Та?ырыбы: Ойлы болса?, озып к?р! (3-сынып)
Математика (2-сынып)
Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.
Мақсаты: 1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырма-
лармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен
азайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5санын
қосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау;
Топта 1,2,3,4,5 сандарын кестелік қосу мен азайту дағдыларын
бекіту.
2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстары
арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3)Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда,
бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істеу білуге, бір-біріне
көмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі және жабдығы: суреттер, тапсырмалар, гүлдер, сызбалар, оқулық, гном (мыртық бала), қағаздар, қарындаштар
Сабақ түрі: (жаңа сабақ)аралас
Сабақта қолданылатын әдістер:түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыру
Сабақ барысы.І. ұйымдастыру кезеңі. «психологиялық дайындық»
***Қағаз бен кнопканы салыстыр. Олар неге қажет? (бала пікірін тыңдау)
1.Қағазды бүктеу арқылы біргелікте «гном (мыртық бала)» жасау.
Қандай фигурадан жасадық? (шаршы) Шаршының неше бұрышы бар? (төрт бұрышы бар) Қандай фигура шықты?(бесбұрыш)
2.Сан қатары берілген:
5 10 15 20 25 30…………
Неге назар аударылған?
*Айырмасының мәні 10-ға тең болатын.
15-5 20-10 25-15 30-20
Қандай заңдылыққа сүйеніп айтылды? Сандарды жалғастырыңдар.
(35,40,45) Енді сандар жұбын атаңдар (35-25 40-30 45-35)
Сергіту сәті. «Он саусақ»
*Ауызша есептеулер.
1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында,
Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді.
Қонбады оның нешеуі? Әлде шаршап қалды ма,
Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)
Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз?
Қауымдастық құрайық.
5 баға бесбұрыш 5тең 5 алып 5тұлпар 5арыс
5қару 5бақыт
5жігіт 5жетім 5тас 5саусақ 5дұшпан 5асыл бес саусақ
Балалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,30,тб Ендеше сөз кезегі өздеріңе.
5 алып
1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан,
әнші-сазгер.
2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқын
дүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан
4.Қазақбай қажы палуан
5.Қасымхан палуан
5 тұлпар
(ер қанаты болған бес тұлпар)
1.Қара ат 2.Керкекіл 3.Тайбурыл 4.Көкдөнен 5.Ардакүрең
5 тең
1.Әкеден алған ақылың
Даңғыл қара жолмен тең.
2.Ағайының көп болса,
Сапта тұрған қолмен тең.
3.Жақсы болса ағаңыз,
Асқар асу белмен тең.
4.Елгезек болса ініңіз,
Ерттеулі атпен тең.
5.Көпті көрген қартыңыз,
Жазылған шежіре хатпен тең.
5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.
5 бақыт
1.Астыңдағы атың жүрдек болса,
Жалғанның пырағы.
2.Алған жарың жақсы болса,
Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.
3.Әкең асқар тау.
4.Шешең қайнар бұлақ.
5.Балаң жақсы болса,
Екі көзіңнің шырағы.
5 жігіт
1.данышпан жігіт 2.арыстан жігіт 3.түз жігіт 4.қыз жігіт
5.айналып соғар із жігіт
5 жетім
1.Иен қалған жер жетім,
2.Басшысыз қалған ел жетім.
3.Аққу-қазсыз көл жетім.
4.Тыңдалмаған сөз жетім.
5.Іздемесе қыз жетім.
5 дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
5 асыл
Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау
5 саусақ
Басбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбек
Бес тас
Бестас-көбінесе қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. «Бірлік», «екілік», «үштік», «төрт-тік», «алақан», «төртбұрыш», «арттан тастау» -деген сатылары бар.
Ойын сатыларын ойнай алмаған ойыншы сол сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады.
«Бес саусақ» (санамақ)
Бас бармағым, Сұқ саусағым,
Бақташы бол! Сауыншы бол!
Қырағы көз, Өнеріңе
Сақ малшы бол! Табынсын ел!
Ортаң қолым, Аты жоғым,
Орманшы бол! Аспазшы бол!
