салайық.
-Табиғаты қандай ?
-Қандай өсімдік, шөптерді көрдіңдер ?
-Бұл жерді табиғатына, ауа райына , жеріне қарай қандай жер деуге болады ?
-Дұрыс балалар бұл жер , Шөптекті өсімдіктері жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді әдетте- көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін- шалғын дейді.
- Жақсы балалар кітабымыздың 75- бетін ашып шалғын өсімдіктері мен жануарлары деген мәтіннің бірінші бөлігін «Өсімдіктер», екінші бөлігін «Жануарлар » тобы оқиды.Мәтінді ДЖИКСО - ұжымдық стратегиясы бойынша мәтінмен танысады.
Мәтінді оқып түсінеге уақыт беріледі.Мәтінді түсініп оқыған топ түсінгенін көршісіне, топта әңгімелеп береді. Өз топтарына қайта оралып топқа әңгіме мазмұнын рет- ретімен әңгімелеп береді. Оқыған мәтінді енді мұғалімге айта отырып ,бірін- бірі толықтырып отырады.
- Оқыған мәтіндерін талдау мақсатында «Пирамидалық оқиға » стратегиясын қолданамын.
«Пирамидалық стратегия»
1..................
2......................................
3........................................................
4.........................................................................
5........................................................................................
6...........................................................................................................
1.Жаз бойы жайқалып өсетін ылғалды жер ? . 1сөз.
2.Шалғында өсетін улы өсімдік ? .2 сөз.
3.Шалғында қандай жануарлар жүреді ?. 3 сөз.
4. Шалғында қандай өсімдіктер өседі ? . 4 сөз .
5.Шалғында қандай жәндіктер болады ?. 5 сөз.
6. Шалғыннан қандай құстарды көреміз, олар нелермен қоректенеді ?6сөз.
-Әр топ осы пирамида стратегиясы бойынша сұраққа жауап жазады.Әр топтан өз жауабын оқушылар оқиды.
-Енді әр оқушы өзінің тандаған суреттеріңге , жануарларыңа қараңдар өздерің таңдаған суреттегі тірі заттарды қайдан көреміз ?
Бекіту
Ой түйе келгенде бүгін біз қандай жердің табиғаты мен таныстық ?
«Мен табиғатты қорғау министрі болсам...» эссе жазайық.
Бәріміз шеңбер болып тұрайық.
-Қиялымыз неге жетелейді ? - сұрағына жауап берейік.
- Мұғалім: Қиялым мені болашақта менің шәкірттерімнің барлығының озат болуына жетелейді.
-Оқушы : Қиялым мені болашақта тыныштық өмірге жетелейді.... т.с.с
-Үйге «Шалғын өсімдігі мен жануарлары », мәтінді оқу.
-Бағалау парағы. Алдын ала бағалау парағын таратамын. Топта белсенді оқушы бағалайды.
Р\с Аты -жөні Үй тапсырмасы Джиксо Пирамида эссе баға