«Ойлы болса? ,озып к?р» сайыс саба?ы
Жамбыл облысы
Т.Рысқұлов ауданы
Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Шайханова Жұмажан Ағыбайқызы
Қызықты математика
Тақырыбы: «Ойлы болсаң ,озып көр»Мақсаты:• Оқушылардың математикалық сауаттылық деңгейін анықтау• Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, шапшаңдығын, таным белсенділігін арттыру.• Сұрақтарға математикалық тілмен мәдени түрде жауап беру, қарым - қатынасты дамыту.Көрнекілігі:Сызбалар, слайдтар, ойынға қажетті заттарБарысы:1. Ұйымдастыру кезеңі:• Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартымен таныстыру.Топпен таныстыру.«Білгірлер», «Зеректер»2. Бөлімдер:І. Бой сергіту. «Кім жылдам?»ойыныІІ. «Ұшқыр ой» бөліміІІІ. «Ойшылдар» бөлімі.ІV. «Тез ойлан» бөлімі.V. «Баспалдақ» бөліміVІ. «Бәйге» бөліміБарысы:
1 оқушы:Математика ғылым патшасы,Тең келмейді оған басқасы.Елімнің егеменді өркендеуі,Елбасы есебінің арқасы.
2 оқушы:Қиын есеп оңай - ақ шығар, Миды егер шынықтырсаң.Жеңімпаздар алға озарМатематик болса егер.
3 оқушы:Біреуінің жүрегінің түбі бар,Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.Біреуінің күмбірлеген күйі барЕнді біреуінің қатты істейтін миы бар.
4 оқушы:
Сендерді сайысқа шақырамыз
Есеппенен бастарыңды қатырамыз
Математиканы ұғындырып
Аз да болса білімдеріңді толтырамыз.
Ортаға «Ойлы болсаң ,озып көр» сайысына қатысушы жас математиктерді шақырамыз.Қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.І. Бой сергіту.Ойыншылар тапсырманы оқи отырып, дұрыс жауабын табу керек. (уақыт саналады)«Кім жылдам?» Есепте!
І топ:
1. 14 + 30 – 4 – 40 + 39 – 15 + 10 = 34 10 х 5 : 10 х 6 : 6 х 9 : 45=12. 23 + 51 – 4 + 10 – 40 + 26 – 2 = 64 90 х 3 : 90 х 4 : 12 х 88 = 883. 85 – 5 – 26 + 6 – 30 + 13 + 7 = 50 60 х 6 : 36 х 7 : 10 х 3 =21
ІІ топ:
8 + 6 – 12 + 39 – 37 + 9 + 20 = 33 50 : 10 х 7 : 5 х 2=14
4 + 8 – 2 + 51 – 5 + 14 – 30 = 40 81 : 9 х 10 : 90 х 57= 57
87 – 8 + 11 – 50 + 16 – 7 + 1 = 50 640 : 80 х 6 : 48 х 23=23
ІІ. «Ұшқыр ой» бөлімі. І топ.Ойыншылардың тез және бірінші жауап беруі ескеріледі.1.Қонақ дастарханына 32 алма даярланды. Егер қонаққа 10 ұл бала келсе және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме? (Жетеді 2 алма қалады)
2.Қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысына тең болады? (1,2,3)
ІІ топ.
1.Атайдың жасы әр түрлі цифрлармен жазылған ең кіші үш таңбалы сандарға тең.Атай неше жаста? (102 жаста)2. Алғашқы сабақ: қазақ тілі, математика және ана тілі болды. Математика бірінші емес, ана тілі бірінші де, үшінші де емес. Қай пән нешінші болды?
1.Қазақтілі 2. Ана тілі 3.Математика
ІІІ. «Ойшылдар» бөлімі1. Екі стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердік. Қай ыдыста су көп? /бірдей /2. 1, 2, 3 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сан жазуға болады?3. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?1. Егер 1 килограмм алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша болады? (50теңге)2. Егер шаршының периметрі 80см болса, қабырғалары қанша сантиметр болғаны?