Күллі орманға Өз қолыңнан
Қорғаншы бол! Дәм татсын ел!
Шынашағым,
Бақшашы бол!
Жемісіңді
Мақтасын ел.
Сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.
І-топ «УАҚЫТ»
ІІ-топ «ӨРНЕК»
ІІІ-топ «ФИГУРА»
ІV-топ «ТАҢБА»
V-топ «САНДАР» әр топтың басшысы болады, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.
5 санын қосу мен азайту.
5 санын қосу кестесін есімізге түсіреміз. ±5, қандай санмен 5-тің қосынды-сы бір таңбалы сан болады? (0+5, 1+5, 2+5, 3+5, 4+5),ал қандай санмен қосындысы ең кіші екі таңбалы сан болады? (5+5)
Ал, ондықтан аттайтын жағдайларда не істейміз?
6+5=(6+4)+1=11 11-5=(11-1)-4=6 әрі қарай өздері түсіндіре отырып шешеді. Дәптерге осы тапсырмаларды жазып отырады.
7+5=(… 12-5=(….
8+5=(…… 13-5=(….
9+5=(… 14-5=(….
5+6=(… 11-6=(…
5+7=(… 12-7=(…
Сергіту сәті. «Табиғат»
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз.
Көбелектей қонамыз.
Кітаппен жұмыс. Сөз есепті оқимыз. Не белгілі, не белгісіз? Талдап болып, қысқа шартын түземіз.
Әңгіме -6күн
Жыр-? 5күн ұзақ
Ш: 6+5=11 (күн)
Ж: Жырды 11күн оқыған.
Қыз бала -24
? бала келген
Ұл бала-? 4-еуі кем
Ш: 24+(24-4) = 44 (бала)
Ж: 44 бала келген.
**Логикалық тапсырма
7+4= 11-4=
17+4= 21-4=
27+4= 31-4=
Қандай заңдылыққа сүйеніп жазылған? (ондықтары әртүрлі, бірліктері бірдей, 7 –ден құралған)
Өздеріне құрастырту. Яғни, өздік жұмыс.
7+5= 12-5=
17+5= 22-5=
27+5= 32-5=
Өздері жұппен тесереді.
Сергіту сәті. Мына менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Ойын: «Гүлдерді әшекейле!!»
Ортасына жазылған сан, қандай екі санның қосындысынан тұрады, санның құрамын тауып, әр топ балалары бір-бір өрнек құрап әр гүл күлтешесіне жазады.
Қорытындылау. ***Бақылау тесті
1.Машина-24
-?
Комбайн-20
А) 4 С)34
В)44 Д )14
2.Қосындының мәні 15-ке тең өрнекті тап.
А)8+4 В)9+5
С)11-2 Д)7+8
3.х=5 мәніне сәйкес келетін теңдеуді тап.
А)12-х=6 С)х-9=5
В)х+7=12 Д)8+х=14
4.Қай екі таңбалы саннан мәні 4 болу үшін 8-ді азайтуға болады?
А)4 С)14
В)10 Д)12
5. 1 тәулікте неше сағат бар?
А)24сағ С)20сағ
В)21сағ Д)22сағ
Жауаптары:
№ 1 2 3 4 5
А
В
С
Д
Әр топ басшылары өз тобының жетістігі туралы әңгімелейді.
Бағалау
Үйге тапсырма: №3тапсырма. (жақшалы өрнек құрау) 78-бет
5) Дүниетану (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Халықтар достығы.
Мақсаты: А)Қазақстан Республикасындағы халықтар достастығы мен
принциптерін білу. Көпұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.
Ә) Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы
мәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ой
бөлісу.
Танымдық тапсырмалары арқылы балалардың ойлау қабілет-
терін дамыту.
Б)Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас пен келісімде
өмір сүре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, оқулық,
интерактивті тақта, тест тапсырмалары, скрепки, ақ қағаз,
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, кластер, іздену,бес жол өлең,
топпен жұмыс, морфология анализ, эмпотия әдісі
Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
А)-Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!
Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!
-Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!
-Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!
-Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!
Б)Қазір қандай мезгіл? (көктем мезгілі) Оның ерекшелігі неде? (күн жылына бастап, құстар ұшып келеді)
Біздер де құстар тезірек ұшып келуіне көмектесейік.
Сергіту сәті. Мейірімді торғай, қараторғай,
Тезірек бізге келе ғой ұшып,
Сендер үшін жатырмыз үйшік салып,
Кішкентай емес ол үп-үлкен сарай.
Осы көктем мезгілінің және бір ерекшелігін атаңдаршы.
(мерекелер көп, наурыз мерекесін қарсы аламыз, көктемгі демалысқа шығамыз)
В) үй жұмысына шолу жасау.
Қазақ халқының дәстүрі мен бір ұлттық тағамы туралы аналарымыздан сұхбат алу.
(бірнеше оқушыны тыңдау)
Бауырсақ
Бауырсақ халықтың тым ерте келе жатқан кәделі ұлттық тағамы. Бидай ұнынан ашытып барып ұзынша немесе домалақ үлгіде дайындап алып, майға пісіреді.
Құймақ
Құймақ-ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, су араластырып сұйық күйінде қазан сияқты ыдысқа майға пісіреді.
Наурыз көже
Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынып пісіріледі.
Тұз, май, ет, бидай, тары, сүт, қамыр сияқты жеті дәмнен құралуы тиіс. Наурыз көжеге арнап, соғымның жамбасы мен жая, қазы-қарта сақталады. Оған құрт езіліп, уыз да құяды.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
1.Отау көтеру дәстүрі
2.Тәрбие дәстүрлері:
Ат қою (ғұрып)
Бесікке салу (салт)
Тұсау кесу (салт)
3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері:
Бата (дәстүр)
Көрімдік (салт)
Шашу(ғұрып)
4.Еңбек дәстүрлері:
Асар (салт)
Көген той(дәстүр)
Сабан той (дәстүр)
5.Наурыз дәстүрлері:
Наурыз көже
Наурыз бата
Наурыз тілек
В) Наурыз тілектері:
1.Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Көк тәңірі нұрыңды аяма,
Жер тәңірі ырысыңды аяма,
Әділ жанды тағынан тайдырма,
Әз халықты бағынан айырма!
Басыма бас қос,
Жасыма жас қос,
Асыма ас қос!
2.Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын!
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасын!
Үйіңнің алды той болсын,
Қораң толы қой болсын.
Қазаныңда қайнаған
Кілкілдеген май болсын.
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал менен басың тең өсіп,
Кетпесін дәулет қолыңнан!
Наурыз баталар.
1.Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың-оңға, қызың-қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан,
Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
2.Уа, құдайым оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мал басын,
Еккен егін солмасын.
Барлық тілектерің мен баталарың қабыл болсын!
Г)Сонымен біз ҚР-сында тұрамыз. Ұлтымыз қазақ. Біздің елімізде осы қазақ ұлтынан басқа тағы қандай ұлт өкілдері тұрадынын білесіңдер ме?
қазақ қырғыз
азербайжан татар орыс
тәжік өзбек
Украин
дүнген
корей
ұйғыр
башқұрт грузин армян
Ғ)Ал біз сол ҚР-ның кішкентай қаласы Рудныйда тұрамыз. Жалпы Рудный қаласының тұрғындарының саны (01.01.2007жыл статистикалық мәлімет бойынша) 122827 адам екен.
Бұлар әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған. Осы ұлт өкілдерінен өзімізге таныс, бірқатар есімі атайық, оларды жадымыздан шықпайтын тамаша жандар деп айтуға болады.
Олай болса, маған көмектесе отырып есімізге түсірейік.
Белгілі өнер адамы Валерий Иванович Запорожкин.
«Мрия» украина әндері халық хоры.
«Калина» орыс әндері хоры.
«Байрам» татар-башқұрт ансамблі.
«Жадыра» қазақ әндері ансамблі.
«Родник» халық әндерінің хоры.
«Айгүл» би ансамблі.