3.Үйдің төртбұрышында төрт мысық отыр.Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?(4 мысық)Сергіту сәті Математикалық санамақ айту.1 - дегенің жаман баға,Алады оны жаман бала. 2 - дегенім нашар баға,Інішегім нашарлама.
3 - дегенім орта бағаСапасы да орта ғана.
4 дегенім жақсы баға
Алады оны жақсы бала5 - дегенім - өте жақсыОл мен алатын баға.
ІV. «Тез ойлан» бөлімі: Әр топқа тест түрінде тапсырма беріледі .
І топ:
1. Амалды орында: 270 + 420а) 690 ә) 470 б) 2902.Амалдарды орында:
28 4- 132а) 602ә) 162б) 6233. 640 –тың 80-ге бөліндісі нешеге тең? а) 12 ә) 8 б) 36 4.1 аптада қанша күн бар?а) 7ә) 14б) 215. Сатылғаны - 250 л Қалғаны – 30 л Болғаны -? а) 100 ә) 280 б) 4006. Кесе – 70 теңгеҚасық одан – 30 теңге арзанҚасық-?а) 40 теңгеә) 90 теңгеб) 100 теңге
ІІ топ:
1. Амалды орында: 287+ 622 а)909 ә) 900б) 690 2. Амалдарды орында:265 - 147а) 118ә) 120б) 170 3. 70 пен 7 сандарының көбейтіндісі нешеге тең ? а) 455 ә) 490 б) 8104. 1сағатта неше минут бар?а) 24ә) 70б) 605. Болғаны - 450 шар Сатылғаны – 200шарҚалғаны -? а) 100
ә) 250б) 400 6.Сәбіз – 90 теңгеПияз одан – 45 теңге арзанБарлығы -?а)140 теңгеә) 130 теңгеб) 135 теңге
V. «Баспалдақ» ойыны20 х 5= 35 :7= 45 : 5 = 56: 8 =36 : 6= 45 : 9= 25 0 : 5= 72: 9 =72 : 8 = 240 : 3= 540 : 60 = 300 х 3 = 90 : 3 = 80 х 5 = 80 х 3 = 50 х 4 =
40 х 20= 50 х 10 = 630 : 9= 20 х 30 =
VІ. «Бәйге» бөлімі /1минут аралығында ауызша қойылған 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру, әр дұрыс жауап 1ұпай /
І топ.1. Ең кіші екі таңбалы санды ата. 10 2. 9 жүзд.3онд. 4бірл. тұратын сан. 934.3. Қыс пен көктемде неше ай бар? 6 ай.4. Шаршының қабырғасы 2см, периметрі қанша? 8 см.5. Сенің жасың 8 - де, бауырың сенен 3 жас кіші. Бауырың нешеде? 5-те.6. 1дециметрде неше сантиметр бар? 10 см.7. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (Ұзындығы мен енін )8. 120 минутта неше сағат? (2 сағ)9. 80 мен 6-ның көбейтіндісі нешеге тең? (480)10. Қарындаш 20 теңге, күнделік одан 5 есе қымбат. Күнделік неше теңге тұрады? (100тг)
ІІ топ.1. Ең үлкен екі таңбалы санды ата. (99)2. 6 жүзд.4онд. 5бірл. тұратын сан . 645.3. Жаз бен күзде неше ай бар?(6 ай)4. Шаршының ауданы 80 сантиметр, оның қабырғалары қанша сантиметр? (20 см)5. Сенің жасың 8 - де, ағаң сенен 3 жас үлкен. Ағаң нешеде?(11-де)6. 5 дециметрде неше сантиметр бар? (50см)7. Шаршының периметрін қалай табамыз? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз)8. 85 минутта неше сағат, неше минут бар? (1сағ 25 мин)9. 810 мен 9 –дың бөліндісі нешеге тең? (90)10. Кітап 100 теңге, ал қарындаш одан 10 есе арзан. Қарындаш неше теңге тұрады? (10тг)Қорытынды бөлім:Сайыстың жеңімпазын марапаттау қазылар алқасына беріледі.- Осымен «Ойлы болсаң , озып көр» білім сайысы аяқталды. Қатысып өз білімдерін көрсеткен барлық оқушыларға рахмет.