«Арман» би тобы (біздің мектептегі)
«Айналайын» кішкентай балалар би тобы жетекшісі:Тамара Михайловна Запорожкина.
***Бұлардың барлығы өнер адамдары. Скрепкиді неге пайдалануға болады? Өнертапқыш болуға тырысып көрейік!
Скрепкиді……..
Қиялдарың өте тамаша! Ал өнер адамдары әр түрлі ұлт өкілдері. Олай болса, одан әрі тағы да үлкен болып қиялдап көрмейміз бе?
Д)Топпен жұмыс.
****Достық пен келісімде өмір сүру үшін, барлық ұлт өкілдері орындауға тиісті заңдар мен ережелер ойлап айту.
(әр қатардан бірнешеуінің пікірін тыңдау)
Е)**Суретпен жұмыс.
Оқулықтың 116-бетіндегі ұлт өкілдерінің киімдеріне қарап айту.
Қазақ,украин,орыс,өзбек, қырғыз,тәжік.
Ж) **оқулықтың 116-117-бетіндегі мәтінді оқу, әр азат жолдан бастап оқу, мазмұнын ұғындыру.
1-азат жол…..
2.азат жол….
**Мақалдың мәнін мағынасын ашу.
Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
Аңызды оқу, мазмұнын ұғындыру.
****Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
(мағынасын ашу)
Иә,балалар, теледидар көріп жаңалық тыңдамайтындарың жоқ деп ойлаймын. Жаңалықтың өзін екі тілде береді. Қазақ тілі өз ана тілің болса, орыс тілі ұлттардың қатынас тілі. Орыс тіліндегі көз ге арналған жаттығуды жасайық! «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар ғой.
Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу «БҰЛТТАР»
З) Ой-қиял***Достық туралы бес жол өлең құрастыру.
1. Достық
Адал дос ,ардақты
Шаттандырады, қолдайды, көмектеседі
Егер досыңмен бірге қыдырсаң,жол қызықты болады.
Дос
2.Достық
Ұзақ, көп ұлтты
Қанаттандырады, сыйлайды.
Біз бәріміздің достығымызбен күштіміз!
Көмек.
3.Достық
Мейірімді, әдепті,көңілді.
Жарасымды, емдейді, көмегін аямайды.
Достығымыз әрқашан берік!
Жолдас.
И)***Поэзия минуты.
«Достық» туралы өлең оқу.
1.Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
2.Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
3.Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
4.Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
ІІІ.Қорытындылау.
Тест
№ тапсырмалар А В С
1
Біз қандай мемлекетпіз?
Көп ұлтты бай
кең
2
Халықтар-дың негізгі мақсаты не?
киім
ойын
Бақыт, бейбітшілік, тыныштық өмір
3
Аңыздағы қарияның негізгі ойы не?
Ойын
Бірлік, достықта өмір сүру
табиғат
4
Қазақтың ұлттық тағамын ата.
бауырсақ
күріш
қант
5
Қазақ халық дәстүрін тап.
бата
өлең
тамақ
Жауабын тексереміз….
Тест
№ тапсырмалар А В С
1
Біз қандай мемлекетпіз?
Көп ұлтты бай
кең
2
Халықтар-дың негізгі мақсаты не?
киім
ойын
Бақыт, бейбітшілік, тыныштық өмір
3
Аңыздағы қарияның негізгі ойы не?
Ойын
Бірлік, достықта өмір сүру
табиғат
4
Қазақтың ұлттық тағамын ата.
бауырсақ
күріш
қант
5
Қазақ халық дәстүрін тап.
бата
өлең
тамақ
ІV. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.
116-беттегі ұлттардың киімдерінің біреуінің суретін салу.
Немесе қыз балалар өз қуыршақтарына осы киімнің біреуін
дайындау.
***** Қосымша тапсырмалар.
«Мақал-мәтел айтысы»
1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан…..(көзіңе мақтар)
2.Досыңа күлме- келер….(басыңа)
3.Досқа күлкі қылма, дұшпанға…(таба қылма)
4.Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті…..(дау алмайды)
5.Дос сүйінсін, дұшпан…(күйінсін)